Maм 18, 2018 02:52 Asia/Almaty

Рамазан – Алланың қонағы болатын ай. Сондықтан Алла Тағала өз пенделерін кемелдік пен тақуалыққа шақырады. Сұлулықтар мен тәттіліктерге ие қонақтықтың қадірін біліп, қысқа мұрсатты пайдалану қажет.

Алланың елшісі: «Уа, халайық! Алланың айы өзінің берекесі, рақымы және кешірімімен сендерге бет бұрды... Бұл айда Алланың қонағы  болып, Алланың ұлылығына бөленесіңдер»,- деген болатын.

Мейірімді Алланың жыл сайын белгілі уақытта қонақтарын қарсы алып, күтетін қаласы бар. Оның қонақ күтетін мекендерінің айналасында періштелер тәуәп етеді. Аллаға құлшылық ететін бұл қаладан илаһи пайғамбарлар мен әулиелердің аяқ іздерін көруге болады. Бұл қаланың көшелері Алланың өзіне жетіп, аяқталады. Қала кең әрі үлкен болғанымен оның жолдары қысқа. Сапарлар жылдам жүзеге  асады. Қаланың көше-бақтары көне болғанымен, ескіріп шірімеген. Көшелер су шашылып, тазаланып, ағаштар жолаушылар үшін мейірім көлеңкесін жайып, Алланың қонақтарын күтуге дайын. Көшелердің арасынан Алланың әулиелерінің үйлері көрініп, жүрекке қонымды Құран естіліп, илаһи аяттар өздеріне көңіл аудартады. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді...». («Бақара» сүресі, 185 сүре).

 

Бұл қонақтықта қонақты мыңдаған илаһи әдемі періштелер күтеді. Періштелер Алланың есімдерін қайталап, мейіріммен қонақтарды мадақтайды. Кейде шақыру үшін  қолдарын қонақтарға қарай жайып, кейде дұға оқу үшін қонақ иесіне қарай көтереді. Алла өз ризалығымен пенделерінің  құқығын қорғайды. Періштелер тобы жаннат тағамдарына  толы дастарханды, басқа топ өз басшылары үшін ғибадат жайнамаздарын жаяды. Бір топ аспаннан құпия-сырларды әкелсе, басқалары Аллаға ғашық мүміндердің қажеттіліктерін жоғарыға жеткізеді. Бұл періштелер туралы Алла елшісі: «Рамазан айында Алла Тағала кейбір періштелерін ораза тұтушылар үшін дұға тілеуге жауапты етіп тағайындайды. Бұл дұғада Алладан жақсылық тіленеді»,- деген болатын. Кейбір  періштелер қонақ шақыратын мекенді қорғауға міндеттеледі. Олар бұл қонақтыққа шайтандар мен оның одақтастарын кіргізбейді. Қонақтар жалғыз қалып, Алламен сырласып, шайтандардан алыстап, тыныштыққа бөленіп, Алланың мейірімді құшағынан пана табады. Бұл қонақ күтетін мекенді қорғаушылар күні-түні оның тұрғындарын қорғап, қонақтардың барлық жолдарын Жаратушының нұрымен жарқыратады.  

    

Нұрланған үйлері Құран жіберілген мекен болып табылатын Алланың қаласы – оның достары жиналатын мекен. Сүрелерді қырағат ету аяттардың мағынасын бұзбайды. Қасиетті кітапты ойланып оқу керек. Сүрелерді оқу қарапайымдылыққа себеп болады. Құран – мизан кітабы. Ол бұл қаланың тұрғындарының жанына тепе-теңдік сыйлайды. Бұл айдың түндерінде сырлардың кілттері ашылады. Жабық жүректерді ашатын сәресі кезінде қонақтар Алланың нұрына бөленеді. Рамазаны айының түндері күннен жарық, күндері түннен тыныш. Түннің жеңіл ұйқысы күннің ауыр тыныштығымен серіктесіп, түнгі әдемі армандар күндерге ұқсайды. Бұл мекеннің қонақтары өздерін бөтен сезінбейді. Қонақтардың тоқтайтын мекені алдын ала белгіленіп, олардың әр қайсының орны анықталады. Кейбіреулер әдеттегідей Аллаға жақын, басқалары сәл алысырақ, бірақ ең маңыздысы бұл мекеннің қай жерінде болса да, Алланың бақылауы сезіледі. Мейірімнің әтірі мен жаннаттың иісі бұл қаланың кеңістігін толтырыды. Бұл қаланың тұрғындары біреулерге қатаң ұстаным көрсетсе, басқаларға мейірім білдіреді. Кейбір уақытта адам өзін періште сезініп, қателеседі. Ол өзін қарыздар сезініп, Алладан  еш нәрсе сұрамайды. Ол күлімсіреп, баршамен мейірімді әрі тең қарым-қатынас орнатады. Бірақ әрқашан өзіне қатаң қарайды. Ол аш болғанымен басқаларды тамақтандыруға талпынады. Егер тоқ болса, басқалардан ұялады. Ол өзі қонақ болғанымен, оған қонақ келген кезде өзін бақытты сезінеді. «Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді. Олар: «Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз». ("Инсан" сүресі, 8-9 аяттары).

 

Бұл қаланың барлық сыйы мен бізге сыйланған  илаһи қала үшін Рамазан айына рахметімізді айтуымыз керек. Алланың қаласына вузумен кіріп, жеріне сәжде жасауымыз қажет. Алланың қаласын Алланың үйін құрметтегендей құрметтеуіміз керек. Алланың қаласы – оның  самал желін сезіп, ойлану үшін жақсы мұрсат. Бұл айдың түні қысқа, күндері ұзақ.

 

Тегтер