Зариф ертең Норвегия мен Германияға барады
(last modified Sat, 11 Jun 2016 14:44:13 GMT )
Маусым 11, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Зариф ертең Норвегия мен Германияға барады

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Мохаммад Джавад Зарифтің Норвегия мен Германияға сапармен баратынын хабарлады.

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Садеқ Хосейн Джабер Ансари Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зарифтің жексенбі күні түнде Норвегия басшыларымен кеңесу үшін Ослоға баратынын айтып, Зарифтің Ослоға жасайтын екікүндік сапарда Норвегия Сыртқы Істер Министрі Борге Брендемен екіжақты кеңесу өткізумен бірге осы елдің басқа да қайраткерлерімен де екіжақты байланыстар туралы пікір алмасатынын мәлімдеді.

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің баспасөз хатшысы Осло отырысына қатысып, сол отырысқа қатысушылармен кездесуді Зарифтің Норвегия сапарының келесі бағдарламаларының қатарын құрайтынын айтты. Джабер Ансари сонымен қатар Зарифтің Осло сапарынан кейін бірнеше сағатқа кездесу үшін Берлинге барып, Германия Сыртқы Істер Министрі Франк Вальтер-Штайнмайермен екіжақты серіктестіктерді кеңейту және аймақтық, һәм халықаралық жағдайлар жайлы сұхбаттасатынын хабарлады. Зарифтің Еуропа қайраткерлерімен кеңесу мақсатындағы сапары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асырғаннан кейін жүзеге асырылуда. Иранның дипломатиялық органының басшысы биыл мамыр айының 29 күні де еуропалық төрт елге, соның ішінде Польша мен Финляндияға, Швеция мен Латвияға сапармен барды.