Маусым 14, 2017 16:08 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 20

Иман – адамның амалының негізі. Иман – шын жүрекпен шындықты қабылдау. Адам бір нәрсеге иман келтірмесе, талпыныс жасамайды.

Қасиетті Рамазан айының соңғы онкүндігіне жеттік. Қадір түнінің осы он күнде болу ықтималы  өте жоғары. Қадір түнінің нақты қай түн екендігінің белгісіз болуы  мұсылмандардың Рамазан айының соңғы он күнін Аллаға құлшылық етіп, ғибадат жасап, Құран оқып, дұға тілеумен өткізсін деген мәслихат болар. Егер, Қадір түні нақты белгілі болғанда адамдардың көбі тек сол бір түнде ғана ғибадатпен өткізумен шектеліп, басқа түндердегі дұғаларының берекесінен құр қалар еді. Қадір түні белгісіз болып, мүміндер Қадір түні әр түні болуы мүмкін деген оймен тәубе етіп, көбірек сауапқа ие болуға талпынады. Рауаяттарда Алла елшісінің Рамазан айының соңғы он күнін итикаф етіп өткізгені туралы айтылған. Хазірет итикафтың сауабын екі қажылық пен екі Умраның сауабына теңестіретін. Сөйтіп, Рамазан айының соңғы он күнінде хазірет өзі үшін жасалған көлеңке шатырға кетіп, толық ғибадатқа кірісетін.

 Құран Кәрімге сәйкес, итикаф – хазірет Ибрахимның шариғатында илаһи ғибадаттардың бірі болған амал. Хазірет Ибрахимның жақтастары бұл амалды орындайтын. Хазірет Сүлейман  да Бейт ул-Мұқаддаста итикаф ететін болған. Хазірет үшін су мен тамақ дайын тұратын. Ол тек ғибадатпен  айналысатын болған. Хазірет Мұса үмбетті дұрыс жолға нұсқау және басқару сынды ауыр міндетке ие болғанымен, кейбір уақытта олардан алыстап, Алламен жалғыз сырласу үшін Тур тауына асығатын. Хазірет Закария Бейт ул-Мұқаддаста итикафқа келген адамдарды басқарып, оларға көмектесетін. Итикаф істерімен айналысатындардың бірі хазірет Мәриям болды. Исламның ұлық пайғамбары  да ата-бабалары сынды хазірет Ибрахимның дінінде болып, діннің ғибадаттарын, соның ішінде итикафты орындайтын. Пайғамбардың итикаф орындайтын  мекені Хира тауы болды. Хазірет беғсаттан және Мединеге хиджрат еткен соң әл-Наби мешітінде итикаф етіп, Алламен сырласатын.

Итикафтың лексикалық мағынасы бір жерде қалу, бір жерде орналасу дегенді білдіреді. Бірақ, қасиетті Ислам дінінің шариғатында итикаф Аллаға жақындау үшін қасиетті мекенде орналасу саналады. Итикаф – материалдық дүниенің торына түскен адамға өзін табу үшін мұрсат.

Итикаф

Итикафты орындайтын адам рухани құндылықтарды пайдаланып, Алланың шексіз мейіріміне бөлену үшін материалдық дүниеден алыстауға талпынып, Алланың қонағы болу мақсатында оның үйі саналатын мешітте қалады. Итикафтың берекесінің бірі – тәубеге келіп, кешірім сұрауға мұрсаттың берілуі. Күнәдән Аллаға құлшылық етуге, жамандықтан жақсылыққа, менмендіктен Аллаға бағынуға оралу, яғни тәубе – тек сөз емес, тәубе – күнә жасамау туралы шынайы шешім.

     ***************************************************

 «Нәмл» сүресінің 14-шы аяты:

"وَجَحَدوا بِها وَاستَیقَنَتها أَنفُسُهُم ظُلمًا وَعُلُوًّا ۚ فَانظُر کَیفَ کانَ عاقِبَةُ المُفسِدینَ :"

«Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр!»

Бұл аят иман келтірген нәрсені теріске шығару туралы баяндап, пайғамбарға «Жүректері иман келтірген нәрсені теріске шығарушылардың бұл әрекеттері зұлымдық пен өздерін басқалардан артық санаудың салдары. Сондықтан,  өзінің болмысына қайшы әрекет ететіндердің мұндай ісінің салдарының қайда жетізетіндігін көріңдер» дейді. Илаһи пайғамбарлардың міндеттерінің бірі – адамдарға ақыл-кеңес беру. Пайғамбарлар адасқан адамдармен бетпе-бет келген кезде оларға жағдайлары мен келешектегі ауыр тағдырлары туралы ескерту жасайды. Немқұрайдылық пен ластыққа батқан адам көбінде өз жағдайын дұрыс түсіне алмайды. Бұл аятта Алла Тағала  өз міндетіне алаңдаушылық білдірген пайғамбарға: «Кәпірге ақыл-кеңес беру мен бермеудің айырмашылығы жоқ. Ол өз жолынан бас тартпайды»,- деген. Бұл өзін ұйықтап жатқан адам сияқты көрсеткісі келетін адамды сипаттаумен тең. Айналасында қатты дауыс естілген кезде ол  өзін ұйықтап, естімей жатқан адам етіп көрсетуге талпынады. Ғылым мен шындыққа қарамастан, кәпірлер сынды әрекет ететіндерге пайғамбарлардың насихаттарының пайдасы жоқ.

Иман – адамның амалының негізі. Иман – шын жүрекпен шындықты қабылдау.  Адам бір нәрсеге иман келтірмесе, талпыныс жасамайды. Иман мен білімнің айырмашылығы осы жерде. Адам кейде білімнің шындығын білгісі келгенімен, оған шын ниетімен талпынбайды. Иман үшін тек білімді және дана болу жеткіліксіз, білімнен басқа да нәрсе қажет. Әрине, иман да білімсіз болмайды, күмән-күдікпен бірге жүрген иманның мағынасы жоқ. Сондай-ақ, иман келтіру үшін тек білімнің өзі де жеткілікті емес. Сондықтан, шындықты да іздеу қажет. 

Кейбір уақытта адам шындықты түсінеді, бірақ оған сенбей, қарсы тұрады. Кейде шындыққа мән бермейді. Хазірет Мұса  өзінің шақыруын баяндаған кезде Перғауын мен оның қасындағылары шындықты қабылдады. Хазірет Мұса оларға  анық белгілерді ұсынды. Хазірет Мұсаның ғажайыбын көріп, олар үшін шындық белгіле болған кезде  сарайдың сиқыршылары иман келтіріп, имандарына табанды болды. Перғауын мен оның қасындағылардың хазірет Мұсаның шындықты айтып тұрғанына анық көздері жеткенімен, олардың бойында қалыптасқан нәпісілік түрткілер мен зұлымдық шындыққа бағынуға рұқсат бермеді.

       **************************************

 

 Бүгін өзім тұратын ауданымның мешітіне бардым. Рамазан айында мешіт халыққа толы. Ораза тұтушылардың дұғалары кеңістікте тарап жатты. Жамағат жиналып, тәкбир айтылды. Мағриб намазын оқып болып, халық ерекше көңіл-күйге бөленіп, ауызашар дастархандары жайылып, жаңа піскен нанның хош иісі ауаны толтырды. Құрма, көже және оны дайындаушылардың ақ ниетімен жайылған қарапайым дастархан адамдарды күтеді. Әр адам дұғасын айтып, ауызын ашады. Мен де пайғамбардың «Уа, Алла бізді халал тамақпен харам жеуден алыстат. Жақсылықтардың аясында  бізді өзіңнен басқаға мұқтаж етпе» деген дұғасымен бастадым.

Нан – ирандық ауызашар дастарханының негізгі тамағы. Нан – әлемде ең көп пайдаланылатын  азық. Өкінішке орай, оның арзан болуы мен дұрыс пайдалану мәдениетінің жойылуы нанның ысырап болып, қадірінің жойылуына  себеп болуда. Кейде нанның дұрыс піспеуі де оның ысырап етілуіне себеп болады.

Ауызашар дастарханы

Нан адамға күш береді. Басқаша айтқанда, нан дамуға көмектеседі. Пәк имамдардың сөздерінде нан ең жақсы тағам деп таныстырылды. Алла елшісі: «Уа, Алла нанымызға  береке бер» тағы бір сөзінде: «Нанды құрметтеңдер, өйткені Алла Тағала ол үшін аспаннан береке жіберді. Нанды аяқтың астында қалдырмаңдар» деген. Дінбасылар мұқтаж адамдарға нан таратуды садақаның ең жақсы түрі деп атаған. Сондықтан, Иранда Рамазан айында нан пісіретіндердің көбі нанды тегін таратады. Яғни, ниет пен назр еткен адам бір салауатпен халыққа нан таратады. Нан күні бойы бізді энергия, протеин, темір мен кальций және қажет витминдермен қамтамасыз етеді. Басқа азықпен салыстырғанда нанның бағасы арзан. Нан ислам дінінде ғана емес адамзаттың барлық қоғамдарында ерекше қадірленеді.

Диетолог Баһдадипур: «Кебегі бар нанды пайдалану қажет. Нанның бұл түрі қант пен майдың қорытылуын ақырындатады немесе тіпті тоқтатады. Қанында холестерин мөлшері жоғары адамдар кебек нанды күнделікті пайадалану арқылы  оны бақылауға ала алады» дейді.

 

Тегтер