Ауғанстан президенті Теһранға келді
Ауғанстан президенті саяси, экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап, бүгін дүйсенбі күні Теһранға келді.
Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғани Теһранға жасаған сапарында Иран ислам республикасының жоғары деңгейлі қайраткерлерімен кездесіп, екі жақты, аймақтық және халықаралық байланыстар туралы сұхбаттасады.
Жоспар бойынша, Үндістанның үкімет басшысы Нарендра Моди мен Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғани және екі елдің саяси, экономикалық жоғары деңгейлі делегацияларының Иранға жасаған сапарымен орайлас үш елдің басшылары өздерін қызықтыратын мәселелер, әсіресе өзара қарым- қатынасты күшейту жолдары, аймақ өзгерістері және лаңкестікпен күрес туралы пікір алмасады.
Осы кездесуде үш мемлекеттің басшылары сондай-ақ Чабахар транзиттік портына қатысты үш жақты келісімшартқа қол қояды.