Қар 13, 2023 22:37 Asia/Almaty
  • Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей Каспий теңізі арқылы жаңа дәліз ашып жатыр

Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресей Қазақстанды айналып өтіп, Ресейді Каспий теңізі арқылы Орталық Азия елдеріне байланыстыру мақсатында көпжақты тасымал жолын қалыптастырып жатыр.

IRNA ақпарат агенттігінің Ферғана ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алғашқы тасымал және логистика форумына қатысушылар осы дәлізді ашып, дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Бұл жол қысқа да, оңай да емес, бірақ Өзбекстан мен Қырғызстанның тауарларын Ресейге транзиттеудегі Қазақстанның монополиясын бұзып, оны логистикалық желіден шығарады.  

Оңтүстік тасымал дәлізі құрлық және теңіз жолынан тұрады. Ол Қырғызстаннан басталып, Өзбекстаннан өтіп, Каспий теңізіндегі Түркіменбашы айлағынан Ресейдің Астрахань қаласына жетеді.

Тегтер