Maм 19, 2018 16:46 Asia/Almaty

Тарих бойында илаһи пайғамбарлар әрқашан халықты Құдайға жақындауға шақырды.

Хазірет Нұх: «Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым»,- деді. («Нұх» сүресі, 5-ші аят). Соңғы илаһи пайғамбар хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) та илаһи бұйрық бойынша өз міндетін  Аллаға шақыру санап: «Менің жолым – осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде...»,- деген. («Юсуф» сүресі, 108-ші аят).

Алланың шақыруы оны басқа шақырулардан ерекшелендіретін сипаттарға  ие.

«Адамдарды Раббыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол, тура жол тапқандарды да жақсы біледі». («Нахл» сүресі, 125-ші аят).

Алла елшісі үш жылғы жасырын шақыруынан кейінгі бірінші ашық шақыруында Сафа тауының биіктігіне шығып, дауыстап: «Уа, халайық! «Алладан басқа Құдай жоқ» деп айтындар, сонда иман келтірген боласыңдар»,- деген.

Иман келтіру деген не? Оған қалай жетуге болады?

Иман келтіру, яғни жақсылық пен саулыққа, мақсаттар мен армандарға жету. Иман келтіріп,  жоғары мақсаттарына жеткісі келетін адам жағдай жасауы керек. Адам бұл жолда шарықтаулар және құлдыраулармен кезігеді. Кейде қатерлермен бетпе-бет келеді. Әрбір баспалдақ мақсатқа жетуге көмектеседі. Иман келтіру жолы Исламның ұлық пайғамбары мен Мекке қаласының көшелері мен базарларында   бірінші мұсылмандардың дауыстарымен басталып, Құран Кәрімде де ол туралы айтылды. «Муменун» сүресінің басында: «Шынында иман келтіргендер құтылды»,- деп оқимыз. Бұл аят бойынша адамдар Алла мен оның уәделеріне иман келтіргендей, қиындықтардан қорықпай, жоғары мақсаттарға жету жолында қадам басады.

Құран Кәрімнің басқа аятында нәпсіні тазартуды құтылудың себептерінің бірі деп атайды. Қасиетті «Шамс» сүресінде Алла Тағала:

«Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; әлде кім оны кірлетсе қор болды»,- дейді. (9-10-шы аяттар).

Ахлақ пен мистикада тазару дүние мен ақыретте кемелдік және шынайы бақытқа жету саласында ахлақтық жоғары ерекшеліктерге қарай бет алып, нәпсіні ахлақтық ластықтардан тазарту саналады. Құранның көзқарасы бойынша адамның нәпсісі басында ақ әрі бос парақ  сынды. Сондықтан, оның кемелдікке жету мүмкіндігі болғандай, ластану мүмкіндігі де бар. Адам өзін жағымсыз сипаттардан тазартып, адамгершілік пен Аллаға жақындау туралы ойласа, иман мен бақытына жетеді. Басқаша айтқанда, өмірлік белсенділікті мақсаттандыру және әр істі Алланың ризалығы үшін орындау адамның өзін-өзі тәрбиелеуі болып табылады.

Адамның өз-өзін тәрбиелеп, ластықтардан тазаруының нәтижесі Аллаға құлшылық ету болып табылады. Құлшылық ету – хабардар түрде еш нәрсені қажет етпейтін Жаратушыға бет бұру. Құлшылық ету ғибадат етуден жоғары. Әр істі Алланың ризалығы үшін орындау тек бір Аллаға құлшылық ету аясында ғана  мүмкін болады. Егер адамдар намаз оқу мен ораза тұтуға иман мен тақуалыққа жету үшін шақырылса, бұл амалдардағы құлшылық олардың басқа ғибадаттарының бағдарын анықтайды. Алланы ұмытпай, Оған құлшылық ету иманға жету жолындағы құрал саналады. Алла Тағала: «Сондай-ақ, Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар». («Жұма» сүресі, 10-шы аят). Алланы зікір етуді ұмытпайтындар адамның тілі мен жүрегінің Алланың есімдерін қайталауының Алламен қарым-қатынас орнатудың ең әдемі көріністерінің бірі екенін жақсы біледі. Алла Тағала өзін еске алып, зікір ету жүректердің нұрланып, оянуына себеп болады деп санайды. Абыржу адамды қараңғылыққа тірейді. Хазірет Әли (ғ.с.) баласы имам Хасан Моджтабаға (ғ.с.) айтқан бірінше ақыл-кеңесінде: «Балам! Саған тақуалық пен Алланың бұйырықтарын орындауға, жүрек пен рухты тазалап, илаһи жіпке жабысуға талпыуға шақырамын»,- деген. Ғұлама Табатабаи жүректердің Алланы зікір ету арқылы тынышталатыны туралы айтылған аяттың тәпсірінде: «Адамның өмірінде иман мен бақыт және нығметке жетуден басқа мақсаты болмағандықтан, ол тек бір Аллаға үміттенеді. Өйткені, барлық іс оған оралады. Мүміндер еш уақытта Алланы ұмытпайды»,- деп жазды.

 

Қасиетті Рамазан айы – Алланың шақыруын қабылдап, тән мен жанды нығметтерге бөлеу үшін берілетін мұрсат. Құран Кәрімде илаһи нығметтерді еске алудың нәтижелерінің бірі бақытты болу деп таныстырылды. Жаратушы «Ағраф» сүресінің 69-шы аятында: «...Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар»,- деп айтқан. Алла Тағала адамды балқарағай ағаш сынды еңсесін биік ұстауға шақырады. Өйткені, балқарағай – аспанға қарай тік өсетін жалғыз ағаш. Басқа ағаштардың бұтақтары айналасына жайылып өседі. Рамазан айы Алланы еске алу, адамның өз-өзін тәрбиелеуі, құлшылық ету, Алланың қонағы болу, иман және Жаратушыға жақындау сынды ерекшеліктермен танымал. Бұл айдағы шақыру Аллаға жақындауға, Онымен қарым-қатынас орнатып, жеке сырласуға мұрсат тудырады. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, басқа айлармен салыстырғанда Рамазан айы айбынды. Тақуалыққа жету үшін бұл айда ықылас пен махаббаттың киімін киіп, күндерінің әдемілігі мен сәресілерінің рухани маңыздылығын Алламен сырласу үшін пайдаланайық.

 

 

 

Тегтер