Қыр 13, 2016 19:39 Asia/Almaty
  • Минадағы апат 6

"Бірте-бірте бірнеше елдің жедел жәрдем көрсетушілері апат болған мекенген жетті. Мен алыста отырып, қаншама қажының құрбан болғанын және халық пен жедел жәрдем көрсетушілердің оларды құтқаруға талпыныс жасағандарына куә болдым. Олардың көмектері шынайы мадаққа лайық болды. Мина апатынан екі сағат өткеннен кейін саудиялық жедел жәрдем қызметкерлері көрінді".

«Күннің ыстығы мен халықтың көптігінен  қысымға түскен қажылар бір-бірлеп естерінен танып, дүниеден озды. Менің өзім де әлсіреп, шаһадат кәлимасын айтып, өлімге дайындалдым. Көз алдыма ата-анам, әйелім мен перзенттерімінің жүздері келіп, олар мені кешірген болар  деп үміттендім. Аяқталмаған қажылығым мен басқа қажылар туралы ойлағанымда өмірімнің үлкен арманынының орындалмағанына қатты күйзелдім. Алла Тағала  аяқталмаған қажылығымды қабылдап, осы қылмысты іске асырғандарды әділ сотында жазалайды деп үміттендім.

Мина апатының құрбандары

Осындай үмітсіз сәтте көзімді ашып, бізге қарай алыстан келе жатқан бірнеше қажыны көрдім. Жүрегімде үміт пайда болды. Олар тірі қалған қажыларды тездетіп, халықтың арасынан сыртқа шығарып жатқан еді. Мен қолымды көтердім. Сол кезде Алланың қолы мені үстіне қарай көтергендей болды. Мен бойымда қалған бар күшіммен сенер-сенбесімді білмей, қысылған халықтың арасынан шықтым. Тынысымды алып, мені шығарған діни бауырымды құшақтап, оған алғысымды айттым. Бірақ оның менің қасымда тұратын уақыты болмай, мен сынды басқаларды құтқаруға асықты. Қабырғаға сүйеніп отыра кеттім. Ешбір саудиялық жедел жәрдем көрсетушіні көрмедім. Бір кезде қажылардың бірі қолыма бір стакан су ұстатты. Күннің ыстығында кептелістен шыққан мен үшін су ең қымбат нәрсе болды. Сол сәтте бүкіл өмірімдегі ең тәтті суды  ішкендей болдым.

Мина апатының құрбандарына көмек көрсету

 Бірте-бірте бірнеше елдің жедел жәрдем көрсетушілері апат болған мекенген жетті. Мен алыста отырып, қаншама қажының құрбан болғанын және халық пен жедел жәрдем көрсетушілердің оларды құтқаруға талпыныс жасағандарына куә болдым. Олардың көмектері шынайы мадаққа лайық болды. Мина апатынан екі сағат өткеннен кейін саудиялық жедел жәрдем қызметкерлері көрінді. Негізінде олар апат орын алған мекенге өте жақын жерде орналасқан еді және бұл апаттың алдын ала алатындай мүмкіндікке ие болды. Алайда олардың көмектері көпке созылмады. Оқиғадан үш сағат өткен кезде Сауд режимінің қауіпсіздік күштері адамдарға көмекке келген басқа елдердің жедел жәрдем қызметкерлерін апат болған мекеннен шығарып жіберді. Сонда саудиялық полиция мен қауіпсіздік күштері басқалардың көзінен тыс кез келген істі жасау мүмкіндігіне ие болады.

Мина апатында қаза болғандардың мәйеттерін жинау

Мен біраз есімді жинап, жедел жәрдем қызметкерлерінің көмегімен керуеніме жеттім. Керуендегілер мені көріп, қуанып, басқа бірнеше адам туралы сұрады. Өкінішке орай, менің олар туралы нақты мәліметім болмады. Әйелдердің көбі жұбайлары, ұлдары немесе бауырларынан айрылды. Әр сәт сайын жаңа хабар келіп жатты.

Жақындарынан айырылуға қатысты уайым-қайғы

 Саудиялықтар апат орын алған мекенді жылдам тәртіпке келтіру үшін жерде құлап жатқан адамдардың көбін өлі-тірісіне қарамастан, контейнерлерге тиеп әкетті. Олар осыған дейін тірі және құтқаруға келетін қажыларды да өлгендермен бірге тиеп, оларды өлтірді. Мина апатының құрбандарының ішінде екі қажының есімі баршаға танымал еді. Олардың бірі – Сауд үкіметі ұнатпайтын Иранның Ливандағы бұрынғы елшісі Ғазанфар Рокнабади, екіншісі – көркем дауысы Арафат даласында ұмытылмаған ирандық қари Мохсен Хаджи Хосейни болды.

Иранның Ливандағы бұрынғы елшісі Ғазанфар Рокнабади 
Ирандық қари Мохсен Хаджи Хосейни

Бұл оқиғадан кейін қажылықтың соңына дейін қажылар қайғыға батып, жүректері ашу-ызаға толы болды. Сондай-ақ, басқа оқиғалардың, әсіресе саудиялықтар жек көретін ирандық қажыларға қарсы орын алуы туралы әртүрлі әңгімелер таралды. Бірақ Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи мен ирандық басқа басшылардың қатаң ұстанымдарының арқасында қажылар аман-есен елге оралды. Алайда олардың жүректері уайым-қайғыға толы болды. Олар қажылықтың рухани әрі ерекше көңіл-күйінің орнына достары мен таныстарына үлкен апат туралы айтатын болды».

Қайғыға батқан қажылардың оралуы

 

 

 

Тегтер