Маусым 12, 2017 18:32 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 18

Құранның көптеген аяттары адамдарды илаһи нығметтерге рақмет айтуға шақырады. Иманды адамдар әрқашан илаһи нығметтерді ұмытпай, Алланы мадақтап, рақмет айтады.

Қасиетті Рамазан айында бізге жаттығуға және күнәләрдән тартынып, өзінен кешірім сұрауға мүмкіндік берген Жаратушымызға ризалығымызды білдіреміз. Рамазан айында күнә жасап, Алланың кешірімінен мақұрым қалғандар  қандай бақытсыз. Өкінішке орай, кейбіреулер оразаны тек шөл мен аштық санап,  оның шынайы философиясын түсінбейді. Құранның көптеген аяттары адамдарды илаһи нығметтерге рақмет айтуға шақырады. Иманды адамдар әрқашан илаһи нығметтерді ұмытпай, Алланы мадақтап, рақмет айтады. Олар илаһи нығметтерді Құдай риза болатын жолдарда пайдаланады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Нығметтерге шынайы шүкіршілік білдіру оларды харам жолда пайдаланбау»,- деген болатын.

Алла Тағала Құранда, егер адамдар оның нығметтеріне шүкіршілік білдірсе, нығметтерді арттыру туралы уәде берді. Имам Садық (ғ.с.): «Саған нығмет бергенге  рақметіңді айт. Саған рақметін айтқанға жақсылық жаса, өйткені шүкіршілік еткен нығметтер азаймайды, ал егер шүкір білдірілмесе, сақталмайды»,- деп ескерткен болатын.

Ақиқатты тану, яғни қиындықтар шешілген немесе илаһи мейірімділікті еске алған кезде Алла Тағалаға бүкіл болмысымызбен рақмет  айту болып табылады. Алайда, Алла Тағала пенделерінің шүкіршілігін қажет етпейді, өйткені, ол – бай әрі әлемнің иесі. Сондықтан «Намл» сүресінің 40-шы аятында: «...Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім шүкірлік қылмаса, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мұқтаж емес), өте жомарт»,- деп айтылған.

 Күндердің бірінде Жаратушы хазірет Мұсаға: «Әй, Мұса! Маған шүкіршілік білдір. Ол шынайы шүкіршілік болсын»,- деген уәһи жібереді. Хазірет Мұса: «Уа, Алла! Қалай шүкіршілігімді білдіремін? Өзіңнің нығметтеріңе шүкір етудің өзі  нығмет саналып, оған да шүкір ету керек»,- дейді. Сол кезде: «Әй, Мұса! Шүкіршілігіңді білдірдің, өйткені оның мен тарапымнан жіберілген нығмет екенін түсіндің»,- деген дауыс естіді.

              **********************************

 

«Хадж» сүресінің 40-шы аяты:

«الَّذینَ أُخرِجوا مِن دِیارِهِم بِغَیرِ حَقٍّ إِلّا أَن یَقولوا رَبُّنَا اللَّهُ ۗ وَلَولا دَفعُ اللَّهِ النّاسَ بَعضَهُم بِبَعضٍ لَهُدِّمَت صَوامِعُ وَبِیَعٌ وَصَلَواتٌ وَمَساجِدُ یُذکَرُ فیهَا اسمُ اللَّهِ کَثیرًا ۗ وَلَیَنصُرَنَّ اللَّهُ مَن یَنصُرُهُ ۗ إِنَّ اللَّهَ لَقَوِیٌّ عَزیزٌ 

«Олар сондай жазықсыз: “Раббымыз Алла” дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла адамдарды бірін-бірі арқылы қорғамаса, монастырлар, шіркеулер, яһудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер құлатылар еді. Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз, Алла, аса көруші, тым үстем».

Бұл аят мүшіріктердің  мүміндерге жасаған зорлық-зомбылықтарына тоқталып, олардың мұсылмандарды ешбір себепсіз өмір сүретін жерлерінен шығарып жібергені туралы айтады. Яғни, олар мұсылмандарға Меккеде азап-қорлық көрсетуімен бірге, оларды үйлері мен отандарын тастап кетуге мәжбүрледі. Оларды азаптаудың себебі «Жаратушымыз – Алла, пұттар емес» деп айтуы себеп болды.

Тауһид, Алланың жалғыз болуын мойындау – күнә емес, құрмет. Бірақ мүшіріктердің бұл мойындауларды тыңдауға төзімділіктері жетпейді. Олар бұл мәселені сылтауратып, мүміндерді үйлері мен туған жерлерінен шығарып, хиджрат  етуге мәжбүрледі. Бұл аят жалғасында джиһад философиясының біріне тоқталып: «Егер Алла Тағала мүміндерді қорғамаса, жиһад арқылы кейбіреулерді басқалардың арқасында қорғамаса, Алланың есімі зейнеті болған барлық мешіттер мен басқа ғибадат мекендерін қиратады. Халықтың өмірлік мүдделерін қорғауы толық табиғи мәселе. Барлық адамдар Алла оларға сыйланған ойлану күшін пайдаланып, өздерін қорғайтын құралдар ойлап шығарды. Соғыс – қорғану үшін пайдаланатын ең соңғы құрал. Мұсылман басқа жолдарды пайдаланып, нәтижеге жетпеген жағдайда ғана соғысты пайдаланады. Соғыс кезінде халық құтқарылу үшін біраз адам құрбан болады. Олар халықтың қауіп-қатерін жойып, тыныштық орнату үшін күрес пен соғысқа төзімділік білдіреді.

Алланың жолындағы жиһад

Бұл аяттың соңында жиһад арқылы Алланың дұшпандарына қарсы тұрғандарға Алланың жәрдемдесетіні туралы айтылған. Алла Тағала құдыретті әрі ешбір жаратылыс Оған зиян келтіре алмайтын болғандықтан, өз уәдесін орындайды. Ол соғыстарда мұсылмандарға дұшпандарды жеңуге көмектеседі. Алланың діні олар үшін басты мәселе болған кезде олар жеңіске жетеді.

              ********************************

 

Сәресі организмді ұзақ уақытқа ораза тұтуға дайындайды. Сондықтан, күні бойы аштық пен шөлді сезбеу үшін ең жақсы әрі ең пайдалы тамақ пен орынды сусынды пайдаланған жөн. Су әр уақытта ең жақсы сусын саналады. Су –тіршілік иелерінің өміріне қажет таза сұйықтық. Имам Әли (ғ.с.) бұл құнды сұйықтықты дүние мен ақыреттегі ең жақсы сусын деп атаған. Алла елшісі су ішкен кезде: «Бізге суды мөлдір етіп сыйлаған және күнәларымыздың жазасы ретінде оны ащы еткен Аллаға рақыметімізді айтамыз»,- деп айтатын.

Диетологтар сәресі кезінде су ішуді насихаттайды. Су өте суық немесе ыстық болмауы керек. Бөлменің температурасына сай су шөлді қандыратын ең жақсы сұйықтық. Күні бойы шөлдемес үшін суға бірнеше тамшы лимон қосуға болады. Лимон қосылған су жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады. Сәресі кезінде қою шәй ішуге болмайды.

Рамазан айындағы пайдалы сусын

Диетолог доктор Моттахари ораза тұтушылар үшін пайдалы сұйықтықтар туралы: «Ең пайдалы сусын – су, бірақ ол қатты суық болмағаны дұрыс. Келесі пайдалы сусын лимон мен қант немесе шамалы бал қосылған сусын саналады. Қанттың мөлшері аз болғаны дұрыс, өйткені қант инсулинды арттырады. Инсулин қанның құрамындағы қантты төмендетіп, нәтижесінде глюкоза азайып, дене әлсірейді»,- дейді. Сәресі кезінде суды көп ішуге кеңес берілмейді, өйткені бұл кезде суды көп ішу күні бойғы шөлді баспайды. Ораза тұтушылардың су ішуден бұрын «Бисмилләһ» және ішіп болған соң «Алһамдулиләһ» деп айтқаны дұрыс. Имам Садық (ғ.с.)-ның айтуынша, осылай айтқан адам ішінде су болғанша Аллаға тәсбих айтқандай болады.

 

Тегтер