Палестина - АҚШ- тың адам құқығы туралы уәждерін сынайтын өлшем
(last modified Sun, 15 May 2016 16:02:44 GMT )
Maм 15, 2016 22:02 Asia/Almaty
  • Палестина - АҚШ- тың адам құқығы туралы уәждерін сынайтын өлшем

Иранның Сот билігінің төрағасы: "Палестина АҚШ пен оның одақтастарының адам құқығы туралы уәждерін сынаудың критерийі болып отыр" деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық форумда: «Палестина үстемшіл елдердің адам құқығы туралы уәждерінің шын немесе өтірік екенін сынайтын үлкен зертханаға айналып отыр» деді.

Батыс елдерінің адам құқығы туралы өздерінің ерекше түсінігін барлық ұлттарға таңуға хақысы жоқ екендігіне сілтеме жасаған аятолла Амоли Лариджани: «Бүгінде Батыс елдері адам құқығы мәселесін өздерімен пікірлес емес барлық елдерге қысым жасау үшін көзір ретінде қолданады» деді.

Иранның Сот билігінің төрағасы сондай-ақ Ливан Хезболласы мен оның бас хатшысының ислам әлеміндегі алатын орнына сілтеме жасап: Америкалықтар уәждерінің негізсіз екенін және түрлі мәлімдемелермен, мәселен Иранды Хезболланы қолдап отырғаны үшін лаңкестікті қолдаушы деп атаумен еш нәтижеге жетпейтінін білсін» деді.