Жел 28, 2023 20:09 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі Украинаға 250 млн долларға әскери көмек беруді бекітті

Әскери көмектің құрамында әуе-қорғаныс кешендеріне арналған оқ-дәрілер, HIMARS зымырандық жүйелері, зеңбіректердің оқтары, танкке қарсы қарулар, ұсақ қаруларға арналған 15 млн-нан аса оқ-дәрі бар.

Бұл – Ақ үйдің ел Конгресінің рұқсатынсыз Украинаға жібергелі отырған соңғы әскери көмегі.

Ақ үй бұдан бұрын: "Конгресс қосымша бюджетті бекіткенге дейін қарулар мен оқ-дәрілерді сатып алатын ешбір жаңа қаржы көзі жоқ",-деп ескерткен болатын. Бұған дейін АҚШ үкіметінің Украинаға арналған 50 млрд-тан аса долларға төтенше көмек жіберу жобасы Сенат палатасында бекітілмеді. Сондай-ақ, Еуропа одағының Украинаға 50 млрд еуролық әскери көмек жіберу жобасы Венгрияның қарсылығына ұшырап, тоқтап қалды.

Тегтер