Жел 21, 2023 15:02 Asia/Almaty
  • Раиси Иран мен Армения қарым-қатынасының кеңейіп, өзара келісімдердің орындалып жатқанына ризалық білдірді

Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, келе жатқан Иса пайғамбардың (ғ.) туған күні және Жаңа жылмен құттықтап, екі ел қарым-қатынасының кеңейіп, өзара келісімдер орындалып жатқанына ризалық білдірді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сұхбатында осы елдің Иранмен арада және аймақтық елдер арасында тас және темір жол бағыттарын дамыту жобасына пікір білдіріп: "ИИР барлық елдердің өзара құрметі, егемендігі мен аумақтық тұтастығы сақталған жағдайда аймақта кез келген логистикалық және инфрақұрылымдық жобалардың орындалуын қолдайды. Мұны көршілес елдердің мүдделерін қамтамасыз ету және бейбітшілікті нығайту жолындағы әсерлі қадам санайды",-деді.

Никол Пашинян осы телефон арқылы сұхбатта екі ел экономикалық ынтымақтастығының соңғы жағдайына және аймақтағы кейінгі өзгерістерге шолу жасап, екі ел басшыларының ортақ келісімдерді ілгерілету үшін жасап жатқан шараларына тоқталып, екі елдің жоғары лауазымды басшыларының барыс-келісінің жиілеуін екіжақты байланысты кеңейтуге деген ерік-жігер деп атады.

Тегтер