Қар 30, 2023 14:00 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры: Газада мыңдаған босқынға түрлі ауруларға шалдығу қаупі төніп тұр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры: "Тиісті инфрақұрылымдардың болмауы, дәрі-дәрмек пен ем-домға қолжетімділіктің болмауы салдарынан Газада 1,3 млн-ға жуық босқын адамға жұқпалы ауруларға шалдығу қауіп төніп тұр",-деді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында: "110 мыңнан астам адам тыныс жолдары ауруларының асқынған түріне шалдыққан. 70 мыңнан аса адам түрлі дәрежедегі диареямен ауырады. Мыңдаған адам тері аурулары, шешек және сары ауруға шалдыққан",-деп мәлімдеді.

Сионистік режимнің 1,5 айдан аса уақыт бойы Газа секторына жасап жатқан шабуылдары барысында осы аймақтың ауруханалары мен емханалары нысанаға алынды. Соның салдарынан осы орталықтардың көбі жұмысын тоқтатты.

 

Тегтер