Исра сүресі, 458-ші бөлім, 11-14 аяттар
Исра сүресі, 458-ші бөлім, 11-14 аяттар
«Исра» сүресінің 11 аяты:
" وَ یَدع ُ الانسانُ بالشّرّ دُعاءَ هُ بالخَیر ِ وَ کانَ الانسانُ عَجُولا ً "
Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз (11).
Құранда шыдамсыз және сараң болу сынды адамға қатысты теріс сипаттар тәрбиесіз адамдарға байланысты айтылған. Яғни, егер адам дұрыс тәрбиеленбесе оның бойынан осы екі қылық көрініс береді. Бұл қылықтар адамның дүниеқұмарлығы мен оның дүниеге тәуелділігін көрсетеді. Аят былай дейді: «Адамдар көбірек пайда табуды мақсат ететіндіктен кейбір кездері мән берместен және ойланбастан, шыдамсыздықпен шешім қабылдап, бұрыс іс-әрекеттерге барады. Асығыстық оларға пайда мен игілік әкелудің орнына зиян мен жамандыққа себеп болады. Шын мәнінде ол жақсылыққа жетуді қалады, алайда ақылсыздықпен асығыстық жасағандықтан іс жамандықпен аяқталды». Осы аяттан үйренетініміз:1. Адам болмысынан жақсылықты қалайды. Бірақ асығыстық пен жәһілдік оның жамандықты жақсылық деп көріп, соған жету үшін талпыныс жасауына себеп болады.2. Асығыстық пен шыдамсыздық адамның шешімі мен әрекетінің бақытсыздықтарына жатады. Себебі сол екі қылық адамды өлімнің құрдымына лақтырады.
«Исра» сүресінің 12 аяты:
" وجَعلنا اللیلَ والنّهارَ آیتین فمَحَونا آیة اللیل وَجَعلنا آیة النّهار مُبصرَة ً لتبتغوا فضلا ً من رَبّکُم ولتعلمُوا عَدَدَ السّنینَ وَالحسابَ و کلّ شئ ٍ فصّلناه ُ تفصیلا ً "
Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік (12).
Алдыңғы аят асығыстық пен шыдамсыздықты айыптаған соң осы аят былай дейді: «Құдай әлемді жүйе, хикмет, даналық және өлшем негізі бойынша жаратты. Түн мен күннің әрқайсысы орнымен көрініп, өзінің ісін есептеу мен өлшеуге болатын жүйелі бағдарлама негізінде атқарады. Сендер де белгілі есеп пен кітап негізі бойынша илаһи ырзық пен нығметтерді дұрыс пайдалану үшін өздеріңнің өмірлеріңді жоспарлайсыңдар. Бірақ жаратылыстың жүйесін дұрыс танымастан шешім қабылдап, жақсылық пен пайдаға жетудің орнына зиян мен зардапқа душар боласыңдар». Осы аяттан үйренетініміз:1. Жердің өз осінде айналуы және түн мен күннің келуі Алланың дана қалауына сай. Осы даналықта адамдардың пайдалары өзекті әрі негізгі мақсат болып табылады. 2. Илаһи даналық пен рақым нығметтердің түсуіне негіз дайындайды. Бірақ соларға жету үшін талпыныс жасау керек.
«Исра» сүресінің 13-14 аяттары:
" وَ کلّ انسان ٍ الزمناه ُ طائرهُ فی عُنقه وَ نخرجُ لهُ یَومَ القیمة کتابا ً یلقيهُ مَنشورا ً " ، " اقرأ کتابَکَ کفی بنفسکَ الیومَ علیکَ حَسیبا ً "
Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі. (13) “Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің” (делінді) (14).
Қияметті адамның есіне салатын осы аяттар шын мәнінде «Адам дүниенің тек дүниелік мақсаттар туралы ойлап, шешім қабылдап, әрекет ететін адамның істерінің соңы емес екенін, сонымен қатар оның жаманды-жақсылы істері қарғыбау сынды оның мойнына асылып, одан бөлінбейтіндігін білуі керек. Осы істер қияметте оның көз алдында айқын және толық есеп түрінде көрінеді. Ол өзінің іс-әрекетіне жауап беруі керек». Құранның анықтамасы бойынша адамның іс-әрекеті кітабының айқын әрі анықтығы сондай айыптарды оған түсіндіріп және ол өзін қорғауы үшін төреші мен сотты қажет етпейді. Керісінше, әр адам оның істерінің нәтижесінің қандай және қандай салдары болатынын түсіну үшін өз істерінің төрешісі бола алады. Осы аяттардан үйренетініміз:1. Әр адамның ісі бұл дүниеде ғана емес, сондай-ақ қияметке дейін де оның қасында бірге болады. Әр адамның бақыты мен бақытсыздығы оның өз әс-әрекетіне байланысты. 2. Адамның барлық нәрсесі: сөзі де, ісі де осы әлемде тіркеліп, жазылып, қияметте ісінің нақты нәтижесі ретінде оның өзіне беріледі. 3. Қиямет сол жерде қылмыскер өзінің күнәсі мен қылмысын теріске шығара алмайтын, тіпті өзіне қарсы үкім де шығаратын жалғыз сот болып табылады.