БҰҰ Бахрейндегі азаматтықтан айыру мәселесіне реакция білдірді
(last modified Wed, 22 Jun 2016 11:30:02 GMT )
Маусым 22, 2016 17:30 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бахрейндегі азаматтықтан айыру мәселесіне реакция білдірді

БҰҰ Бахрейн үкіметінің бұл елдің халықтық көтерілісі басшыларының бірі шейх Иса Қасемді азаматтығын айыруды ақтауға болмайтын әрекет деп атады.

БҰҰ Адам құқығы жөніндегі баспасөз хатшысы Равина Шамдасани сейсенбі күні Женевада: «Бахрейннің танымал діни қайраткері үшін сот ісі жүргізілмегендіктен, оны азаматтықтан айыру ақтайтын мәселе емес, бұл әрекет адам құқығын әшкере түрде бұзу болып табылады»,- деді.

Айта кететін жайт, Бахрейннің ішкі істер министрлігі басып-жаншу әрекеттерін жалғастырып, елдің халықтық көтерілісі басшыларының бірі шейх Иса Қасемді азаматтықтан айырды. Бұл әрекет осы кезге дейін жергілікті және халықаралық реакциялар және қатты сындармен кезікті. Халықаралық ұйымдар мен әртүрлі азаматтар, соның ішіде БҰҰ-ның Адам құқығы жоғары комиссариаты сан рет Халифе режимінің азаматтықтан айыру саясатын әділетсіз әрі тыйым салынған деп атаған болатын.

Халифе режимінің қарсыластарын азаматтықтан айыру Адам құқығы әлемдік жарлығының 15-ші тармағында «Барлық адамдар азаматтыққа ие болу құқығына ие. Ешбір адамды өз еркінен тыс азаматтығынан айыруға болмайды» деп айтылған. Осыған орай Бахрейнде Халифе режимінің қарсыластарын, соның ішінде әйгілі діни қайраткерді азаматтықтан айыру Адам құқығының әлемдік жарлығына қайшы келеді.

Бахрейн 2011-ші жылдың ақпан айынан бері Халифе режиміне қарсы халық көтерілістерінің куәсі болуда. Халифе режимінің азаттықты бұзуы мен саяси белсенділерді тұтқындап, әртүрлі қарсылас топтар мен ұйымдардың жұмысын тоқтату талпынысы бұл режимнің үстемшіл болмысын одан әрі әшкереледі.

Жаңа есептегі Бахрейндегі адам құқығының бұзылуы туралы мәліметтер 2016-ші жылы Бахрейннің жағдайының одан сайын нашарлағанын көрсетеді. Бахрейндегі билік басындағы режим халық көтерілісінің басшылары мен үкіметтің қарсыластарын саяси және қоғамдық салалардан шығарып тастау үшін әртүрлі саясат пен әртүрлі құралдарды пайдалануда. Солардың бірі азаматтықтан айыру болып табылады.

Бахрейндіктердің өздерін азаматтықтан айырып, керісінше, шетелдіктереге азаматтық берудің мақсаты бұл елдің халқының құрамын өзгертуді көздейді. Бахрейндегі билік басындағы режим бұл елдің халқын сөз бостандығынан, бейбіт шеруге жиналып, саяси топтар мен партиялар құрудан мақұрым етіп, енді тіпті азаматтықтан айыруға кірісті.

Бахрейн билігінің басындағы режим кез келген құрал мен саясатты халықты басып, қарсыластарын сасяси сахнадан ығыстыру үшін пайдалануда. Халифа режимі саяси белсенділерін азаматтықтан айырып, елден шығаруда. Олар тек Бахрейннің диктатор патшасына бағынамыз деп қана отандарына орала алады. Халифе режимінің бахрейндік азаматтардың құқықтарын әшкере түрде бұзуы мен оларды өз отанында өмір сүруден мақұрым етуі адам құқығы заңдарын бұзу болып саналады. Адам құқығы жөніндегі ұйымдар Бахрейн режимінің құқық саласындағы әрекеттерінің әлемдегі адам құқығын ең көп бұзу жайттары екенін растайды.