Шақыру 1: сіздер де шақырылдыңыздар
Қонақ күту әрқашан адамның көңіл-күйін көтереді. Мұндай көңіл-күйдің сыры туралы әр адам айта алмайды. Бірақ қонақ күту адамдарды қайта көріп, бір-бірімізге сыйлықтарымыз және қонақжайлылығымыз арқылы махаббатымызды білдіруге мүмкіндік береді.
Қонаққа бару біріншіден, қандай киім кию, дұрыс жүріп-тұру, дұрыс сөйлеу туралы ойландырады. Егер қонақ иелерінің есікке қарап, біздің келетін уақытымызды күтіп отырғанын ойласақ, асығып қадам басамыз. Қонаққа бару қонақты қабылдаушыға қарап, онымен сұхбаттасумен басталады. Қонақты қабылдаушы жақсы адам болса, қонақта отыру да жағымды болады. Бүгін бізді ең сүйікті, ең мейірімді және ең жомарт қонақ күтуші шақырды: есімі жанымызды тыныштыққа бөлейтін дана әрі ұлы Жаратушының қонағымыз.
Аспанның есіктері қайтадан мүміндердің алдынан ашылып, оларға илаһи қауіпсіз кеңістікке жол тауып, күнделікті істері туралы ойламай, өзі мен Жаратушысы туралы ойлану үшін мүмкіндік тудырып, адамды өздері туралы ойланудан алыстады. Рамазан айы – адамды бүгінгі қалалардың мәселелерінен алыстатып, өз болмысының ішкі қаласы туралы ойлануға шақыратын мұрсат. Бұл айда адам өз болмысын жақсарту туралы ойланады. Сондай-ақ, бұл айда адам әр қажеттілігін тек Алладан сұрайды. Құранның, Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдардың айтуынша, Рамазан басқа барлық айлардан артық. Бұл айдың «Алланың айы» деген аты түндері мен күндерінің Аллаға тиесілі екенін көрсетеді. Бірақ, ең ұлы Қадір түні де дәл осы айда. Рамазан – Алланың қонағы болатын ай. Кейбіреулердің ойында «Қонақтықта ішіп-жемейтін жағдайда бұл қандай қонаққа шақырыс?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оларға: «Алла Тағала Рамазан айында адамдарды тамақтандыру үшін қонаққа шақырмайды. Өйткені, денелер басқа жаратылыстар сынды әрдайым Алланың дастарханынан тамақтанады. Рамазан айында қонаққа шақыру рухымызға қатысты. Осы айда денеміз демалып, денсаулығын дұрыстайды. Рамазан айының рухани бағдарламалары мен әдеп-ғұрыптары адамға өз болмысын ілгерілетуге мүмкіндік береді. Расында, қасиетті Рамазан айының негізгі мақсаттары адамның рухы мен психикасына қатысты. Бұл айда ораза тұтуға, ғибадат етіп, Құран оқуға, қайырымдылық жасауға, басқа адамдарға көмектесуге және басқа жақсы амалдар арқылы рухты тазартып, адамның дамып, рухани кемелдікке жетуіне жағдай тудырады. Бұл қонақжайлылықтың құндылығын тек Жаратушы біледі.
Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) шағбан айының соңғы жұмасында сөз сөйлеп, мұсылмандарға қасиетті Рамазан айының келе жатқанын сүйіншілеп: «Уа, халайық! Алланың айы береке, рақымы және кешірімімен сендерге бет бұрды. Бұл – Алланың алдында басқа айлардан ең жақсы ай. Бұл айдың күндері – ең жақсы күндер, түндері – ең жақсы түндер, сағаттары – ең жақсы сағаттар. Бұл ай сендерді Алланың қонағы болуға шақырады. Бұл айдағы демдерің – тәсбих, ұйқыларың – ғибадат. Бұл айда жұмыстарың қабыл болып, дұғаларың орындалады. Сол себепті шынайы ниеттерің және пәк жүректеріңмен Алладан бұл айда ораза тұтып, қасиетті кітабы Құранды оқуға көмектесуді сұраңдар. Уа, халайық! Бұла айда жәннәттің есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады. Сондықтан Алладан жаннаттың есіктерін алдарынан ашып қоюды сұраңдар. Бұл айда шайтандар байланады. Сондықтан Алладан оларға сендерді билеуге рұқсат бермеуді сұраңдар»,- деген болатын. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның айтуынша, бұл айда адамдардың болар-болмас ісіне ең жақсы түрде назар аударылып, Алла Тағала азғана ғибадат үшін ең үлкен нығметтерін сыйлайды. Азғантай тәубе үшін ең үлкен күнәлар кешіріледі. Құлшылық етіп, кемелдік пен шынайы бақытқа жетуге басқа кезеңдерден артығырақ жағдай туады. Рамазан адам үшін ең жақсы мұрсат болып табылады. Егер ораза тұтушы адам оразасын шынайы тұтса, илаһи үйді зиярат етіп, Жаратушының көмегімен ең жоғары қадір-қасиеттерге ие болады. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: «Күндердің бірінде хазірет Мұса: «Уа, Құдай! Өзіңмен ешбір делдалсыз, жақын тұрып, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие мен қандай бақыттымын. Менен басқа мұндай бақытты адам бар ма?»- деп сұрайды. Жаратушы: «Уа, Мұса! Сен 70 мың жүрек пердесінің артынан менімен сөйлесіп тұрсың. Бірақ ақыретте ұзақ әрі төзуге қиын күндері менің ризалығым үшін ораза тұтатын, ауыз ашар кезде мен 70 мың пердесіз оларға жақын болатын адамдар болады»,- деп жауап берген.
Алла Тағала мүміндерді қонаққа шақырып, оларды материалдық өмірден алыстатып, Өзінің қасынан орын дайындады. Діни тұлғалардың ақыл-кеңестері мен рауаяттар Алланың жақсы қонағы болуым керектігін қуаттайды. Илаһи кеңістікті күнәлармен ластамайық. Шынайы оразаны түсініп, илаһи тақуалыққа жетейік.
«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақсынарсыңдар». («Бақаре» сүресі, 183-ші аят).
Бұл ай қандай әдемі және қандай сән-салтанатпен келеді. Келіп, жанымызды жамандық пен ластықтардан тазартады. Расында Рамазан иманы бар адамдар үшін көптеген жайттарға ие. Бұл ай адамның нәпсілік қалауларын жойып, оны рухани биіктікке көтереді. Рамазан жақындап келіп, баршаны қуантатын жаңбыр сынды.
Қасиетті рамазан айына сәлем! Илаһи береке мен Алланың қонағы болатын айға сәлем! Қасиетті Рамазан айының таңдарына сәлем! Рамазанның сәресі мен ауыз ашар кездеріндегі дұғаларына, қадір түндеріне сәлем! Оразасына, Ораза айты мен пенделерінің арнайы ғибадаттарына сәлем!