Сәу 11, 2024 15:14 Asia/Almaty
  • Неге дұға оқу керек?

Түйткілге толы әлемде бір Алламен байланысты сақтау үшін дұға оқу керек.

Дұға – ғибадат, құлшылық пен мойынсұнудың бір түрі. Адамдар дұға арқылы Құдайдың болмысына жаңа көзқараспен қарайды. Барлық ғибадаттың тәрбиелік мәні бар. Сондықтан дұғаның әсері зор.

Алла тағала "Бақара" сүресінің 186-аятында былай деген:

 «وَإِذَا سَأَلَکَ عِبَادِی عَنِّی فَإِنِّی قَرِیبٌ أُجِیبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذَا دَعَانِ فَلْیَسْتَجِیبُوا لِی وَلْیُؤْمِنُوا بِی لَعَلَّهُمْ یَرْشُدُونَ؛

 (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (186)

Бұл аятта көңіл аударарлық бірнеше жайт бар:

Құдаймен байланыс орнату жолдарының бірі дұға оқып, тілек тілеу болғандықтан мына аятта Алла тағала Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.): "Құлдарым сенен мен жайлы сұрағанда "Ол жақын" деп айт",-деген (وَ إِذا سَأَلَکَ عِبادِی عَنِّی فَإِنِّی قَرِیبٌ).  

Ол сендер ойлағаннан әлдеқайда жақынырақ, мойныңыздағы күретамырдан жақынырақ. Құранның басқа бір сүресінде былай делінген: " وَ نَحْنُ أَقْرَبُ إِلَیْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَرِیدِ " ("Қ" сүресі. 16-аят) – Мен құлыма оның мойнындағы тамырдан да жақынмын.  

Содан кейін былай қосады: "Мені шақырып дұға оқушылардың дұғасын қабыл етемін" (أُجِیبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ إِذا دَعانِ).

"Сондықтан құлдарым менің шақыруымды қабылдаулары керек" (فَلْیَسْتَجِیبُوا لِی).

"Маған иман келтірулері керек" (وَ لْیُؤْمِنُوا بِی).  "Өз жолдарын тауып, мақсаттарына жетсін" (لَعَلَّهُمْ یَرْشُدُونَ).

Бір қызығы, Алла тағала бұл аятта жеті рет өзінің пәк болмысына, жеті рет құлдарына тоқталған! Осылайша өзінің құлдарымен байланыста болуға деген ынтасы мен махаббатын көрсеткен.

Дұға – адамның өзін-өзі тануы, жүрек пен сананы оятуы және барлық жақсылықтың бастауымен ішкі байланысы.

Дұға – ғибадат, құлшылық пен мойынсұнудың бір түрі. Адамдар дұға арқылы Құдайдың болмысына жаңа көзқараспен қарайды. Барлық ғибадаттың тәрбиелік мәні бар. Сондықтан дұғаның әсері зор.

Ислам пайғамбарының ұрпақтарының бірі әрі шиіт мазхабының он екі имамының бірі хазірет Садық (ғ.): " انّ عند اللّه عزّ و جلّ منزلة لا تنال الّا بمسألة – Құдайға барар жолда дұғасыз жете алмайтын дәрежелер бар",-деген.

Бір ғалым: "Дұға оқыған кезде өзімізді бүкіл ғаламды бір-біріне байланыстырып тұрған шексіз күшке жалғаймыз",-дейді.

Жалпы білу керек жайт мынау:

Дұға кез келген жерде және кез келген уақытта пайдалы. Өйткені Құдай "Мен жақынмын" (فَإِنِّی قَرِیبٌ) дейді.   

Алла тағала бізге жақын. Бірақ біз қайдамыз? Кейде оның қаһарына ұшырасақ, бұл біздің күнә жасап, Құдайдан алшақтап кеткенімізден болады.

Сондай-ақ осы аят бойынша Алланың жауабы тұрақты.  

Алла бәрін біліп тұрса да, дұға оқу – біздің міндетіміз.

Бір Аллаға шынайы иман еткен кезде ғана дұға қабыл болады.

Дұға – өсу,  тура жол, тәрбие мен тыныштыққа жету құралы.  

Тегтер