Исра сүресі, 463-ші бөлім, 29-31 аяттар
Исра сүресі, 463-ші бөлім, 29-31 аяттар
«Исра» сүресінің 29 аяты:
" وَلا تجعَل یَدَکَ مَغلولة ً الی عُنقِکَ وَلا تبسُطها کُلّ البَسط ِ فتقعُدَ مَلوما ً مَحسُورا ً "
Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа. (Өте сараң болма да бір-ақ берме). Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың. (29)
Алдыңғы бағдарламада ата-анаға, туған-туыстарға және жарлы-жақыбайға жақсылық жасау тапсырылып, қуатталды. Осы аят былай дейді: «Қайырымдылық пен жақсылық жасауда ортаны сақта. Кесіп алса қан шықпайтын сараң да болма, қолыңдағы бар дүниеңді жұртқа таратып беріп, өзің жоқтықтан үйде отырып та қалып жүрме». Ислам – бірқалыптылықты қуаттайтын дін. Осы дін кез-келген, тіпті ізгі істердегі әсірешілдік пен ысырапшылдыққа да тыйым салады. Өйткені оның қасірет пен өкініш және айыптаудан басқа нәтижесі болмайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Сараңдықтың құпталмайтындығы сынды қайырымдылық істердегі ысырапшылдық та исламдық принциптермен сәйкеспейді. 2. Шектен тыс ысырап етушіліктің кез-келген түрінің, тіпті ізгі және лайық істердегі болсын салдары қасірет пен айыптау.
«Исра» сүресінің 30 аяты:
" انّ ربّکَ یبسُطُ الرّزقَ لمَن یَشاءُ وَ یقدرُ انّه کانَ بعباده ِ خَبیرا ً بَصیرا ً "
Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп, тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші. (30)
Осы аят осы дүниедегі пенделердің ырзықтары мен несібелерінің айырмашылығына тоқталып, былай дейді: «Негізінде Алла баршаның ырзығын бірдей еткен жоқ. Алланың сүннеті бойынша адамдардың арасында айырмашылық болады. Бұл илаһи ғылым мен хикмет негізі бойынша. Осы айырмашылықтың әділетсіз кемсітушілік деген мағынада емес екендігі белгілі. Себебі алдымен, соның негізі бойынша ырзық уәжін айтатындай ешкімнің Алладан талабы жоқ. Екіншіден, Алла әрбір адамға қаншалықты берсе, соншалықты одан жауапкершілік талап етеді. Ырзығы кең адам басқалардан талап етілмейтін міндеттер мен жауапкершіліктерге ие. Сонымен қатар, дүние –әрбір адам сынақтан өтетін емтихан сарайы. Бай қайырымдылық жасаумен, кедей сабыр сақтап, қанағат тұтумен сыналады. Бірақ ырзыққа жету үшін талпыныс қажет. Әр адам өзінің мүмкіндігіне сай талпыныс жасап, ұмтылуы керек. Бірақ адамға қаншалықты ырзықтың берілетіндігі адамның еркінен тыс көптеген сыртқы факторларға тәуелді. Сол себепті екі адам бірдей талпыныс жасағанымен әртүрлі пайда көруі мүмкін. Бірақ олар көрген пайдаларының көлеміндей жауапкершілікке ие болады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Пенделердің барлығының ырзықтары бірдей болады деп күтпейік. Сондай-ақ өзіміздің қал-қадірімізше міскіндерге көмектесейік. Біздің иығымызға одан басқа міндет артылмаған.2. Алланың істері ғылым мен хикмет негізі бойынша. Егер бір жерде істің дәлелін түсінбесек, Алланың ісіне емес, пенделердің ырзығының айырмашылығы сынды өзіміздің білімімізден күдіктенейік.
«Исра» сүресінің 31 аяты:
" ولا تقتلوا اولادَکم خَشیةَ املاق ٍ نَحنُ نرزقهم وَ ایّاکم انّ قتلهُم کانَ خَطأ ً کبیرا ً "
Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де көректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік. (Жаћилиет дәуірінде, араптар қыз балаларын тірідей көміп тастайтын болған.. 16-С.59-А.) (31).
Түсік жасау мен жаңа туған сәбилерді өлтіруге әртүрлі факторлар себеп болады. Осы аят солардың біріне, яғни кедейлік пен экономикалық қиындықтарға тоқталып, былай дейді: «Кедейліктен қорқып, бейкүнә нәрестені өлтіретіндей сендер өздеріңді ырзық берушіміз деп ойлайсыңдар ма? Сендерге ырзық беретіндей, оларды да ырзықтандыратын Біз». Кедейшіліктен қорқып, түсік жасауға рұқсат жоқта басқа себептерге байланысты ондай іске ешқашан рұқсаттың жоқ екендігі белгілі. Шын мәнінде оның жанын алуға рұқсат беретіндей әке немесе шеше нәрестенің иесі емес. Нәресте де ата-ана сияқты азат және тәуелсіз адам. Оның Иесі, Қожайыны және Ырзықтандырушысы Алла болып табылады. Алла нәрестенің өмір сүру құқығын, тіпті анасының құрсағында жатқанда айыруға рұқсат берген жоқ. Қазіргі өркениетті дүниенің мәдениеттен алыс бәдәуи арабтардың қыздарын тірідей көрге көмгендері үшін айыптайтындары қызық. Кейбір елдердің заң қабылдаушы парламенттерінде түсік жасауды рұқсат санап, анасының қалауы бойынша осындай істің орын алуына рұқсат береді. Егер сол заманда қатігез әке қыз нәрестені тірідей көрге көмсе, бүгінде мейірім мен махаббаттың символы болуы керек ана осындай келеңсіз іске барады. Егер бұрынғы кездері тек қыз балалар ғана зұлымдыққа ұшыраса, бүгінде қыз болсын, ұл болсын өзімшіл ата-ананың талап-тілегінің құрбанына айналып, нәресте әрбір адамның ең жоғары хақысы яғни тіршілік хақысынан қағылуда. Осы аяттан үйренетініміз:1. Кез келген зияннан қорқу басқалардың құқықтарына көзжұмбайлық танытуға рұқсат бермейді. Әсіресе тіршілік ету құқығы. 2.Ырзық пен қоректі Алла береді. Кедейлік пен қиындықтар түсік жасауға рұқсат бермейді.