Жел 31, 2023 20:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжанның арасында жаңа көпір ашылғаннан кейін тауар экспорттау мен транзиттеу үдерісі жақсарады

Иранның Жол және қала құрылысы министрі мен Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары екі ел шекарасындағы терминалда жаңа көпір ашты.

Иранның солтүстігіндегі Гилан облысының Астара шекаралық ауданына қарасты Бақшасарай ауылындағы шекаралық терминал мен Әзірбайжан республикасының Астара қаласына қарасты Бақшасарай шекаралық терминалы – екі елдің тауар экспорттау мен транзиттеу саласындағы маңызды шекараларының бірі.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпаш Иран мен Әзірбайжанның арасында жаңа көпір ашу рәсімінде: "Осы көпірдің салынуымен екі елдің қарым-қатынасы жеңілдейді",-деді.

Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаев Иранмен шекаралас терминалда өткен көпір ашу рәсімінде: "Өткен жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 46 пайызға, тауар транзиттеу 45 пайызға артты. Бұл екі ел арасындағы транзит үшін инфрақұрылымдардың дами түскенін көрсетеді",-деді.

Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары сондай-ақ екі елдің экономикалық қатынасын дамытуда Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің маңыздылығына тоқталып: "Екі елдің шекаралық терминалында жаңа көпір ашудың өзара байланыс, тасымал мен транзит саласында маңызы зор",-деді. 

Тегтер