Жел 15, 2016 19:51 Asia/Almaty

Нахыл сүресі, 449-шы бөлім, 104-107 аяттар

«Нахыл» сүресінің  104-105 аяттары:

" انّ الذین لايؤمنون بایات الله لايهدیهم الله و لهم عذاب الیمٌ " ، " انما یفتری الکذب الذین لایؤمنون بایات الله و اولئک هم الکاذبون "

Шынында Алланың аяттарына сенбегендерді Алла оңғармайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар (104). Шын мәнінде Алланың аяттарына сенбегендер орынсыз жасынға шығарады. Міне солар, жалғаншылар. (105)

Алдыңғы бағдарламада кейбір қарсыластардың ислам пайғамбарына жапқан жалаларының бірі мынадай болды. Олар: «Пайғамбардың сол мәселелерді оған үйреткен мұғалімі бар. Ол соларды адамдарға илаһи аяттардың атымен таныстырады» десті.  Осы аяттар былай дейді: «Өзі кәпір адам – адасушы. Ол жетекшіліктен мақұрым. Сол себепті жетекшілік сыйлайтын осы мазмұнды ол пайғамбар соларды халыққа жариялауы үшін пайғамбарға жеткізе алмайды. Құран Кәрімнің аяттары адамды ең жақсы өмір мен құтылу жолына жеткізетін жетекшілік мәйегіне толы. Бірақ өзі осынау жоғары ағартушылықтан кенде адам қалайша пайғамбардың мұғалімі бола алады?» Аяттардың жалғасы ислам пайғамбарына қаратып былай дейді: «Мұндай жалалар мен өтіріктерге қапаланба. Себебі осы жала жабушылықтың тамыры мынада: олар Құдайға сенбейді. Сол себепті өтірік айтады». Осы аяттардан үйренетініміз:1.    Адамды бақытқа жеткізетін нағыз жетекшілік тек аспандық кітап пен илаһи аяттарға деген иманның арқасында ғана жүзеге асады. Басқалар не жетекшілікке жетпеген, не олардың бізге жетекшілік  ететін мүмкіндіктері жоқ. 2.    Өтірікші басқаларды өзіндей көріп, өзінің ойы бойынша басқаларды өтірікші деп таныстырады. 

«Нахыл» сүресінің 106 аяты:

" من کفر بالله من بعد ایمانه الا من اکره و قلبه مطمئنٌ بالایمان ولکن من شرح بالکفر صدرا ً فعليهم غضبٌ من الله و لهم عذابٌ عظیمٌ "

Жүрегі иманнан орныққаннан кейін зорлық көрген біреуден басқа біреу иман келтіргеннен кейін Аллаға қарсы келсе, сондай-ақ біреу көңілін имансыздыққа берсе, оған Алланың ашуы және оларға зор азап бар (106).

Исламның басында Меккенің мүшріктерінің басшылары жаңадан мұсылман болғандарды исламның пайғамбарына иман келтіруден бас тартқызу үшін қатты азаптады. Аммар Йасердің әке-шешесі кәпірлердің азаптауларынан шәһид болды. Азаптау Аммардың өзіне жеткен кезде ол өзінің жүрегінде пайғамбарға таза иман келтіре тұра тілімен күпіршілік білдірді. Осылайша ол осы ісімен өзінің жанын аман сақтап қалды. Кейбір мұсылмандар Аммарды айыптап, ол исламнан қол үзді десті. Оммар пайғамбарға келіп, өзінің оқиғасын хазіретке түсіндірді. Пайғамбар былай деді: «Егер тағы да жаның қатерге тігілсе, сол сөздерді айтып, өзіңді құтқар. Сен бастан-аяқ имансың». Исламдық рауаяттарда адам өзінің жаны үшін ішкі иманын білдірмей немесе тіпті соған қарсы нәрсені айтуды «тағие» деп атайды. «Тағие» шын мәнінде дұшпан алдындағы жасырын істің такикасының бір түрі. Сондықтан рауаяттарда «тағие» адамның жанын дұшпандардың оғы мен зардаптарының алдында қорғайтын қалқанға теңестірілген. Бірақ кейде дінді қорғау имам Хосейннің (ғ) өзі, перзенттері мен серіктерінің жанын сол жолда пида еткені сынды Алланың жолында жан пида етуді қажет етеді. Сондықтан «тағие» діннің негізі қатерге тігілмейтін және дінге соққы берілмейтіндей жағдайларда қолданылады. Аммар сырт көзге күпіршілік білдірген сөздермен кәпірлердің азаптауларына ұшырағанда ислам мен мұсылмандарға ешқандай соққы жасаған жоқ. Осы аяттардан мынадай тұжырым жасаймыз:1.    Адам үнемі қауіп пен жаман салдарға ұшыраудың қатерінде тұрады. Иманды адамдар тәкәппарланбайды. Соңында кәпірге айналып, күпіршілікпен дүниеден өткен мүміндер көп болған. 2.    Егер адам азап жағдайында өзінің сенімдеріне қарсы сөздерді айтуға мәжбүр болса оның құны мен мағынасы жоқ.

«Нахыл» сүресінің 107 аяты:

 " ذلک بانّهم استحبّوا الحیوة الدنیا علی الاخرة و انّ الله لایهدی القوم الکافرین "

Бұл жағдай олардың дүниені, ақиретке балап жақсы көрулерінің салдарынан. Шынында Алла қарсы болған елді оңғармайды. (107)

Алдыңғы аятта былай деді: «Аллаға күпіршілік келтіргендер екі топқа бөлінеді: бір топ қысым мен азаптың салдарынан тілмен күпіршілік білдіргендерімен олардың жүректерінде имандары мықты. Екінші топ ашық жүзбен күпіршілік білдіріп, кәпірлерге барып, Алла мен пайғамбарға деген иманнан қол үзетіндер». Осы аят илаһи қаһарға душар болатын кәпірлердің осы тобы туралы былай дейді: «Олардың өздері осындай салдарды қалады. Себебі дүниенің қысқа өмірін ақыреттің мәңгілік өмірінен артық көріп, илаһи жетекшіліктен кенде кәпірлерге қосылды». Осы аяттан мынадай қорытынды жасаймыз: 1. Күпіршілік пен иманнан қол үзудің негізгі факторы дүние қуушылық пен материалды және дүниелік ләззаттарға жету болып табылады.2. Дүние қуу мен рахат талап ету адамды рухани жетекшіліктерден мақұрым етіп, жаман салдарға себеп болады.