Маусым 03, 2017 20:15 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 9

Ислам революциясына дейін имам Хомейни Наджафта қуғында жүрген кезде бұл кісінің қасында болған адамдардың бірі: «Имам Хомейни Наджафта өмір сүрген кезде көптеген қиындықтармен кезіккеніне қарамастан, қасиетті рамазан айында күніне Құранның оң жүзін оқитын, яғни әрбір үш күнде Құранды толық оқып шығатын»,- деп есіне алатын.

Биылғы қасиетті рамазан айының тоғызыншы күні Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің қайтыс болған күнінің жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Имам Хомейни Иранда өзінің нәтижесімен әлемдік теңгерімді өзгерткен қозғалысты басқарды. Бұл қозғалыс қысқа уақытта басқа елдердің көптеген халықтарының назарын өзіне аударды. Имам Хомейни Иран халқының рухани өзгерісінің ең маңызды факторы болды. Иран халқының революцияға және содан кейін сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс соғысына жаппай қатысуы және олардың исламның құндылықтарына қарай бет бұруы имам Хомейни сынды үстемшілдікке қарсы мистик ғалымның насихаттарының аясында орын алды. Имам Хомейни илаһи адам болды. Бірақ, хазірет әлсіздерді қорғап, зорлық-зомбылық жасаушылармен бетпе-бет келген кезде батыл әрі қатаң қатынас көрсететін. Имам Хомейни ғылым, саясат және мистика саласында теңдессіз құдыретке ие еді. Ғылыми-мистикалық өте күрделі мәселелер саласында ең жоғары деңгейге ие болуымен бірге саяси және қоғамдық ықпалды басшы болу тарихтағы таңырқататын жайт саналады. Оның жүрегіндегі сенім Алланың мейірімділігіне деген мықты иманның нәтижесі болды. Имам Хомейни әлемді Алланың жаратылысы санап, илаһи мейірімділікке күмән келтірмеді. Имамның өмірі мен іс-әрекеттерін зерттеген әр адам ол кісінің Құранның нығметіне сүйеніп өмір сүргенін көреді. Имам: «Біз егер Құран үшін шүкіршілік білдіріп, өміріміздің барлық сәттерін сәжде жасап өткізсек те жеткіліксіз»,- деген.

Имам Хомейни

Құранмен қарым-қатынас орнатудың бірінші қадамы оны күнделікті оқу болып табылады. Өйткені, Құранмен тікелей байланыс болмаса, оның қисыны мен мазмұнын түсіну мүмкін емес. Ислам реваолюциясына дейін имам Хомейни Наджафта қуғында жүрген кезде бұл кісінің қасында болған адамдардың бірі: «Имам Хомейни Наджафта өмір сүрген кезде көптеген қиындықтармен кезіккеніне қарамастан, қасиетті рамазан айында күніне Құранның оң жүзін оқитын, яғни әрбір үш күнде Құранды толық оқып шығатын»,- деп есіне алатын. Құранды түсіну үшін оны ойланып оқыған маңызды. Құранды ойланып оқу имам Хомейни үшін өте маңызды болды. Ол өзінің келініне берген ақыл-кеңесінде: «Құрандағы илаһи қайнар туралы ойлан. Жақсы көретін хат сынды оны қайталап оқу тыңдарман үшін жағымды әсер етеді, алайда оны ойланып оқу, адамды жоғары деңгейге жеткізеді»,- деген. Имамның перзенттерінің бірі: «Имам рамазан айында түні бой таң намазына дейін дұға оқитын. Таң намазынан кейін шамалы демалып, жұмыстарына дайындалатын. Рамазан айының басталуы ол үшін ерекше құнды болды. Сондықтан, ол кісі осы айдың берекесінен пайдалану үшін кейбір істерін тоқтататын. Хазірет бұл айда өз өміріне ерекше өзгеріс енгізіп, тамақты өте аз ішетін. Тіпті ұзақ күндерде де ауызашар мен сәресі кезінде тамақты өте аз ішкені сондай, біз әкеміз тамақтанбады деп ойлайтынбыз»,- деп айтқан болатын.

Имам Хомейни

    ******************************************************** 

 

«Ниса» сүресінің 69-шы аяты:

وَمَنْ یُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَئِکَ مَعَ الَّذِینَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَیْهِمْ مِنَ النَّبِیِّینَ وَالصِّدِّیقِینَ وَالشُّهَدَاءِ وَالصَّالِحِینَ وَحَسُنَ أُولَئِکَ رَفِیقًا

«Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бойсұнса, міне солар; Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады. Олар қандай жақсы жолдас!»

Бұл аятта Алланың шариғатын орындап, Оның елшісіне бағынатын адамдардың Алла оларға нығметін сыйлайтын адамдардың қатарына қосылатындығы туралы айтылған. Әр мұсылман күн сайын кемінде 10 рет оқитын «Хамд» сүресінде осы адамдар туралы баяндалған. Алладан «Бізді тура жолға сала көр!» деп,  тура жолға нұсқауды сұрағаннан кейін бұл жолды «Нығметке бөленгендеріңнің жолына!» яғни, «Ашуға ұшырағандар мен  адасқандардың жолына емес!», Алла нығметін сыйлаған адамдардың жолына деп анықтайды.

«Ниса» сүресінің 69-шы аяты «Алла нығметіне бөлегендерді» төрт топқа бөледі: бірінші топ – халықты дұрыс жолға нұсқап, басқаратын  және тура жолға шақыратын пайғамбарлар; олардан кейін шыншылдар. Шыншылдар шындықты айтатындар және өздерінің іс-әрекеттері және сөздерімен өздерінің шыншылдықтарын дәлелдейтіндер. Олар иман келтіргендері туралы тек уәжденбей, шын мәнінде илаһи бұйрықтарға иман келтіргендіктерін көрсетеді. Бұл аят набоваттан кейін шыншылдықтан жоғары дәреженің жоқ екенін анықтайды; содан соң қиямет күні адамдардың іс-әрекеттеріне  куәлік ететін шәһидтер туралы айтылған; соңында  өздерінің сындарлы әрі пайдалы жұмыстары және пайғамбарлардың жақтастары болып, үлкен дәрежеге жеткендер игілер еске алынды. Сонымен қатар бұл аят адамның достарының өте  маңыздылығына тоқталады. Тіпті, ақыретте жаннаттың нығметтерін толықтыру үшін үлкен нығмет Алла мен Пайғамбарға (с.ғ.с.) бағынғандарға сыйланады. Олар барлық артықшылықтарға ие болуымен бірге «пайғамбарлар мен шыншылдар, шәһидтер және игілермен бірге болады».

Ходже Абдолла Ансари бұл аяттың жіберілуі туралы: «Савабан Алла елшісінің жақын сахабаларының бірі болды. Ол Пайғамбарды қатты жақсы көрді.  Бірақ, өте әлжуаз еді. Күндердің бірінде пайғамбар одан: «Бір жерің ауырады ма, неге соншалықты әлсіз көрінесің?»- деп сұрағанда Савабан: «Менің уайымым мынадай: сіз жаннәтта болғанда біз сізді көре аламыз ба?»,- деп сұраған.

               ***************************************

 

Қасиетті рамазан айында тағамдар және олардың адамның денсаулығына тигізетін әсері маңызды. Бәрінен маңыздысы – тамақтың түрлілігі және оны қалай пайдалануда. Ораза тұтушылар отбасыларын халал әрі таза тамақпен тамақтандыруға күш салады. Өйткені,  халал тамақ ахлақи сипаттардың дамуы үшін жағдай тудырады. Мейірімді әрі адамның ырзығын беруші Алла Тағала жаратылған әлемнің шексіз нығметтерін адам үшін жаратып, оны  таза тамақпен тамақтануға шақырады. Құран пәк тамақ пен іс-әрекеттің байланысын маңызды санап, «Мүминун» сүресінің 51-ші аятында пайғамбарлардан: «Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер, игілік істеңдер...»,- деп талап етеді. Алла Тағала илаһи пәк ырзықты Бани Адамның басқа жаратылыстардан артықшылығы деп еске алады. Пәк тамақ игі сөз сынды адамның рухына әсер етеді. Сондай-ақ, жаңбырдың көк пен гүлдің өсуіне әсер ететіндігі сынды адамның болмысындағы ахлақи құндылықтарды қорғап, рухани кемелдікке жетуге көмектеседі. Сонымен, тамақ пайдалы, таза, халал және оны жасаған шикізаттары мен ыдысы таза болуы керек.

Таза тамақ табиғат және адамның болмысымен үйлесіп, сонымен бірге бұл тағам адамның еңбегінің арқасында келген болса, адамға жақсы сезім әкеледі. Мамандардың пікірінше, адам халал әрі таза тамақ ішсе, оның дені сау әрі бақытты болады.

Құран Кәрім денсаулық пен тамақтың тазалығы туралы өз аяттарында кейбір жемістер мен тамақтардың атауларына тоқталады. Діни рауаяттарда кейбір тамақтардың адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне әсер ететіндігін баяндалған. Мәселен, бал жадының дамып, жүректің тыныштығына, құрма адамның сабыр сақтауына себеп болады. Имам Реза (ғ.с.) зейтүн жеуді насихаттап: «Зейтүннің майы асқазанды тазартып, жүйкені нығайтады; шаршап-шалдықтыратын ауруларды жойып, мінез-құлықты жақсартып, рухты тыныштыққа бөлейді»,- деген болатын.  Жүзім де уайым-қайғыны  қуанышқа айналдыратын  жемістердің қатарына жатады. Диетологтар ораза тұтушыларға осы жемістерді жеуге кеңес береді.