Жел 15, 2016 19:42 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 454-ші бөлім, 125-128 аяттар

«Нахыл» сүресінің  125 аяты:

" اُدع ُ الی سَبیل ِ ربّکَ بالحکمة ِ و المَوعظة ِ الحَسنة ِ وَ جادِلهُم بالتی هِی احسنُ انَّ ربّکَ هُوَ اعلم بمن ضلّ عن سَبیله ِ وَ هُوَ اعلم ُ بالمُهتدین َ "

Адамдарды Рабыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол тура жол тапқандарды да жақсы біледі (125).

«Нахыл» сүресінің соңғы аяттарын құрайтын осы және осыдан кейінгі бірнеше аят пайғамбар мен барлық исламдық тәрбиешілер мен ғалымдарға халықты хақ жаққа шақырғанда дұрыс тәсілдерді пайдалануға кеңес береді. Себебі барлық адамдарды бір тәсілмен шақыруға болмайды. Әрбір адаммен соның өзінің тілінде, оның хабардарлығы мен мүмкіндігіне сәйкес сөйлесу керек: ғалымдар мен оқыған адамдарды дәлел-дәйектермен, бұқара халықты ізгі уағызбен, қырсық, қыңыр адамдарды екі жақты диалог арқылы. Бірақ, теріс айналатындай емес, әсерлі тәсілмен шақырған абзал.Хикметті түрде шақыру әрдайым ізгі әрі қабылдауға лайық тәсіл. Сол себепті мықты ақылға негізделген дәлелдер мен дәйектер – барлық ақылды адамдардың сұхбаттары мен пікір және ғылыми әрекеттестіктерінің іргетасы. Бірақ уағыз бен пікірталас жақсы да жаман да болуы мүмкін. Сол себепті уағыз туралы: «Уағыз жақсы» деп, пікірталас тұрғысында: «Пікірталас өте жақсы» деген.  Кейде кеңес беруші өзін артық көрсеткісі келіп, кеңес алушыны кемсітіп, қорлауымен қатар болатын ақыл-кеңестер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оны тартып, көңілін аударудың орнына кері нәтиже болуы мүмкін. Қарсы тараптағы адамның сезімін жаралап, ол уағыздаушы адамды жек көруіне себеп болуы мүмкін.  Пікірталас саласында Құран сіздердің пікірталастыру әдістеріңіздің қарсы тараптан артық болуына кеңес береді. Себебі мақсат ұрыс пен қақтығыс, қырсықтық пен қарсыластықты арттыру емес, адамды үйіріп, тарту. Қарсыластармен пікірталастыру айла-шарғы немесе қорлау мен кемсіту, айғай негізінде емес, хақ, әділет және шындық негізінде болуы керек. Аяттың жалғасы былай дейді: «Сендердің міндеттерің халықты шақыру. Кімнің қабылдап, қабылдамауы сендердің міндеттерің емес, Алла қай адамның жүрегімен ақиқатты қабылдаған, қабылдамағанын артық біледі». Осы аяттан мынадай ой түйеміз:1. Дінді уағыздау әсерлі болу үшін арналатын адамның жағдайы мен қажеттіліктері негізінде әртүрлі  тілдер мен тәсілдер арқылы болуы керек. 2. Адамдарды Алла тарапына шақырғанда тұрақтырақ және әсерлірек болу үшін ақыл мен сезімнің екеуінің қырларынан да пайдалану керек. 

«Нахыл» сүресінің 126 аяты:

" وَ ان عاقبتم فعاقبوا بمثل ما عوقبتم به و لئن صبرتم لهو خیرٌ للصّابرینَ "

Егер дұшпанға жаза берсеңдер, өздеріңе істелген тәрізді ғана істеңдер. Егер сабыр қылсаңдар, әрине ол сабырлылар үшін хайырлы болады. (126)

«Қарсыластармен лайықты тәсілмен пікірталастырыңдар» деген алдыңғы аяттың жалғасында осы аят былай дейді: «Егер олар шектен шығып, күш көрсетсе сендер де олардың өздері сияқты жауабын бере аласыңдар. Бірақ егер оларды жазалаудан бойтартып, сабыр сақтап, шыдамдылық танытсаңдар, бұл сендердің өздерің үшін пайдалы болады». Кейбір тарихи рауаяттарда Хамзенің (пайғамбардың ағасы) Ухуд соғысында шәһид болып, оның денесін жабайылықпен адам көргісіз күйге ұшыратқан соң  пайғамбар: «Егер оны өлтірген адамды қолға түсірсем, оған да дәл Хамзеге жасағандай жасаймын» дегенде осы аят түсіп, пайғамбар: «Сабыр сақтап, оны кешірдім» дейді.  Осы аяттан үйреннтініміз:1. Тіпті қарсыластар мен дұшпандармен әрекеттескенде де әділетті сақтап, артық кетпеу керек. 2. Сабыр өш алуда жоқ лаззатқа ие. Қарсыластармен бетпе-бет келгенде заң жалғыз өзі іске жарамайды. Ахлақты сақтау да лазым. 

«Нахыл» сүресінің 127-128 аяттары:

 " و اصبر و ما صبرکَ الا بالله و لا تحزن علیهم و لاتکُ فی ضیق ٍ ممّا یَمکرون َ " ، " انّ اللهمع الذین اتقوا والذین هُم مُحسنون َ "

(Мұхаммед Ғ.С.) сабыр ет! Сабыр етуің Алланың ғана мәрхаметі. Оларға кейіме де олардың істеген мекерліктеріне тарылма! (127) Шынында Алла, тақуалармен сондай-ақ жақсылық істеушілермен бірге. (128)

 Кейбір адамдар хақты пайғамбарлар сияқты ең пәк әрі ең бейкүнә адамдардың ауыздарынан естігендеріне қарамастан, қырсықтық пен қыңырлықтарына бола хақ пен жауапкершілікті қабылдауға әзір болмады.  Сол себепті осы аят пайғамбарға жұбату түрінде былай дейді: «Сен соларға жетекшілік ету үшін көп қиындыққа шыдағаныңмен, бір топ түбінде хақ сөзді қабылдамағандарымен қоймай, қарсыласатын болады. Олар жала жауып, келеке етіп, азаптап, соғыс пен өлтіру арқылы исламның аспандық заңдарын құртуды мақсат етеді. Бірақ сен ренжіп, қапаланба. Тұрақты да табанды бол. Себебі, Алла – тақуа адамдардың қорғаушысы әрі қолдаушысы. Ол мүмін, діндарларды ешбір жағдайда жалғыз қалдырмайды». Осы аяттардан мынадай ой түйеміз:1. Дінді уағыздау және халықты шақыру мен жетекшілік етуде шыдамды болып, қиындықтарға төзімділік таныту керек. 2. Аллаға тәуекел етіп, дұшпанның алдында төзімділікпен әрекет етіп, тығырыққа тірелмеу үшін Оның ғайыптан келетін жәрдемдеріне иман келтіру керек.