Қазіргі заманғы отаршылдардың қатынасын саралау
Отаршылдардың саясаты өткеннен бүгінге дейін сырттай айырмашылықтары болса да, үш ұстынға негізделген: 1. Капитал, 2. Қатыгездік жасауға рұқсат беру, 3. Шындықты жасыру арқылы капитал мен қатыгездіктен аңыз жасау.
Отаршылдық жүйеде жүйенің негізін капиталдық артықшылықтар құрайды. Дүниені дос пен дұшпанға бөлу олардың тигізетін пайдасына негізделген. Егер ел, үкімет немесе топ жаңа империяның капитал айналымына қызмет етсе, ол дос. Капиталистік жүйені сақтауға көмектесетін адам құқықтары олар үшін маңызды. Егер олардың саяси шешімдері мен экономикалық картельдерінің артында тұрған қылмыскер режим бірнеше күн ішінде бірнеше мың баланы өлтірсе, империя тұрғысынан адам құқығына қарсы ештеңе жасалған жоқ. Басқа жағынан, капиталистік жүйені сақтау үшін зорлық-зомбылық өзекті бола бастайды. Капиталистік идеологияны жүзеге асырудың құралы – не үстемдік, не гегемония, не қатал зорлық немесе жұмсақ натурализация. Капиталистік жүйе өзінің стильді және үтіктелген түріне қарамастан, ешқандай елеулі қарсылықты қабылдамайды. Фисктің пікірінше, кез келген билік механизмінде плюрализмді қабылдамау төзімді субмәдениетті тудырады. Отаршылдықтың ежелден қазіргі заманға дейінгі эволюциясы кезінде оның қатыгез табиғатын жұмсақ қып көрсетуге әрекет жасалды. Бірақ бұл бағытта аса көп жетістікке жете алмады. Тәуелсіз елдердің күш-қуаты артқан сайын бұл шоу сәтсіздікке ұшырай берді. Жақында сионистер жасаған қырғынға америкалықтардың қандай реакция білдіргеніне назар аударыңыздар. Батыс Азияда АҚШ тудырған соғыстан зардап шекпеген ел кемде-кем. Пайданың көзі көрінгенде "адам құқығын қорғау" деген шоулар жұмыс істемейді. Үстемшілдік сол зауыттық күйге, бұрынғы үстемшілдік қалпына қайты түседі.
Үшінші жайт – шындықты жасыру немесе жою. Отарлаушы ел өз мақсаттарына жету үшін шешімдерді табиғи үдерістен туындағандай көрсетуі керек. Бұл натурализацияның жолы жалпы мағынасында БАҚ арқылы өтеді. БАҚ олар үшін құралдан басқа ештеңе емес. Үстемшілдер үшін медианың қадірі жоқ. Шындық маңызды емес. Шындықты жою және аңыз жасау ғана маңызды. Үстімшілге өзі ойлап тапқан рауаят маңызды. Бұл рауаят шешімдерге табиғи сипат беріп, оның салдарын түсіндіреді. Аңыз жасаудың функциясы – осы. Осы тұрғыдан аңыз – парадокс жағдайлардан аман шығуға көмектесетін құрал. Кейбіреулер отаршылдықты абадтандыру деп түсіндірген. Не деген ащы мысқыл! Бұл әзілмен рауаятты да шындықты отарлау деп атауға болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары кез келген шешімді табиғи қалыпқа келтірген кезде постреалистік жағдай қалыптасады. Постреалистік жағдайда рауаят шындықтың орнын алмастырады. БАҚ адамның орнына сурет салып, қиял тудырады. Постреалистік жағдай деполитизация жүргізіліп, айғақ тауарға айналған қоғамдарда орын алады.