Әзірбайжан республикасының Армения президентінің мәлімдемесіне берген жауабы
Әзірбайжан республикасы президент әкімшілігі төрағасының сыртқы саясат бөлімі бойынша орынбасары Армения президентінің айыптауларына жауап берді.
Әзірбайжан республикасы президент әкімшілігі төрағасының сыртқы саяст бөлімі бойынша орынбасары Новруз Мамедов бүгін Серж Саргсянның сәуір айында Қарабақтағы қақтығыстарда Әзірбайжан республикасы 800 гектар жерді басып алды деген мәлімдемесіне сілтеме жасап, Армения президентінің сөздерін жалған деді.
Новруз Мамедов сондай- ақ Серж Саргсянның «жаулап алынған 800 гектар жерді қайтарып алу оңай шаруа, бірақ келіссөздерге байланысты бірінші қыркүйекке дейін өз жерлерін босатуға шара қолданбаймыз» деген сөзін көпірме сөз деп атап: «Әзірбайжан республикасы өзінің жаулап алынған барлық жерін Армениядан қайтарып алады. Әзірбайжан республикасы мен Армения президенттерінің кездесу тақырыбы қарастырылып жатыр. Келешекте осы кездесу туралы мәліметтер жарияланады» деді.
Бірінші сәуірде болған қатты шайқастарда Әзірбайжан республикасының күштері армян күштері жаулап алған жерлерден 800 гектар маңызды да стратегиялық жерлерді азат етті.