Маусым 14, 2017 16:16 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 21

Қасиетті Рамазан айының 21 күні Исламның ұлық пайғамбарының күйеу баласы, мүміндердің әмірі хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына сәйкес келеді. Әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығына байланысты көңіл айтамыз.

Рамазан айының 19 күні Ибн Молджам Моради деген хаваредждердің бірінің қылышының соққысынан жарақат алған хазірет Әли (ғ.с.) хиджри қамари күнтізбесінің 40-шы жылының Рамазан айының 21 күні шәһид болды. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) әкесі хазірет Әли (ғ.с.)-ды жерлеген соң мешітте сөйлеген сөзінде: «Бүгін оған дейінгілері оның ақиқатына жетпеген және алдағы ұрпақ еш уақытта оған ұқсас адамды көре алмайтын адам дүниеден озды»,- деді.

«Рамазан – Алланың айы» атты қасиетті айға арналған бағдарламаның бүгінгі бөлімінде хазірет Әли (ғ.с.)-ның өсиетнамасының бөлімдерін ұсынамыз:

«Биссмиләһи раһманир рахим. Бұл – Әли бен Абиталептің өсиеті. Әли Алланың жалғыз екендігі мен хазірет Мұхаммад (с.ғ..)-ның Алланың пендесі әрі пайғамбары екендігіне куәлік етеді. Намаз, ғибадат, өмір және өлімнің Алладан және Алла үшін болғаны сынды  Алланың серігі жоқ. Мен осы мәселе үшін сайланып, Аллаға бағынамын.

Перзентім, Хасан! Саған, басқа перзенттерім, әулетім және бұл хатты оқитын әр адамға: «Еш уақытта илаһи тақуалықты ұмытпаңдар. Өлгенше Алланың дінімен бірге болуға талпыныңдар. Барлығың бірге Алланың жібіне жабысыңдар. Аллаға иман келтіру арқылы бірігіп, бір-біріңнен ажырамаңдар. Алла елшісінен «Намаз бен ораза халыққа өзгеріс енгізеді. Дінді жоятын бұзақылық пен қайшылықтар» деп естігенмін. Сондықтан жақындарың мен туыс-тумаларынды ұмытпаңдар. Алла  Тағала   аштар,  жетімдер мен баспанасы жоқтардың басшысы. Көршілеріңмен жақсы қарым-қатынас орнатыңдар. Алладан қорқыңдар! Құран туралы, Құранға сай амал ету саласында басқаларға сендерден озуға мұрсат бермеңдер. Алладан қорқыңдар. Намаз туралы: намаз – діндеріңнің тірегі. Алладан қорқыңдар!  Жаратушының үйі Қағба туралы: еш уақытта қажылықты тоқтатпаңдар. Егер Қағба бос қалып, қажылық орындалмайтын болса, қайтадан мұрсат болмайды, дұшпаннан жеңіліп қаласындар. Алладан қорқыңдар! Рамазан айы туралы: бұл айдың оразасы – тозақ отының қалқаны. Жақсыға жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді ұмытпаңдар. Одан тартынсаңдар, жамандар сендерді билеп, сендерге зұлымдық жасайды. Жақсы жұмыстарды бір-біріңмен жарысып жасаңдар, ал күнәлар, сондай-ақ, дұшпандық пен кек тудыратын нәрселерге қатысты ынтымақтастық жасамаңдар»,- деп кеңес беремін» деді.

Өсиетнаманың соңында имам Әли (ғ.с.) өз перзенттеріне: «Уа, Абиталептің перзенттері!   Мүміндер әмір өлді деген сылтаумен   мұсылмандардың қанын төгіп, оларды өлтіріп жүрмесін. Біліңдер, мен үшін мені өлтірген адамнан бақа ешбір адам өлтірілмеуі керек. Егер, мен соның соққысынан дүниеден озсам, оны қылышпен тек бір рет қана ұрыңдар. Алла Тағала сендерді сақтап, пайғамбарының құқығын қорғайды. Сендермен қоштасып, өздеріңді Ұлы Аллаға тапсырып, оның рақымдылығын тілеймін»,- деді.

Өсиетнамасының соңында хазірет жан тапсырғанша «Лә иллаһа иллә Аллаһ» (Алладан басқа Құдай жоқ) деп қайталып жатты. Хазірет Әли (ғ.с.) 63 жасында дүниеден озды.

      ***********************************

 

«Қасас» сүресінің 78-ші аяты:

" قالَ إِنَّما أوتیتُهُ عَلیٰ عِلمٍ عِندی ۚ أَوَلَم یَعلَم أَنَّ اللَّهَ قَد أَهلَکَ مِن قَبلِهِ مِنَ القُرونِ مَن هُوَ أَشَدُّ مِنهُ قُوَّةً وَأَکثَرُ جَمعًا ۚ وَلا یُسأَلُ عَن ذُنوبِهِمُ المُجرِمونَ "

«Қарұн: “Шын мәнінде бұл маған мендегі білімге берілді” деді. Негізінде, Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар күнәларынан сұралмайды».

Құран аяттарының маңыздылығы – олардың пайғамбарлар мен олардың қасындағылардың  сабақ болатын өмірлері туралы баяндауында. Сондай аяттардың бірінде хазірет Мұса мен Қарұнның  оқиғасы туралы айтылған. Қарұн уақыт өтіп, қолға түсірген байлығымен хазірет Мұсаға  қарсы тұрып, байлығын өзінің білімі және өз еңбегімен жинағаны туралы уәж айтып, хазірет Мұса мен ежелден келе жатқан серіктеріне: «Байлығым мен мүлкім – өзімнің білімімнің  нәтижесі. Мен мұндай байлықты өз дарыным, өз күшіммен жинадым. Сондықтан оның иесі өзіммін және ешкімнің менің ісіме араласатын құқығы жоқ»,- деді. Алла Тағала бұл аятта Қарұнның менмендігін баяндауымен бірге «Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме?» - дейді. Егер білім мен зеректік мүлікке ие болып, оны қорғаудың себебі болса, осыған дейінгі жойылған  үмбеттер неліктен өз білімдері және зеректіктерімен  өздерін құтқармады. Оларға ешбір білім мен байлық, билік көмектеспеді. Аяттың жалғасында Алла Тағала  өзінің илаһи сүннеті туралы: «Күнәһарлар күнәларынан сұралмайды». Яғни, илаһи сүннет бойынша қылмыскерлер мен күнәһарлар  күнәлары үшін жазаланады. Оларға мұрсат берілмейді, олардың сылтауларына  көңіл бөлінбейді, тек азап үкімі шығарылып, іске асырылады»,-  дейді.

Ходже Абдолла Ансари бұл аяттың мистикалық сараптамасында Қарұнның достығы мен байлық жинауы туралы: «Дүниеқұмарлық – барлық күнәлардың себебі. Мүлік жинау айыптарға себеп болады. Ата-бабаларымыз «Дүниеқұмарлық Алладан алыстауға себеп болады»,- деген.

      ***********************************

Әртүрлі жағдайларға байланысты нәзір ету ирандықтардың мәдениетінде ежелден қалыптасқан. Рамазан – көптеген нәзірлер орындалатын кезең. Бұл кезеңде нәзірдің көбі тамақ дайындап, халыққа тарату арқылы орындалады. Иранның қалалары мен ауылдарында бұл күндері қасиетті Рамазан айының арнайы тамақтарының бірі саналатын «шоле зард» (шафран қосылатындықтан сары түсті, күріштен пісірілетін тәтті ботқа) көп таратылуда.

Исламдық мәдениетте нәзір беру ынтымақтастық пен діни құндылықтар мен наным-сенімдердің қалыпасып, Ұлы Алла мен Исламның ұлық пайғамбары және хазіреттің әулетіне жақындауға себеп болады. Бұл мәселе хазірет Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған күндерінің жылдығы кезінде көбірек байқалады.

Шоле зард

Иранда «шоле зард» пен «аш» (сорпаның бір түрі) нәзір тамағы ретінде көп таратылады. Рамазан айының ауызашар дастарханынан бұл тамақтарды жиі көруге болады. «Шоле зардтың» құрамына күріш, шекер, раушанды су, кардамон, шафран, даршын және бадам кіреді. Бұл – калориясы жоғары тамақтың алдында ұсынылатын тамақ. Күріш, шафран және бадам өте пайдалы. Бадам қосылған астың кальцийі жоғары болады. Бадам қорытылу үшін көп уақыт қажет болғандықтан, оны «шоле зардқа» көп қосса, ол асқазанда біразға дейін қалады. «Шоле зардқа» шафран қосылатындықтан, оны жеу тыныштыққа себеп болады.  Бірақ, шекер мен шафранның қосылуы іштің жүрмеуіне себеп болуы мүмкін. Кардамон тамақ хош иісті болу үшін қолданылады. Ол асқазанды нығайтады, бірақ оны көп қолдану жүректің қағысын арттырырады. Сондықтан ол жүрегі мен өкпесі ауыратын адамдарға зиян келтіреді. Раушанды су ораза тұтушының бас ауруы мен ауызынан шығатын жағымсыз иісті азайтады. Даршын тек тамақты безендіру үшін ғана қолданылады. Оны көп пайдалануға болмайды, өйткені шөлдетеді. «Шоле зардты» сәрсесі кезінде жеуге кеңес берілмейді. Өйткені, ол өте тәтті әрі шөлді арттырып, қандағы қант мөлшерін түсіріп, адам оразаның бірінші сағаттарынан-ақ аштықты сезіп, әлсірейді. Халық Рамазан айында ауызашар беруді және ауызашар беруге көмектесуді сауапқа ие болу жолдарының бірі санайды. Кейбір адамдар өздерінің мүмкіндіктеріне қарай ас дайындап, намаздан кейін мешіттегі ораза тұтушыларға таратады.

 

Тегтер