Жел 15, 2016 19:21 Asia/Almaty

Исра сүресі, 462-ші бөлім, 25-28 аяттар

«Исра» сүресінің 25 аяты: 

" ربّکُم اعلمُ بما فی نُفوسِكُم ان تکونُوا صالحینَ فانّهُ کانَ للاوّابینَ غَفورا ً "

Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла бойсұнушыларды жарылқайды. (25)

Алдыңғы бағдарламада ата-анаға құрмет пен жақсылық жасау туралы айтылды. Осы аят сол аяттың жалғасында былай дейді: «Кейбір адамдар ата-ананың құқықтарын лайықты түрде орындамайды. Олардың көзқарастары мен сөздерінен және қылықтарынан Алла солардың барлығынан хабардар құрметсіздік көрініс береді. Соған қарамастан сол адамдар тәубеге келіп, өткеннің орнын толтыратын лайық әрекет жасаса, Алла оларды жарылқап, күнәларын кешіреді». Осы аят ата-анаға құрметтің ахлақтық кеңес емес, діни уәжіп екендігін көрсетеді. Сол себепті оларды қинап, мазалауға себеп болатын әрбір қылық пен әрекет күнә деп саналатындықтан адам соның орнын толтыруды мақсат етуі тиіс. Кері жағдайда илаһи жазаға ұшырайды. Осы аяттан үйренетініміз:1.    Кейде түзу адамдардың бойынан да тез арада тәубеге келіп, орнын толтырып, түзетілуі тиіс мүлт кетушіліктер көрініс береді. 2.    Алла тек қана біздің іс-әрекетімізге ғана емес, сондай-ақ біздің ісіміздің мақсаты мен түрткісінен де хабардар. Оның өзі қателік және кем-кетіксіз хабардарлық. 

«Исра» сүресінің 26-27 аяттары:

" وَآت ِ ذَالقربی حقّهُ وَالمسکینَ وابنَ السّبیل ِ وَلا تُبذّر تبذیرا ً " ، " انّ المبذّرینَ کانوا اخوانَ الشّیاطین وَ کانَ الشّیطانُ لربّه کفُورا ً "

Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. (26) Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы. (27). 

Ата-ананың перзентке қатысты құқықтарын баяндаған аяттың соңынан осы аяттар жақын-туыс пен мұқтаж жандардың құқықтарын баяндап, былай дейді: «Сендердің мойындарыңда сендер соны орындауларың уәжіп олардың құқықтары бар». Өкінішке орай, қоғамның кейбір адамдары басқаларға көмектесуге қатысты әсірешілдікке салынады. Бір топ тек қана өздері мен отбасылары туралы ғана ойлап, басқаларға, тіпті өздерінің жақын туыстарына көңіл бөлмейді. Керісінше, өздерінің отабсыларын ұмытып, табыстарын достары мен туыстарының қиындықтарын шешу үшін жұмсайтын топ та бар. Осы аят екі тәсілді де айыптап, былай дейді: «Басқаларды да ойлаңдар, сондай-ақ ысыраптың бір түрі саналатын осы істе шектен шығушылықтан аулақ болыңдар». Келесі аят ысырапшыл адамды шайтанның досы және жақыны деп таныстырады. Себебі байлықты орынсыз немесе қисынсыз түрде ысырап ету Алланың нығметтеріне шүкірсіздік білдірудің бір түрі болып табылады. Ібіліс шүкірсіздік танытқан алғашқы жаратылыс болды. Себебі ол Алла оған берген нәрсені пенделерді алдау, адастыру және қателік пен күнә жасауға шақыру жолында пайдаланды. Бірақ ысырап пен шектен тыс тұтыну мәселесі материалдық істер саласында көбірек талқыланғанымен ең үлкен ысырапшылдық өмір мен жастық кезеңді бос өткізу болып табылады. Егер адам өмір нығметі мен өзінің қолындағы мүмкіндіктерін пайдаланбаса немесе соларды бұрыс жолда пайдаланса оның екеуі де қасіретке себеп болады. Осы аяттардан үйренетініміз:1.Жақсылық пен қайырымдылық жасауда алдымен ата-анаға кейін туыстар мен мұқтаждарға, міскіндерге артықшылық беруге көңіл бөлу керек.  2. Байлардың кедейлерге беретіндері кедейлердің хақысы. Сол себепті байлар ғған міндетсімеулері керек. Қайырымдылықта бірқалыптылықты сақтап, ысырап етіп, ақшаны босқа шашудан аулақ болайық.

 «Исра» сүресінің 28 аяты:

" وَ امّا تُعرضَنّ عَنهُمُ ابتغاءَ رَحمَة ٍ مِن ربّکَ ترجُوها فقل لَهُم قَولا ً مَیسُورا ً " 

Рабыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, (қола болғандықтан бере алмасаң) онда оларға сыпайы сөйле. (28)

«Туыстарың мен мұқтаждарға қайырымдылық жаса» деп айтқан алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер басқаларға қайырымдылық жасау үшін қолыңда ештенең болмаса, ең аз дегенде өзіңнің жылы сөзіңмен олардың жүректерін шаттандыр. Оларға Алла Тағала сенің ырзығыңды арттырған күні мүмкіндігінше көмектестетіндігін туралы үміт бер. Рауаяттарда біреу пайғамбарға өтініш жасағанда хазірет оны орындай алмаған кезде ол үшін дұға тілеп, былай дейтіндігі айтылған: «Алла біз бен сізге өзінің жомарттығынан ырзық береді». Осы аяттан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Әрдайым илаһи рақымнан үміт күту керек. Басқаларды да жылы сөзбен үміттендірген жөн. 2.    Егер адамның материалдық қажеттілігін шеше алмасақ, ең аз дегенде оны жұбатып, үміттендірейік.