Жел 07, 2016 20:30 Asia/Almaty
  • Иранның танымал тұлғалары (93)

Бір халықтың тарихын танудағы маңызды факторлардың бірі – көне замандардан қалған ескерткіштер мен ғимараттарға көңіл аудару. Ең маңызды ескерткіштердің бірі – зиярат орындары. Бұл орындар соларды салған халықтың тарихымен тығыз байланысты. Бұл байланыс осы зиярат орындарының маңызды тарихи элементтер болып саналуына себеп болды. Мир сейіт Əли Хамадани кесенесінің тарихи қолданыс аясы тәжік халқының діні мен мәдениеті арасында тудырған байланысының арқасында ерекше маңызды.

Айтып өткеніміздей, ирандық мистик Мир сейіт Əли Хамадани х.қ.ж.с.б.714 жылы Хамадан қаласында дүниеге келген. Бастапқы білім жолын жүріп өткеннен кейін ұлы ұстаздардан хадис ғылымы мен танымы, хикмет пен мистиканы үйренген жəне нəпсіні жеңу, рухани жоғарылау мен ақиқат жолын жүріп өтуде солардың ықпалында болған. Ол өз заманындағы мистиктер алдынан ақиқат жолын жүріп өткеннен кейін ұстаздары тарапынан Ираннан тысқары жерде Ислам дінін насихаттау жəне ақиқатқа құштарларды бағыттау міндетіне жүктелді. Ол бұл миссияны өмірінің соңына дейін атқарып, бүкіл өмірін ислам дінін насихаттауға, шəкірттер мен қызығушыларды тəрбиелеуге арнаған. Сейіт Әли Хамадани тірі кезінде үлкен құрметке ие болған. Иран, Орта Азия мен Үндістанның көптеген қалаларындағы халықтың барлық әлеуметтік топтары оған ерекше ілтипатпен қараған. Ол тақуалықпен қоса, ғылым мен хикметте жоғары орынға ие болып, өз заманында рационалды және көркемсөз ғылымдарының білгірі атанып, осы салаларда көптеген еңбек жазған. Сейіт Әли Хамадани қайтыс болғаннан кейін оның перзенттері мен ұрпақтары Хамадан, Саринегар (Кашмир), Балхаб (Балхтың айналасы) және басқа да жерлерде өз әкелерінің жұмысын жалғастырып, халыққа жетекшілік ету саласында қызмет еткен. Сонымен қатар қазір Тәжікстанның Куляб қаласында зиярат орнына айналған осы көрнекті мистіктің кесенесі туралы сөз қозғадық. Осы орынның мәдени байланыстардағы рөлімен қоса, осындай зиярат орындарының қолданыс аясына тоқталып, Мир сейіт Əли Хамадани кесенесінің  қолданыс аяларының бірі діни істер аясын жекелей қарастырдық.

Бір халықтың тарихын танудағы маңызды факторлардың бірі – көне замандардан қалған ескерткіштер мен ғимараттарға көңіл аудару. Ең маңызды ескерткіштердің бірі – зиярат орындары. Бұл орындар соларды салған халықтың тарихымен тығыз байланысты. Бұл байланыс осы зиярат орындарының маңызды тарихи элементтер болып саналуына себеп болды.

Имамзада кесенесін салу тәсілі, оның салынған уақыты, оны салуға себеп болған факторлар жайлы әртүрлі рауаяттар мен хикаяттардың болуы тарихтың бұлыңғыр тұстарының ашылуына көмектеседі. Мир сейіт Əли Хамадани кесенесінің тарихи қолданыс аясы тәжік халқының діні мен мәдениеті арасында тудырған байланысының арқасында ерекше маңызды.

Мир сейіт Əли Хамадани кесенесінің тағы бір қолданыс аясы – оның көркемдік аясы.  Өнер – ерте замандардан бері адамның ой-санасын баурап алған құбылыс. Ол адам өмірінің әртүрлі қырларына бойлай енген. Оның кемелденуі материалдық және діни серпіліс негізінде жүзеге асырылады.

Ислам өзінің принциптері және заңдарымен  Иран мен Орта Азиядағы ең мықты діни қозғауыштардың бірі саналады. Мұсылман арабтар Иранды жаулап алғаннан кейін Иранның өнері исламға қызмет етуді бастап, исламдық заңдардың әсерімен  жаңа мән-мазмұнға ие болды. Бұл мазмұнды исламның діни ғимараттарынан айқын көруге болады. Ислам келгеннен кейін  Иран мен Мәуереннахрда салынған діни ғимараттардың қатарында зиярат орындары, имамзадалардың кесенелері, сопылар мен әулиелердің мазарлары бар. Бұлар ирандық-исламдық өнер ескерткіштерінің жиынтығы болып саналады. Олардың барлығы ислам дінінің бірегей ерекшеліктері, яғни жергілікті және ұлттық элементтерді қабылдап, синтезделген өнерден туындаған. Мешіттер мен мазарлар сияқты діни ғимараттар да өнер туындыларын қалыптастырудағы маңызды орталықтардың бірі саналады.  Бұл жерлер көркем туындыларды сақтайтын жер ғана емес, ирандық-исламдық өнерді де таныстыратын болған. Зиярат орындары өздерінің көркемдік қолданыс аясының арқасында исламдық мән-мазмұнды өнер тілі, көркем сурет және алуан түстермен басқаларға жеткізіп отырған. Қыш тақташаларын жапсыру, көркемдеп кірпіш қалау, алебастр жапсырмалары мен айна сынықтарын жапсыру, сурет салу, ойып өрнек салу – осының барлығы  ирандық-исламдық өнердің көркем тілі болып табылады.

Кесене аумағында мұражайлардың болуы осындай жерлердің мықты тұстарының бірі саналады. Бұл ерекшелік отандық және шетелдік зияратшылар мен туристерді өзіне тартады. Бұл жағдай исламның бай мәдениетін тарату мен діни тұлғаларды таныстыру және аймақты жарнамалауда маңызды рөл атқарады. Әдетте мұражайлардағы витриналарды көмкеруде қолданылатын сурет, миниатюра, каллиграфия туындыларын тудыру жергілікті өнерпаздардың қабілеттерін көрсетумен қоса, бұл туындылардың ислам мәдениеті мен өркениетіне негізделгенін көрсетеді. Кулябта Мир сейіт Əли Хамадани кесенесінің жанында салынған мұражай Ирандағы кейбір кесенелердің жанына салынған мұражайларға ұқсайды. Мысалы, Ирандағы Арак қаласының маңындағы Саруқ елді мекенінде 72 имамзаданың қасиетті кесенесінің жанында осындай мұражай салынған. Мұның өзі Кулябтағы мұражайдың Ирандағы мұражаймен ортақтықтарының бірі болып саналады.

Діни орындарға баратын адамдар өздерінің ақшалай немесе заттай сыйлықтарын сол жерлерге табыс етеді. Мұнымен қоса, мұндай жерлерде әдетте вакфқа берілген ғимараттар мен жер телімдері көп болады. Вакфқа берілген осындай жерлер зиярат орнының экономикалық жағдайына көмектеседі. Имамзаданың кесенесін зиярат етуге келетін адамдардың болуы, олардың жолға жұмсайтын қаражаты мен осы қасиетті орынға табыс ететін сыйлықтарының болуы аймақтың экономикалық дамуында ерекше рөл атқарады. Зиярат орындарынан түсетін табыстың басым бөлігі экономика саласындағы белсенділіктерге жұмсалады. Бұл да аймақтың экономикасының дамуына көмектеседі.

Сонымен қатар, кейбір зиярат орындарының сертті орындау үшін берілген қаражатын қызметшілер мен мұқтаж адамдарға беру және жылдың кейбір күндері кесенеге жақын жерде базар ашу зиярат орындарының маңызды экономикалық қолданыс аясының бірі саналады. Мир сейіт Əли Хамаданидің кесенесі  де туристер мен діни туристер, әсіресе оқу, сауда-саттық пен демалу үшін осы елге келетін шетелдік туристерді тартудың маңызды факторы саналады. Кулябта зияратшылар мен туристердің болуы  осы қала мен оның атырабындағы тұрғындар арасында экономикалық белсенділіктердің қарқындай түсуіне себеп болғаны анық.  

Тегтер