БҰҰ- ға Сауд Арабиясын қайтадан қара тізімге қосу сұралды
(last modified Sun, 12 Jun 2016 17:04:54 GMT )
Маусым 12, 2016 23:04 Asia/Almaty
  • БҰҰ- ға Сауд Арабиясын қайтадан қара тізімге қосу сұралды

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаты БҰҰ бас хатшысының батыл шараға барып, Сауд Арабиясын балалардың құқығын бұзушылардың қара тізіміне қайтадан енгізуді сұрады.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаты Алауеддин Бружерди БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Муннің Саудия коалициясын йемендік балаларды қыру айыбымен балалардың құқығын бұзушылардың қара тізімінен алып тастағанын мойындағанына сілтеме жасап: «Мойындауға қарамастан, Пан Ги Мун сол ісінің орнын толтыру үшін батыл шараға барып, Сауд Арабиясын қайтадан осы қара тізімге енгізсін.

Сауд Арабиясы Йеменде 10 мыңнан астам бейкүнә адамды қанға бөктірді. Осы қылмыстарына байланысты БҰҰ Сауд Арабиясын тек қара тізімге енгізіп қана қоймай, сонымен бірге Сауд Арабиясының басшыларын соғыс қылмыскерлері ретінде сотта жауапқа тартуы тиіс» деді.