Жел 15, 2016 19:33 Asia/Almaty

Исра сүресі, 455-шы бөлім, 1-2 аяттар

«Нахыл» сүресінің аяқталуымен бүгін сіздермен бірге Меккеде түскен, жүз он бір аяттан тұратын «Исра» сүресін бастаймыз.

 «Исра» сүресінің  1 аяты:

" سُبحانَ الذی اسری بعَبده ِ لیلا ً مِنَ المَسجد ِ الحَرام ِ الي المَسجد ِ الاقصَی الذی بارَکنا حَولهُ لنريهُ من آیاتنا انّهُ هُوَالسَّمیعُ البصیرُ "

Құлын (Мұхаммед Ғ.С.-ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші (1). 

Бұл сүре пайғамбардың аспандарға миғраж жасау оқиғасына тоқталуына байланысты «Исра» деп аталған. Сапар осы сүренің бірінші аятында сол туралы айтылған Алланың елшісінің Меккеден әл-Ақса мешітіне апарылуынан басталады. Сүренің жалғасында таухид, қиямет, шерк, әділетсіздік және бұрмалаушылықпен күрес туралы сенімнің маңызды тақырыптары да айтылған. Шын мәнінде тарихта болған ең қасиетті сапар ислам пайғамбарының аспандарға жасаған миғражы мен хазіреттің қайтадан жерге оралуы болды. Пайғамбар сол сапардан кейін аспан патшалығы мен оның ұлылығын халыққа баяндады.  Хазірет Адам Пәруәрдігерінің әмірін орындамауына байланысты жерге түсірілді. Бірақ ислам пайғамбары аспанға көтеріліп, адамзат үшін ақиқаттар мен ағартушылықты сыйға әкелді. Пайғамбар мұсылмандарға айтқан миғраждың рауаятының негізі бойынша, хазірет сол сапарда жұмақ пен тозақты көрген, жұмақтықтар мен тозақтықтардың жағдайын жақыннан байқаған. Миғраж сапарында пайғамбар бұрынғы кейбір басқа пайғамбарлармен де кездесіп, жаратылған ғаламның ғажайыптарын бақылаған. Осы аспандық сапардың негізімен барлық мұсылмандар келіседі. Оны теріске шығару діннің қажеттілігін теріске шығару деп саналады. Исламдық ағымдардың көбісі сапарды физикалық түрде болды деп санайды. Тек кейбір ағымдар ғана сапарды рухтық тұрғыда болды деп есептейді. Рауаяттар негізі бойынша аталмыш сапар хижраттан бір жыл бұрын орын алған. Пайғамбар әл-харам мешітінде кешкі намазды оқыған соң, әл-Ақса мешітіне барып, сол жерден аспандық «пырақ» атты көлік арқылы аспандарға сапар шеккен. Хазірет қайтып оралған кезде таң намазды әл-Харам мешітінде оқыған. Бұл сапар илаһи ғажайыптардың бірі болды. Себебі Меккеден Бейт ул-Мұқаддасқа дейінгі қашықтық ондаған фарсах жер. Мұндай жолды бір түнде сол замандағы көлікпен өту мүмкін емес. Бірақ осы аяттың пайғамбарды елші немесе пайғамбар деп емес, «құл» деп таныстырғаны қызық.  Аят былай дейді: «Біз өзіміздің құлымызды Әл-Ақса мешітіне апардық. Бұл Алланың жанындағы құлшылықтың ең жоғары және ең биік дәрежесін білдіреді. Яғни, хазірет Мұхаммад сияқты Алланың пәк құлын миғраж сапарына апардық. Аспандық сапардың басталуы мен аяқталуы мешіт, яғни Аллаға құлшылық ететін мекен. Алла құлын құлшылық ететін орыннан аспандарға апарды». Осы аяттан үйренетініміз:1. Құлшылық материалдық істерден рухани және илаһи істерге қарай босап шығу мен  ұшудың бастамасы.2. Түн – Аллаға жақындау үшін ең жақсы уақыт. Себебі түнде құлшылық етіп, кешірім сұрау көп тапсырылып, қуатталады.3. Мешіт иманды адамдардың рухани ұшуы үшін ең жақсы мекен. 4. Әл-Ақса мешіті – мұсылмандар оны сақтап, қорғауда талапты болуы тиіс қасиетті мекен.

 «Исра» сүресінің 2 аяты:

" وآتينا مُوسَی الکتابَ وَ جَعَلناهُ هُدیً لبَنی اسرائیلَ الا تتّخذوا من دُونی وَکیلا ً "

Мұса (Ғ.С.)-ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені ие тұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық (2).

Ислам пайғамбарының әл-Ақса мешітіне сапарын баяндаған соң осы аят былай дейді: «Тарих бойындағы Алланың сүннеті адамдарды таухид пен құлшылық жаққа жол нұсқау болды. Сол себепті ислам пайғамбарынан бұрын хазірет Мұса Исраил ұрпағының арасында жіберілді. Ол хазірет Исраил ұрпағын оған Құдай түсірген Тәурат кітабының негізі бойынша Құдай тарапына шақырды. Пайғамбарларды тағайындау мен аспандық кітаптарды түсірудегі мақсат адамдардарды шерктен алыстатып, оларды таухидке шақыру болды. Олардың мақсаты таухидті тілмен «ла илллаһа илллалаһ» деп қана айту емес, халықты іс жүзіндегі таухидке шақыру болды. Таухидтің белгісі осы дүниенің барлық материалды факторларынан бас тартып, илаһи мәңгілік құдіретке ден қоюда. Сол себепті аяттың жалғасы былай дейді: «Тәуратта айтылған нәрсе мынау болатын: Алладан басқаны дүниеуи және материалды істерде әсерлі деп санамаңдар. Ешкімге ол қандай лауазым мен қызмет иесі болса да арқа сүйемеңдер. Тек Аллаға тәуекел етіңдер». Осы аяттан үйренетініміз:1.Пайғамбарлардың шақыруларының өзегі мен барлық аспандық кітаптардың мәйегі – таухид. Адам өзінің дүниеуи өмірінде үнемі сенімді бір арқа сүйейерді қажет етеді. Пайғамбарлар Алланы адам үшін нағыз арқа сүйер деп таныстырды.