Исра сүресі, 461-ші бөлім, 22-24 аяттар
Исра сүресі, 461-ші бөлім, 22-24 аяттар
«Исра» сүресінің 22 аяты:
" لاتجعل مَعَ الله الها ً اخَرَ فتقعدَ مَذمُوما ً مَخذولا ً "
Алламен бірге басқа тәңір жасама! Онда қорланған түрде отырып қаласың. (22)
Осы қысқа аят бұл дүниедегі шерктің салдарларына сілтеме жасап былай дейді: «Ақида мен әрекеттегі кез-келген шерк адамның әлсіреуі мен төмендеуіне және оның қорлығына себеп болады. Себебі Алла мүшрік адамды өзінің мейірімі мен рақымына бөлемейді де, жарылқамайды да. Мұндай адам міндетті түрде қиындықтар мен мәселелерге душар болады. Солардың ең үлкені – дәрменсіздік пен үмітсіздік. Басқа жақтан Аллаға шерк келтірудің қисыны мен ақылға сай дәлелі болмағандықтан ұят пен табалауға себеп болады. Ешбір ақылды адам оны қабылдамайды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Абырой мен беделге таухидтің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Ой мен істегі кез келген шерк қорлыққа себеп болады. 2. Діннен тыс тағылымдарға еру адамды тығырыққа тірейді.
«Исра» сүресінің 23 аяты:
" وَ قضی ربّکَ الا تعبدوا الا ایّاه وَ بالوالدین ِ احسانا ً امّا یبلغنّ عندکَ الکبَرَ احَدُهُما او کلاهُما فلا تقل لهُما افّ ٍ وَلاتنهَرهُما وَ قل لهُما قولا ً کریما ً "
Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Тұћ” деме. (Кейіс білдірме.) Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле (23).
Аллаға шерк келтіруге тыйым салған алдыңғы аяттан соң осы аят былай дейді: «Таухид әрдайым өмір істерінің өзегі болуы үшін Алладан басқаға табынудан бойды аулақ салу Алланың анық әрі кесімді әмірі болып табылады. Бірақ таухидтен кейін ата-анаға жақсылық жасау келесі сатыда орналасып, Алла оларға ізгілік жасауды таухидке деген сенімнің қасына қатар қойған. Бұл осы істің маңыздылығын көрсетеді. Бірақ «ата-анаға жақсылық» сөзінің мағынасы қайырымдылық пен жәрдемдесуден кеңірек. Ол жақсылықтың барлық түрін қамтиды. Материалдық тұрғыдан мұқтаждығы жоқ, бірақ қамқорлық немесе хал-жағдайын сұрауды қажет ететін ата-аналар көп кездеседі. Сол себепті аяттың жалғасы былай дейді: «Кәрілік кезеңде оларға қатаңдық көрсетуден аулақ бол. Саған қиын болатын олардың талап-тілектеріне ренжіме. Бірақ олармен сөйлескенде, қатынас жасағанда әдеп пен құрметті сақта». Исламның ардақты пайғамбары әкесінің өтініштері мен тілектеріне байланысты мұңын шаққан адамға: «Сен және сенің мал-мүлкің әкеңе тиесілі. Оның өтініштерін орындауда салғырттық танытпа» деген екен. Осы аяттан мынадай ой түйеміз: 1. Ата-анаға қызмет етіп, жақсылық жасау әрбір мүмін және бірқұдайшыл адамның алғашқы және анық ерекшелігі болып табылады. 2. Ата-анаға жақсылық жасаудың адами міндетпен қатар илаһи міндет екендігін көрсету үшін бұл таухид пен Аллаға мойынсұнумен қатар келген.
«Исра» сүресінің 24 аяты:
" وَاخفض لهُما جَناحَ الذلّ ِ منَ الرحمة وَ قل رَبّ ِ ارحَمهُما کما رَبیانی صَغیرا ً "
Ол екеуіне кішірейіп, мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”,-де. (24)
Ата-анаға жақсылық жасау және оларға кәрілік кезеңде көңіл бөлу туралы жалпы үкімді баяндаған аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Ата-анаңның алдындағы сенің қылығың мойынсұну және кішіпейілділікпен бірге болуы керек. Әрқашан және барлық жағдайда олардың алдында кішілік таныт. Ешуақытта оларға кеуде керіп сөйлеме. Кішкентай кезіңде саған атан-анаңның мейірім және махабатпен қарағандары сынды сен де олар кәрілікке жеткен кезде оларға солай қара. Үнемі олар үшін дұға тіле, Алладан оларды Өзінің мейірімі мен рақымына бөлеуді сұра». Көздері тірісінде ғана емес, сондай-ақ қайтыс болған соң да ана-анаға дұға тілеп, Алладан олар үшін кешірім мен жарылқау тілеу керек. Осы аяттар ата-аналар туралы болғанымен, рауаяттар негізі бойынша қоғамның мұғалімдері мен тәрбиешілері де әкенің орнына саналады. Құран хазірет Ибраһим туралы былай дейді: «Әкелерің Ибраһимнің заңы». Осы аят Ибраһимді «бірқұдайшылар мен мұсылмандардың әкесі» деп таныстырған. Сондай-ақ танымал рауаятта исламның ардақты пайғамбары былай дейді: «Мен және Әли –осы үмбеттің әкелеріміз». Осы аяттан үйренетініміз:1. Перзент байлық пен қоғамдық жағдайы тұрғысынан қандай жағдай мен қандай орында болмасын ата-анасының алдында қарапайым болып, өзінің кемелдігі мен деңгейін оларға көрсетпеулері керек, бірақ мойынсұнушылық жалған әрі жасанды емес, шынайы болуы қажет.2. Перзенттердің міндеттерінің бірі ата-анасының көзі тірісінде де, олар дүние слағаннан кейін де солар үшін дұға тілеу болып табылады. 3. Адам өзінің тәрбиешілеріне алғыс айтып, олармен мейірім және махаббатпен қатынас жасаулары керек.