Рамазан – Алланың айы 4
Мейірімді Аллаға өзінің шексіз нығметтерінен пайдаланып, биылғы рамазан айына жеткізгені үшін шүкіршілігімізді білдіреміз. Исламның ұлық пайғамбары бұл ай туралы: «Егер пенде рамазан айының қадір-қасиетін білгенде жыл бойы рамазан болсын деп армандайтын еді»,- деген.
Бұл маңызды ай көптеген береке мен қадір-қасиетке ие. Әр адам бұл айда белгілі уақытта ішіп, жеуден тартынуымен бірге илаһи міндеттің басқа да тәрбиелік әсерлеріне көңіл бөледі. Сондай әсерлердің бірі жігерді күшейту болып табылады.
Жігер – өмірдің қиын сәттеріндегі шынайы қалау. Кейбір адамдар жігерлерінің әлсіздігінен қиындықтарға душар болады. Олардың жігерлерінің әлсіздігінің белгілерінің біріне жұмыстарын әрқашан кейінге қалдыруы жатады. Жігерлерінің әлсіздігінің келесі белгісі олардың дер кезінде орынды шешім қабылдай алмауы саналады. Сондықтан олар шешімдерін күмәнмен баяндайды немесе басқалардың пікірін күтеді. Жігері әлсіз адамдар сабырсыз келеді. Мәселен, олар бір істі бастап, қиындыққа тірелген кезде оған төзе алмай, ашуланып, істі аяқтаудан бас тартуы мүмкін. Сол себепті жігері осал адамдар рамазан айы мен осы айдағы ораза тұту сынды илаһи міндеттен көмек алсын деп тілейміз. Ораза тұту табандылық күшін арттыратын жаттығу болғандықтан, ерік-жігерді де нығайтады. Ораза тұту деген сабыр сақтаудың шынайы мағынасын түсіну болып табылады.
Негізінде ораза тұтушы адам нәпсісімен күресіп, оған қарсылық білдіреді. Өйткені, нәпсі мен шаһуаттың билігі – адам үшін ең қатерлі билік. Ол адамды торына түсіріп, жамандыққа итермелейді. Сондықтан ислам діні нәпсінің билігіне қарсы күресті «жиһаде акбар» яғни «үлкен жиһад» деп атайды. Бұл мәселе өте маңызды болғандықтан, мықты жігерді қажет етеді. Бір жылдың ішінде бір ай тәрбие бағдарламасы ретінде орындалатын ораза бұрыс әдеттерден тартынуға маңызды әсерін тигізеді. Ораза тұтушы адам рамазан айындағы мұрсатты пайдаланып, өмірі мен іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізеді. Рамазан айында адам өз іс-әрекеттерін бақылауға алып, қателіктерін азайтады. Ораза тұтушы адам нәпсісіне қарсы тұрып, күнә жасаудан тартынуымен бірге өз өмірінің барлық тұрғыларын бақылауға алады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Ең жақсы адам нәпсісімен күресетін, ең күшті адам нәпсісін жеңетін адам»,- деген болатын.
***************************************************************
«Бақаре» сүресінің 2-5-ші аяттары:
ذَلِکَ الْکِتَابُ لَا رَیْبَ فِیهِ هُدًى لِلْمُتَّقِینَ *الَّذِینَ یُؤْمِنُونَ بِالْغَیْبِ وَیُقِیمُونَ الصَّلَاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ یُنْفِقُونَ *وَالَّذِینَ یُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَیْکَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِکَ وَبِالْآخِرَةِ هُمْ یُوقِنُونَ.*
«Міне, осы Кітап – күдіксіз, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Сондай олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады. (Мұхаммад с.ғ.с) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады. Міне, солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар».
Құран – барлық адамдарға дұрыс жолды нұсқайтын кітап. Әрине, бұл кітапты пайдаланатын адамдар – тақуалар. Алла Тағала аталмыш аяттарда тақуа адамның алты ерекшелігіне тоқталады: біріншісі – ғайып нәрсеге иман келтіру; Иман келтіргендер ғайып нәрсеге сенеді. Ғайып – адамның көзіне көрінбейтін құбылыс. Негізінде, бүкіл әлем ғайып және әшкере нәрселерге бөлінеді. Әшкере – адам сезе алатын, нақтырақ айтқанда естіп, көріп, ұстай алатын құбылыс. Ғайып әлем – адам сезе де, түсіне де алмайтын, яғни біз сезе алмайтын әлем. Мәселен, Алланың өзі. Тақуалардың екінші ерекшелігі – намазды орындауы. Олар намазды ықыласпен орындап, оның түсініктерін күнделікті тұрмыстарында пайдаланады; үшінші ерекшелік – қайырымдылық жасауы. Қайырымдылық, яғни мүлікті илаһи армандар мен жоғары мақсаттар жолында жұмсау; төртінші және бесінші ерекшелік – саған жіберілген және одан жоғары барлық нәрсеге иман келтіру. Өйткені адам Аллаға иман келтіріп, уаһиге иман келтірмейді.
Ақыретке иман келтіру – тақуалардың алтыншы ерекшелігі. Ақырет – бұл дүниеден кейінгі кезең. Сондықтан діннің бірінші жұмысы халыққа өлімнен кейінгі өмірдің аяқталмайтынын түсіндіру. Өлімнен кейін де өмір, есеп-қисап, кітап пен жаза бар. Бұл өмірде дұрыс әрекет ету – келесі өмірде іс әрекеттердің нәтижесін пайдалану. Хавадже Абдолла Ансари тақуалық туралы: «Құран тақуалардың жол нұсқаушысы болғандықтан, тақуа болуға талпын. Бүгін тақуа болуға талпыныс жасаған адам қияметте Аллаға жақын болады. Өйткені, Алланың алдында ең қадірлі пенделері – ең тақуа адамдар. Тікен жерден өтетін болсаң, етегіңді жинап, тікендерден абай бол!»- деген.
********************************************************************
Оразаның медициналық тұрғысы мен рамазан айындағы тамақтану мәселесіне назар аудартамыз.
Медицина ғылымы және тәжірибе мөлшерден артық тамақтану мен тойып тамақтанудың көптеген ауруларға душар ететінін дәлелдеді. Денсаулық пен гигиена тұрғысынан азырақ тамақтану керек. Сондықтан адам тамақ жеуді тәбеті әлі асқа шауып тұрған кезде аяқтаған жөн. Тәжірибе әрқашан тойып тамақтанатын адамдарға қарағанда азырақ тамақтанатындардың денсаулықтарының жақсырақ болатынын көрсетеді. Хазірет Әли (ғ.с.) ауруға шалдығудың алдын алу туралы перзенті имам Хасан (ғ.с.) берген ақыл-кеңесінде: «Емшілерді қажет етпеу үшін төрт нәрседен хабардар еткім келеді: Аш болмасаң, дастарханның басына отырма. Қатты тоймай тұрып, тамақ жеуді тоқтат. Тамақты жақсылап шайнап же. Тойып ұйықтама»,- деген.
Бүгінде ораза денсаулықтың ең маңызды факторларының бірі ретінде әлемнің медициналық қоғамының назарына ілінуде. Исламның ұлық пайғамбары: «Дендерің сау болу үшін ораза тұтыңдар»,- деген. Францияның әйгілі физиологы доктор Карл: «Ораза тұту барлық діндерде қуатталған. Ораза тұтқан кезде басында аштық, кейде әлсіздік сезіледі. Бірақ, бірнеше күннен кейін адамның барлық ағзасы қалыпты жағдайға түсіп, жүрек пен ішкі ортаның теңгерімін сақтайды»,- деді. Франциялық зерттеушілер зерттеулеріне сүйеніп, ораза тұтудың кейбір ауруларға, соның ішінде обыр ауруының алдын алуға себеп болады деп санайды. Сонымен бірге олардың пікірі бойынша, ораза қартаю және Альцгеймер ауруына шалдығу ықтималын да төмендетеді. Доктор Бохнегар – оразаның адамға тигізетін әсері туралы көп зерттеген адамдардың бірі. Ол ауруларды оразамен емдеу туралы мақаласында: «Бохнегар клиникасының құрылғанының 50 жылында әртүрлі ауруларға шалдыққан 50 мыңнан астам науқас осы клиникаға түсіп, оразаның арқасында емделіп кетті»,- деп жазды. Ол Рим дәрігерінің бірінің «Алғашқы ауру мөлшерден артық тамақтанудың салдарынан болды. Алғаш рет те адам аштықтың арқасында емделді» деген сөзін есіне алды.
Зерттеушілердің пікірінше, ораза тұту кезінде тамақтану 20-40 пайызға төмендеп, дененің имунниттеті көтеріледі. Ораза тұту денеде жиналған удың шығуына, нәтижесінде дененің ең үлкен жүйелерінің бірі ас қорыту жүйесінің демалуына себеп болады.