Ақп 02, 2024 19:04 Asia/Almaty
  • Түрік ақпарат құралдары қарулы адамның Стамбұл маңындағы американдық зауыттың жұмысшыларын кепілге алудың аяқталғанын хабарлады

Халықаралық БАҚ Стамбұл маңындағы америкалық «Procter & Gamble» компаниясының зауытында қарулы адам кепілге алған жеті жұмысшының босатылғанын хабарлады.

 

 

Түрік полициясы Түркияның солтүстік-батысында орналасқан бұл зауыттан кепілге алынғандарды босатты. Күдікті дәретханаға барғаннан кейін полиция кепілге алынғандарды босатқаны хабарланды.

Кейбір ақпарат көздері күдіктінің мақсаты Газадағы жағдайға қоғамның назарын аудару болғанын алға тартты.

Түркия билігі бұл оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

 

Тегтер