Мәида сүресі, 153-ші бөлім, 41-43 аяттар
Мәида сүресі, 153-ші бөлім, 41-43 аяттар
"Мәида" сүресінің 41-42 аяттары:
يا ايهاالرسول لايحزنك الذين يسارعون في الكفر من الذين قالوا امنا بافواههم و لم تومن قلوبهم و من الذين هادوا سماعون للكذب سماعون لقوم آخرين لم ياتوك يحرفون الكلم من بعد مواضعه يقولون ان اوتيتم هذا فخذوه و ان لم توتوه فاحذروا و من يردالله فتنته فلن تملك له من الله شيئا اولئك الذين لم يرد الله ان يطهر قلوبهم لهم في الدنيا خزي و لهم في الاخره عذاب عظيم سماعون للكذب اكالون للسحت فان جاوء ك فاحكم بينهم او اعرض عنهم وان تعرض عنهم فلن يضرون شيئا و ان حكمت فاحكم بينهم بالقسط ان الله يحب المقسطين
"Ей, пайғамбар! Аузында ғана "сендік" деп, көңіл-көкейінде сенбейтіндерден, яһудилерден күпірлікке асығатындар сені жабырқатпасын. Олар өтірік-өсекті құлай тыңдайды, сенің қасыңа келмеген (саған жат) бір қауымның (кейбір яһудилерінің) сөзіне құлақ салады. Олар (Тәураттың) сөздерін қалыбынан өзгертеді. Олар: "Сендерге мынадай (үкім) берілсе қабыл алыңдар да, ондай берілмесе қабыл алмаңдар",-дейді. А... біреудің азғындауын қаласа, сен оның жолында ешнәрсе тындыра алмайсың. Ондайлар – А... (азғындықтан) жүрегін тазартуды қаламаған адамдар. Олар бұл дүниеде қорлыққа түсіп, ақыретте ауыр жазаға душар болады. (41) Олар – өтірікке құлақ салушылар, арамды жеушілер. (Ей, Мұхаммед!) Егер, олар сенің алдыңа (дауласып) келсе, оларға билік айтсаң да, немесе теріс қарасаң да болады. Егер, оларға теріс қарасаң да, олар саған зиян тигізе алмайды. Алда-жалда төрелік айтсаң, араларына әділдікпен төрелік айт. А... шынында әділдерді сүйеді. (42)"
Тарихи рауаяттар бойынша, бұл аяттар Мәдина қаласының бір топ яһудилері жөнінде түскен. Оқиға былай болған "Яһудилердің бір танымал байы зина жасайды. Иудей діні бойынша мұндай адамға "тас лақтыру" үкімі қолданылу тиіс болғандықтан, ол осы үкімнен құтылу үшін: "Ислам пайғамбарына (с) бір кісіні жіберіп, одан бұл мәселедегі Исламның үкімін сұрайық, оның үкімі жеңілірек шығар?",-дейді. Бірақ Ислам пайғамбары (с) да мұндай адамға "тас лақтыру" үкімі қолданылатынын айтады. Алайда олар мұны қабылдағысы келмейді. Сонда осы аят түсіп, пайғамбарға: "Егер яһудилер сенен сұраған А...-ның үкімін қабылдамаса, қамықпа. Өйткені тарихтағы олардың пайғамбарларды жоққа шығарып, олардың тәлімдерін өзгерткен қылықтары белгілі. Олардың иман келтірмегендігіне ренжіме, өйткені олар сенен ақиқатты іздеп емес, өздері мен дос-жораларының талабымен келді. Сенің сөздерің олардың ыңғайына келмегендіктен, оны мойындамай, жөндеріне кетті. Олар А...-ның жазасынан құтыламыз деп ойламасын. А... оларды осы дүниеде де, ақыретте де қатаң жазалап, абыройларын төгеді. Өйткені олардың ниеті мен ішкі дүниесі таза емес",-дейді". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, иман – ауызбен айту емес, жүрекпен сену.
Екіншіден, біз А...-ға өз талаптарымызды қоюдың орнына, А...-ның нұсқауларына бойсұнуымыз керек.
Үшіншіден, дұшпандар өздерінің күпірлігі мен екіжүзділігіне қасарысып тұрғанда, неліктен мұсылмандар өздерінің ақиқат жолында осалдық танытады?
Төртіншіден, яһуди қауымының ерекшелігі – өсім мен харамды жеу болып табылады.
Бесіншіден, Исламдағы төрелік әділеттікке негізделген. Дос па, дұшпан ба, кедей ме, бай ма айырмашылық етпейді.
"Мәида" сүресінің 43-ші аяты:
و كيف يحكمونك و عندهم التوراه فيها حكم الله ثم يتولون من بعد ذلك و مااولئك بالمومنين .
"Олардың жанында А...-ның үкімі жазылған Тәурат бар бола тұра, олар (оған мойынсал болмай тұрып) қалайша саған жүгінеді? Олар онан кейін де сенің билігіңнен бет бұрады. Ондайлар – (Тәуратқа да, Құранға да) анық сенбейтіндер. (43)"
Бағдарламаның басында айтқанымыздай, яһудилердің бір тобы Тәураттың үкімінен құтылу үшін, Ислам пайғамбарының (с) алдына келеді. Бірақ олар Исламның үкімін де мойындамады. Сондықтан пайғамбар, яһудилердің барлығы оның сөзін қабылдайтын инб Сурия есімді яһуди ғұламасын шақырып, оған: "Мұсаға Тәуратты түсірген Құдаймен ант етемін! Тәуратта мұндай жағдайда "тас лақтыру" үкімі қарастырылған емес пе?",-дейді. Ол: "Иә, қарастырылған",-деді. Пайғамбар (с): "Ендеше осы үкімнен неге қашасыңдар?",-дейді. Ол: "Біз бұл үкімді қарапайым адамдарға ғана қатысты қолданып, ақсүйектерге қолданбай жүргенбіз. Бірақ аталмыш күнә байлардың арасында кең таралып, сол үшін халық бізді айыптайтын болды. Сондықтан біз жеңілдеу заң шығардық. Осы заң бойынша зина жасаған адамға қырық дүре соғып, оны көше мен базарда айналдырып шығамыз",-дейді. Сонда пайғамбар (с) тұрып: "Ей, А... өзің куәсің, мен иудей дінінде ұмытылған Сенің үкіміңді жандандырдым",-деген. Осы аяттан үйренетіміз:
Біріншіден, Құранның көзқарасынша Тәурат толық бұрмаланған жоқ. Онда А...-ның кейбір үкімдері бар.
Екіншіден, илаһи үкімдер мен ережелерге бағынбау имансыздықтың немесе иманның әлсіздігінің белгісі. Өйткені иманның белгісі – А...-ның заңына бойсұну болып табылады.
Үшіншіден, мұсылмандар кітап иелерімен жақын байланыста болған. Олар кейде Ислам пайғамбарынан (с) төрелік етуін сұрайтын болған.