Киссинджер 100-ге қараған шағында қайтыс болды
(last modified Thu, 30 Nov 2023 16:02:55 GMT )
Қар 30, 2023 22:02 Asia/Almaty
  • Киссинджер 100-ге қараған шағында қайтыс болды

АҚШ мемлекеттік хатшысы әрі бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Генри Киссинджер осы елдің Коннектикут штатындағы өз үйінде 100-ге қараған шағында қайтыс болды.

Бұл америкалық дипломат 1970 жылы "қырғи қабақ" соғысы кезінде АҚШ Президенті Ричард Никсонның республикашыл үкіметінде мемлекеттік хатшы және ұлттық қауіпсіздік кеңесші ретінде қызмет атқарған.

Ол АҚШ пен Қытай арасында дипломатиялық қатынастың ашылуында, АҚШ пен Кеңес одағы арасында қару-жарақ бақылауы туралы келіссөздер өткізуде, АҚШ-тың Солтүстік Вьетнаммен Париж келісімін қабылдауда ықпалды болған.

Киссинджердің "АҚШ-тың сыртқы саясатының басты сәулетшісі" ретінде гүлденген кезі 1974 жылы Watergate жанжалынан кейін Никсонның отставкаға кетуімен аяқталды. Ол Никсонның орнына келген Джеральд Фордтың заманында мемлекеттік хатшы ретінде саясатта болып, қалған өмірін саяси пікірлер білдірумен өткізген.

1973 жылы Киссинджерге берілген Нобельдің бейбітшілік сыйлығы ең даулы марапаттардың біріне айналды. Нобель комитетінің екі мүшесі осы таңдауға байланысты отставкаға кетті. Өйткені АҚШ-тың Камбоджаны жасырын бомбалауы туралы сұрақтар көтерілді.