Мәида сүресі, 172-ші бөлім, 109-113 аяттар
Мәида сүресі, 172-ші бөлім, 109-113 аяттар
"Мәида" сүресінің 109-110 аяттары:
يوم يجمع الله الرسل فيقول ماذا اجبتم قالوا لاعلم لنا انك انت علام الغيوب اذ قال الله يا عيسي بن مريم اذكر نعمتي عليك و علي والدتك اذ ايدتك بروح القدس تكلم الناس في المهد و كهلا و اذ علمتك الكتاب و الحكمه والتوراه و الانجيل و اذ تخلق من الطين كهيئه الطير باذني فتنفخ فيها فتكون طيرا باذني و تبري ء الاكمه و الابرص باذني و اذ تخرج الموتي باذني و اذكففت بني اسرائيل عنك اذجئتهم بالبينات فقال الذين كفروا منهم ان هذا الا سحر مبين .
"А... (қиямет күні) пайғамбарларды жиып: "Үмметтеріңді иманға үндегенде қандай жауап алдыңдар?",-деп сұрайды. Олар: "Біз ештеңені білмейміз, сен ғана қарыптарды толық білушісің",-дейді. (109) Өз кезінде А... айтты: "Әй, Мәриям ұлы Иса! Саған және сенің шешеңе берген нығметімді есіңе ал! Сол кезде сені Рухұлқудус (Жәбрайыл періште) арқылы қолдадым. Бесіктегі бөбек кезіңде және (пайғамбар болған) орта жас кезіңде адамдарға сөз сөйледің, сонда саған кітапты, хикметті, Тәуратты, Інжілді үйреттім. Сол кезде менің әміріммен балшықтан құс мүсінін жасап, оны үрлегенде, ол әміріммен құс болып ұшушы еді. Менің әміріммен тума соқырды, алапесті сауықтырдың. Менің әміріммен өлікті (тірілтіп қабырдан) шығардың. Сол кезде Исрайыл ұрпақтарын саған соқтығудан тостым. Ал сен оларға мұғжизалармен келгеніңде, олардың ішіндегі кәпірлері: "Бұл тек көпе-көрнеу сиқырлық",-деген еді." (110)"
Осы аяттарда А... тағала өзінің пайғамбарларымен олардың үмметтеріне берген нығметтері және халықтың сол нығметтерді қаншалықты қабылдағандығы туралы сөйлеседі. Пайғамбарлар халық олардың тәлімдерін қаншалықты қабылдағандығы және өздерінің тірі кезінде және одан кейін олардың осы өсиеттерді қаншалықты орындағандығы туралы сұраққа жауабында: "Нағыз білім А...-да. Ол адамдардың іші мен сыртын толық білуші. Халық бізден кейін өсиеттерімізді орындай ма, жоқ па екенін біз білмейміз",-дейді. Құран сондай-ақ А...-ның хазірет Исамен (ғ) сұхбатына тоқталып, оны аяттың соңына дейін жалғастырады. Осы аяттардың басында: "А... тағала осы ұлы илаһи пайғамбарға сәби кезінен бастап, ғұмырының соңына дейін зор нығметтер берді",-дейді. Анасынан әкесіз тууы, бесікте сөйлеуі, құстың мүсінін жасап, оны тірілту, тума науқастарды сауықтыру, қабырдегі мәйітті тірілту осының барлығы хазірет Исаның (ғ) қолымен жасалған А...-ның мұғжизалары. Аяттың соңы: "Барлық мұғжизаларға қарамастан, ақиқатты мойындағысы келмегендер мұның бәрін сиқыр деп атап, күпірлік білдірді",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, ананың пәктігі мен тақуалығы А...-ның ерекше ілтипатына бөленуге және пәк әрі шыншыл перзенттің дүниеге келуіне жағдай жасайды.
Екіншіден, ақиқатты қабылдай алмаған адамның жүрегі – топырақ пен тастан да төмен. Мәсіх (ғ) жансыз балшыққа үрлегенде, ол тіріліп, ұша жөнелді. Алайда кәпірлердің жүректері ешқандай әсер алмады.
Үшіншіден, А... тағала өзінің әулиелеріне шипа беру құдіретін берсе, халықтың олардан науқастарын емдеуді сұрауына болады.
Төртіншіден, Исраил ұрпағы хазірет Исаны (ғ) өлтірмекші болғанымен, А... тағала оны бұл қастандықтан аман сақтап қалды.
"Мәида" сүресінің 111-ші аяты:
و اذ او حيت الي الحوارين ان آمنوا بي وبرسولي قالوا آمنا واشهد باننا مسلمون.
"Сол кезде Хауариларға : "Маған және менің елшіме сеніңдер",-деп уахи түсірдім. Олар: "Біз иландық, біздің нағыз мұсылман болғандығымызға өзің куә бол",-деді. (111)"
Бұл аят А... тағаланың хазірет Исаға (ғ) берген тағы бір нығметіне меңзеп: "Мен рухы таза адамдардың көңілдеріне саған иман келтірсін деп уахи еттім. Олар да қабылдады",-дейді. Тарихи рауаяттар бойынша, хазірет Исаның (ғ) он екі адал серігі болған. Олардың ниеті таза және қоғамды күнәдан тазартуға әрекет еткендіктен "хауарилер" деп аталған. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, адамның көңілі таза болса, А...-ның уахиы арқылы ақиқатты қабылдайды.
Екіншіден, нағыз иманның белгісі – А... мен пайғамбарлардың нұсқауларына бойсұну болып табылады. Иман мен бағыну бір-бірінен бөлек емес.
"Мәида" сүресінің 112-113 аяттары:
اذ قال الحواريون يا عيسي بن مريم هل يسطيع ربك ان ينزل عيننا مائده من السماء قال اتقواالله ان كنتم مومنين قالوا نريد ان تاكل منها و تطمئن قلوبنا و نعلم ان قد صدقتنا و نكون عليهما من الشاهدين .
"Сонда Хауарилар: "Ей, Мәриям ұлы Иса! Раббың бізге көктен тағамы бар бір дастарқан түсіріп бере ала ма?",-деді. (Иса оларға): "Егер (А...-ның құдіретіне) илансаңдар, А...-дан қорқыңдар",-деді. (112) "Одан біздің жегіміз келеді, сонымен көңіліміз орнықсын, сөзіңнің растығын білейік және сенің пайғамбарлығыңа куә болайық",-деді (Хауарилар). (113)"
А...-ның ілтипаты мен уахиы арқылы хауарилер Исаға (с) иман келтіреді. Дегенмен олар имандары мен көкіректегі сезімдерін күшейту үшін хазірет Исадан (ғ) оларға аспаннан дастарқан түсіруін сұрайды. Олардың бұл сұрағы ыңғайсыз және "мұндай іске А...-ның құдіреті келмейтін" тәрізді болып көрінгендіктен, хазірет Иса (ғ) оларға: "Сендер А...-ға иман келтіргеннен кейін неге мұндай сұрақ қоясыңдар?",-дейді. Олар: "Бұл, бір жағынан біздің иманымызды күшейту үшін, келесі жағынан халыққа "Исаның Құдайы осындай істер істейді" деп айту үшін",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, иманның жоғары дәрежесі – жүрекпен сену болып табылады. Сондықтан мүмін адам әрдайым соған жетуге тырысады.
Екіншіден, мүмін А...-ны сынамақшы болып: "Егер А... Құдай болса, менің айтқанымды орындасын",-деуіне болмайды, қайта "мені жүрек сеніміне жеткізсін" деуі тиіс.