Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайындығы
(last modified Mon, 19 May 2025 12:48:47 GMT )
Maм 19, 2025 18:48 Asia/Almaty
  • Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайындығы

ParsToday - Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Иран Ислам Республикасының Шанхай Ынтымақтастық ұйымымен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға толық дайын екенін қуаттады.

ParsToday агенттігінің Иранның Телерадто бірлестігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан жексенбі күні Теһранда Шанхай Ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевқа: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық аренада біржақтылықпен күресу және мүше мемлекеттердің мүдделерін қолдауда тиімді рөл атқара алады»,-деді.

Ахмадиан Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясындағы кең ауқымды ынтымақтастық әлеуетіне тоқталып: «Иран шанхайлық мүшелермен саяси, қауіпсіздік, экономикалық және мәдени салаларда ешбір шектеусіз ынтымақтасуға дайын»,-деп қосты.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы да Иранның аймақтық отырыстарды қабылдауына ризашылығын білдіріп: «Иран Батыс Азиядағы ықпалды ел ретінде Шанхай ұйымы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда шешуші рөл атқарады»,-деді.

Сондай-ақ Нұрлан Ермекбаев Иранның әртүрлі салалардағы бірегей мүмкіндіктеріне тоқталып, ортақ мақсаттарға жету үшін осы әлеуеттерді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері құрған халықаралық үкіметаралық ұйым. Иран Ислам Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 21-ші саммитінде ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшесі болды.

Ұйым қазіргі уақытта Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Иран Ислам Республикасын қоса алғанда, тоғыз мүшеден тұрады және Ауғанстан, Моңғолия және Беларусь ұйымның бақылаушы мүшелері болып табылады.