Жел 15, 2016 19:24 Asia/Almaty

Исра сүресі, 460-шы бөлім, 18-21 аяттар

«Исра» сүресінің 18 аяты: 

" مَن کانَ یُریدُ العاجلة عَجّلنا لهُ فیها ما نشاءُُ لمَن نُریدُ ثمّ جَعلنا لهُ جَهنمَ یصلیها مَذموما ً مدحورا ً "

Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз. Сонсоң оны жаћаннамға саламыз. Ол оған қорланып, мәрхаметке зар болған түрде кіреді. (18)

Бұл аят қияметті теріске шығарған немесе одан қапыл қалып, есіл-дерттері дүниенің байлығына қол жеткізуді мақсат еткен адамдар туралы. Мұндай адамдардың өздерінің ақыреттері үшін қияметте жұмақты күтетіндей іс жасамағандары түсінікті. Олар дүниенің байлығына тұрғысынан да нені қаласа соған жетпейді. Себебі негізінен дүние баршаның қалауы мен күткен нәрсесін орындайтындай мүмкіндікке ие емес. Сол себепті Алла былай дейді: «Осы өткінші дүниеде де адамдардың бір бөлігінің ғана қалаулары мен талап-тілектері орындалады. Оның өзі дүние сынды өткінші әрі жалған». Осы аяттан үйренетініміз:1. Ақыреттен қапыл қалуға себеп болатын дүниеқұмарлық пен дүниеге салынушылық қияметте адамның зиян шегуіне себеп болады. 2. Материалды істерде шектеу бар. Сол себепті барша адам өздерінің армандарына жете бермейді. Бірақ рухани істерде шектеу жоқ. Барша адам талпыныс жасап, талаптанса өздерінің барлық тілектеріне қол жеткізеді.

«Исра» сүресінің 19 аяты:

" وَ مَن ارادَ الاخرَة وَ سَعی لها سَعیَها وَ هُوَ مُؤمنٌ فاولئکَ کانَ سَعیُهُم مَشکورا ً "

Ал кім мүмін болған түрде ахиретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық. (19)

Дүниенің соңына түскен адамдардың жағдайын баяндаған аяттан соң осы аят былай дейді: «Бұл дүниедегі талпыныстары мен жасаған ұмтылыстарының мақсаты ақырет болған адамдар дүниелік істерді Аллаға деген иман негізі бойынша басқарса олардың талпыныстары қияметте жұмақ түрінде көрінетін Алланың сыйына жеткізеді».Осы аятты алдыңғы аятпен салыстырсақ, ақырет үшін жасалған әрбір талпыныстың, тіпті, егер осы дүниеде нәтижеге жетпесе де ақыреттік сыйының болатындығы әрі сол талпыныстың сыйсыз  қалмайтындығы белгілі болады. Осы дүниедегі әрбір талпыныстың нәтижеге жету, жетпеуі неғайбіл, бірақ дүниеқұмарлық қияметте адамның қасіретіне себеп болады. Осы аяттан үйренетініміз:1. Талпыныс пен талаптың арқасындағы нағыз бақыт ақырет үшін. Мүмін адам тіпті кәсібі мен жұмыстары сынды дүүниелік істерді Алла үшін, Оның нұсқаулары жолында жасаса оның сыйы қияметте сақталады. 2. Біз нәтижеге емес, міндетке жауаптымыз, сондықтан өзіміздің мүмкіндігімізше талаптануымыз керек. Бірақ нәтиже біздің ықтиярымызда емес.

 «Исра» сүресінің 20 аяты:

" کُلا ً نمدّ هؤلاءِ وَ هؤلاء من عَطاء رَبّکَ وَ ما کانَ عَطاءُ رَبّکَ مَحظورا ً "

(Мұхаммед Ғ.С.) дүние тілеген бұларға да ахирет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды. (20)

Дүниеқұмарлар мен ақыретті ойлайтындардың соңғы нәтижелерін баяндаған екі аяттан соң осы аят былай дейді: «Алланың осы дүниедегі сүннеті бойынша екі топ та Оның мейірімі мен рақымына бөленеді. Себебі Алла адамдарға таңдау құқығын беріп, оларға мақсаттарына жетулері үшін дүниелік мүмкіндіктерге қол жеткізу бойынша тыйым салмайды, керісінше жәрдемдеседі. Бірақ бұл іс дүниеқұмарлардың істеріне Алла оң қабақ танытып, ризашылық білдіреді деген мағынада емес. Себебі кәпірлер мен мүшріктерге ырзық беру де Алланың олардың істеріне ризашылығы деген мағынаны білдірмейді. Осы аяттан үйренетініміз:1. Аллаға иман келтіру мен ақырет қалау материалды және дүниелік мүмкіндіктерге ие болумен сәйкеседі. 2. Алланың сыйы Оның мейірімі мен даналығы негізінде, әйтпегенде біздің Алладан талабымыз жоқ.  

«Исра» сүресінің 21 аяты:

" انظر کیفَ فضّلنا بَعضهُم عَلی بَعض ٍ وَ للاخرَة اکبرُ دَرَجات ٍ وَ اکبرُ تفضیلا ً "

Олардың кейбіреулерін кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақирет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор. (21)

«Біз осы дүниеде барлық адамдарға өзіміздің мейіріміміз бен сыйымызды береміз» деген аяттан соң осы аят былай дейді: «Дегенмен Алла адамдардың барлығына бірдей ырзық пен мүмкіндік бермейді. Ол өзінің хикметінің негізі бойынша адамдардың арасына олардың зияткерлік қабылеттер мен басқа да мүмкіндіктерден пайдаланулары үшін айырмашылық қойды. Бірақ Алланың әрбір адамның оның ықтиярына беретін мүмкіндігіне сай оны сынаққа қойып, сол мөлшерде одан жауапкершілік талап ететіндігі түсінікті». Аяттың соңы былай дейді: «Адамдардың дүниелік айырмашылықтары маңызды емес. Маңызды нәрсе – кім көбірек талаптанса қияметте көбірек пайдасы болатын және жоғарырақ дәрежелерге ие болатын ақырет. Осы аяттан үйренетініміз:1. Адамдардың арасындағы айырмашылықты кемсітушілік деп санамайық. Бірақ мұқият ойланатын болсақ, бұл айырмашылықтардың хикмет пен жаратылыстың қажеттілігіне байланысты екендігін түсінеміз. 2. Өткінші әрі жалған дүниелік артықшылықтардың соңына түспейік. Нағыз дәрежелер сонда болатын ақыреттік бәсекелестікте алдымызға жан салмауға тырысайық.