БҰҰ Израильдің палестиналық балаларға қарсы қатігездіктеріне алаңдаушылық танытты
БҰҰ сионистік режимнің палестиналық балаларға қарсы қатігездіктерінің артуына алаңдаушылық білдірді.
БҰҰ-ның ақпарат хатшысы Фархан Хак сенбі күні сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қатігездіктерінің артуына тоқталып, бұл ұйымның осы қатігездіктерді, әсіресе палестиналық балаларға қарсы қатігездіктерді зерттеп, оны шынайы қарастыратынын айтты. Фархан Хак сөзінің жалғасында БҰҰ-ның сионистік режим әскерилерінің оғынан қайтыс болған он бес жастағы палестиналық жасөспірім Махмуд Бадранның мәселесін қарастыратынын мәлімдеді. БҰҰ-ның ақпарат хатшысы сонымен қатар Иордан өзенінің батыс аймақтарында суды тоқтату туралы айтқан сөзінде, БҰҰ-ның бұл мәселені мұқият қарастырып, қадағалап отырғанын қуаттады. Тель-Авив 1967 жылдан бері палестиналықтардың азаттықтары мен барлық нәрсеге қолжетімділігін шектеп келеді.