Исра сүресі, 467-ші бөлім, 41-44 аяттар
Исра сүресі, 467-ші бөлім, 41-44 аяттар
«Исра» сүресінің 41 аяты:
ابتدا به تلاوت آیه 41 از سوره اسراء گوش می سپاریم :" وَلقد صَرّفنا فی هذا القرآن ِ لیذّکّروا وَ ما یَزیدُهُم الا نُفُورا ً "
Расында бұл Құранда (ақиқаттар мен ағартушылықты) ғибрат алып, ескертілулері үшін әртүрлі және қайта-қайта баян еттік. Дегенмен олардың (хақтан) жиреніштерін ғана арттырды (41).
Құранның ерекшеліктерінің бірі ондағы тақырыптардың алуандығы мен қайталануы. Себебі, Құран – уағыз бен жетекшілік кітабы. Жетекшілікке білу мен хабардар болу арқылы ғана қол жеткізуге болмайды. Бір ақиқатты адамдардың рухтары мен жандарына әсер ету үшін әртүрлі қалыпта және әрүрлі жағдайларда баяндау керек. Сондықтан аяттың жалғасы былай дейді: «Бұл қайталаулар адамдар содан ғибрат алып, олардың хабардар болуы үшін». Хақты қабылдаудың сау жүректі қажет ететіндігі анық. Әсірешіл, қырсық та қыңыр адамдардың ешқашан хақты қабылдамайтындықтары түсінікті. Сондықтан олардың құлақтарына хақ сөзі қаншалық жетсе соларға қарсы соғұрлым ұстаным білдіріп, қырсығулары арта түседі. Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Адам хақты айту мен естуге қайталау арқылы қол жеткізілетін ескерту мен көңіл бөлуді қажет етеді.2. Қарсыластардың хақпен күресулері ақиқаттың қисынының әлсіздігінен емес, олардың лас және қырсық рухтарының белгісі. 3. Тәрбиенің жоғары мақсаттарына жету үшін бір ғана тәсілді пайдалануға болмайды, адамдардың әртүрлі талғамдары мен қабілеттеріне назар аудара әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жолдарды пайдалану керек.
«Исра» сүресінің 42-43 аяттары:
" قل لو کانَ مَعَهُ الهة ٌ کما یَقولونَ اِذا ً لابتغوا الی ذِی العَرش ِ سَبیلا ً " ، " سُبحانَهُ وَ تعالی عَمّا یَقولوُنَ عُلوّا ً کَبیرا ً "
(Мұхаммед Ғ.С.): “Егер Алла мен бірге олардың айтқандарындай тәңір болса еді, онда әрине ғаршының иесіне бір жол іздер еді. (Не қарсы шығар еді, немесе бой ұсынар еді.) (42) Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі. (43)
Меккенің мүшріктері Алланы болмыстың Жаратушысы ретінде қабылдады. Бірақ жаратылыс істерінің даналығы мен басқаруы бойынша Оған шерік қосып, оларды өздері мен Алла арасындағы делдал санап, соларға табынды. Осы аят соларға жауап беріп: «Егер сондай болғанда сол делдалдар Оның билігі мен бұйрығына бағынып қалғанша және Ол олардың Құдайы болғанша, ғаршының иесіне әсер етіп, Одан билікті алуды көздеулері керек» дейді. Басқаша айтқанда, егер Жалғыз Құдайдан басқа құдайлар бар болғанда олар да жаратылысқа билік етуді қалаған болар еді. Олардың арасында билік пен аумақтарын кеңейту бойынша алауыздық пен күрес орын алған болар еді. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Алланы үнемі пәктеп, тәсбих ету керек. Оны ой мен сөздегі шерк қосу дегенмен айыпталатындардан пәктеу керек. Себебі Оның қасиетті болмысы ой мен тілге оралатын әр нәрседен артық және жоғары. 2. Құдайға табынатын адамдардың арасында ырымшыл ой-пікірлер мен қылықтардың әсер етуіне рұқсат бермей, абай болған жөн. Сондай-ақ дін атауымен әрбір ой мен сенімнің қоғамда таралуына мүмкіндік бермеу керек.
«Исра» сүресінің 44 аяты:
" تسبّحُ لهُ السّمواتُ السّبعُ وَ الارضُ وَ مَن فیهنّ وَ ان مِن شئ ٍ الا یُسّبحُ بحَمدِه ِ وَلکن لاتفقهونَ تسبیحَهُم انّهُ کانَ حَلیما ً غَفورا ً "
Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шынында Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы (44).
Құранның үлкен ағартушылықтарының бірі оның көптеген аяттарында соған сілтеме жасалған жаратылыстардың санасы мен олардың әлемнің Құдайының алдында мойынсұнушылықтары мен Оны пәктеп, тәсбих етулері. Осы аят та осы мәселеге тура тоқталып, былай дейді: «Егер сендер мұндай істі түсінбесеңдер, оны теріске шығармаңдар. Себебі, бұл іс сендердің түсініктеріңнің аясынан тыс. Бірақ кейбір діни ағартушылар Алланың алдында жаратылыстардың Оны пәктеуі мен сәжде жасауларын жаратылыс иелерінің табиғат заңдары алдындағы жаратылыстық бойұсынушылықтары деп түсіндіруді қалады. Біріншіден, жаратылыс иелерінің табиғат заңдары алдында босұнушылықтары пәктеу деген мағынада емес. Екіншіден, біз де жаратылыс иелерінің табиғат заңдары алдында бағынуын түсінеміз. Бұл осы аят: «Сендердің жаратылыстардың пәктеуін (тасбихын) түсіну қабілеттерің жоқ» деген жағдайда айтылып тұр. Бірақ илаһи пайғамбарлар жаратылыстардың тілін түсінді. Құран аяттарының негізі бойынша, хазірет Сүлеймен құмырсқалардың тілін түсініп, құстармен сөйлескен. Немесе ислам пайғамбарының қолындағы малта тас хазіреттің ресалатына куәлік еткен. Парсытілдес ақын да былай деп жырлаған:Әлемнің түйіршіктері тасада Сенімен сөйлеседі:Біз күні-түні Естушіміз, Көрушіміз, Саналымыз. Сендерге, Біздің жаттарымызға үн қатпаймыз. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жаратылыс Алланы пәктейді. Тәсбих етеді. Ондай болса адам неліктен жаратылыстан бөлініп, осы керуеннен артта қалуы керек. 2.Адамның жаратылыс пен оның жағдайларыныан танымы шектеулі, толық емес, кемшін. Ақиқаттардың көбісін тәжірибелік ғылымдармен түсіну мүмкін емес. Оларды түсіну үшін уәһиді қажет етеміз.