АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл елде нәсілшілдіктің өршуі туралы ескертті.
(last modified Wed, 25 May 2016 12:28:07 GMT )
Maм 25, 2016 18:28 Asia/Almaty
  •  АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл елде нәсілшілдіктің өршуі туралы ескертті.

АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл елде нәсілшілдіктің өршуі туралы ескертті.

Джимми Картер «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында: «АҚШ-та нәсілшілдікдің үлкен қоры жасырын болды. Осы кезде оның бір бөлігі қайтадан көтеріліп, Дональд Трамп бұл қордан өз үлесін алуда. Барак Обаманың АҚШ Президенті болып сайлануы алға ілгерілеушіліктің бір түрі болды. Дәл осы мәселе кейбір республикашылдардың нәсілшілдік реакциясына тап болды. Өйткені олар қара нәсілдінің президент болуына қарсылық білдірген болатын. Олар әлі де қарсы»,- деп баса айтты.

АҚШ осыдан 150 жыл бұрын нәсілшілдіктің ең қатыгез түрі, яғни құлдыққа ие болды.

Бірақ өткен онжылдықтардағы қоғамдық-саяси өзгерістер қара нәсілдінің президенттік міндетке ие болуына жеткізді. Дегенмен, Барак Обаманың 2008-ші жылдағы сайлауда билік басына келуі бұл елде ежелден келе жатқан нәсілшілдік пен кемсітушілікті жойа қоймады.

АҚШ-та жеті жыл бойы қара нәсілді президент билік еткен уақыт ішінде бірнеше қара нәсілді адам ақ нәсілді полиция күштерінің қолынан өлімге ұшырап, кейбір соттар сол полицияларды ақтады. Сонымен бірге миллиондаған қара нәсілдінің тұрмысы өте нашар. Осы уақыт ішінде кедейшілік пен кірісі аз адамдардың жағдайы жақсармады. Керісінше қаржы дағдарыстары салдарынан одан әрі нашарлай түсті.

Осындай жағдайда АҚШ-тың ежелден байқалатын нәсілшілдік қайшылықтары жаңа нәсілшіл қозғалыстардың пайда болуымен күшейді. АҚШ-тағы кейбір нәсілшіл ағымдардың пікірінше, аз санды нәсілдерге кіретін қара түстілер мен Латын Америкасының азаматтары мен мұсылмандар алға ілгерілеп, саяси-экономикалық өзгерістерге атсалысты.

Осыған орай ақ нәсілді нәсілшілдер аз санды нәсілділерге қарсы шабуыл жасап, ақ нәсілділердің АҚШ-тағы басқа нәсілділерден артық екендігін көрсетпек.

Осындай ой-пікірлерге сүйеніп, өткен жылы 22 жастағы жас жігіт нәсілшіл ой-пікірлердің әсеріне түсіп, Оңтүстік Калифорния штатының Чарлстон қаласындағы шіркеуде ғибадат жасауға келген бірнеше қара нәсілдіні өртеп өлтірді.

Сонымен бірге республикашыл үміткер Дональд Трамптың латын-америкалық азаматтар мен мұсылмандарға қарсы сөздері бір жақтан АҚШ-тағы нәсілшіл көңіл-күйдің көтерілуін көрсетсе, басқа жақтан нәсілшіл қайшылықтарға себеп болуы мүмкін.

Осы кезде Трамптың сөздері АҚШ-та тұншығып жатқан қайшылықтарды оятып, АҚШ қоғамына қатыгездік пен тынышсыздықтарды қайтарады деген алаңдаушылықтар байқалады.

Қазігі жағдайда аз санды нәсілдер өткен кезеңнің кемсітушіліктері мен теңсіздіктеріне бағынғылары келмейді деген ой туады. Артықшылыққа ие болуды қалайтын ақ нәсілділер де қара нәсілділердің алдында үнсіздік танытқылары келмейді. Екі жақтың қайшылықтары әсіресе алдағы қарашадағы сайлауда Дональд Трамп жеңіске жетсе, АҚШ қоғамын бейберекеттіктерге тіреуі мүмкін.