Ертең Иран Сыртқы істер министрінің Еуропа сапарының үшінші кезеңі басталады
Иран Сыртқы істер министрінің Еуропа сапарының үшінші кезеңі ертең, 22-ші маусым, сейсенбі күні Париж сапарымен басталады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бұл жолғы Еуропа сапарында Франция мен Голландияға сапар шегіп, сол елдердің басшыларымен кездесіп, екі жақты қарым-қатынастарды алға ілгерілету мен аймақ өзгерістері, сонымен бірге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі Иранның кеңістігі туралы пікір алмасады.
Иран Сыртқы істер министрі Еуропа сапарының екінші кезеңінде өткен аптада Норвегия мен Германияға барған болатын.
Иран Сыртқы істер министрі 29-шы мамырда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Еуропаға жасаған алғашқы сапарында Польша, Финляндия, Швеция мен Литва сынды төрт еуропалық мемлекетке барып, бұл елдің басшыларымен әртүрлі мәселелер туралы сұхбаттасқан болатын.
Иран Сыртқы істер министрі сонымен бірге Еуропа сапарының үшінші кезеңінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшыларының саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға аттанады.
Иран қазір Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушы мүшесі. Алдағы басқосуда Иранның аталмыш ұйымға мүше болып кіруі қарастырылады.