Maм 20, 2018 20:12 Asia/Almaty

Қасиетті Рамазан айы – адамның өзін-өзі тәрбиелеп, рух пен тәнді күнәлардан тазартып, тақуалыққа жету үшін ең жақсы мұрсат.

Қасиетті Рамазан айы – адамның өзін-өзі тәрбиелеп, рух пен тәнді күнәлардан тазартып, тақуалыққа жету үшін ең жақсы мұрсат. Осыған орай барлық адамдар бұл ай аяқталғанға дейінгі мұрсатты басқа айлар үшін де қажет иман мен тақуалық қорын жинауға ең жақсы түрде пайдалануға талпынады. Рамазан айы – илаһи білімнің шырағы жанатын ай. Бұл айда адамның қолына түсетін нәрселер оның ғибадаттары мен талпыныстарының нәтижесі. Адамдар Алланың құлшылық теңізіне батып, ықыласпен ғамал етіп, бақыт пен жоғары дәредегі жетуге талпынады. Тақуалық – исламдық бағдарламалардың ең соңғы мақсаты. Құран аяттарының көбі тақуалыққа шақырады. «Әл-Имран» сүресінің 130, 200 аяттарында:  «Алладан қорқыңдар әрине құтыласыңдар»,- деп айтылған.  

Мұсылмандардың күнделікті ұраны осы илаһи шақыруға назар аударту болып табылады. Мүміндер күнделікті намаздарының азан мен иқамасын айтқан кезде «Құтылуға асық!» деп 20 рет оқып, жолды жоғалтпауға шақырады.

Жалпы айтқанда Құран аяттарында «құтылу» деген сөз «фаллах», «мафлехун», «яфлехун», «тафлехун» деген түрде 40 рет, «фуз» бен «фаезун» түрінде 24 рет қолданылған.

Адамның жаратылуының мақсаты болып табылатын «құтылу» – жақсы ойлау, жақсы өмір сүру мен жақсы амал ету. Бұл мақсат өте маңызды болғандықтан, адамдардың көбі қиындықтардан қашпай, оларға төзуден ләззат алып, тіпті бүкіл өмірлерін аталмыш мақсатқа жету үшін өткізуді бақыт деп санайды. Құран мәдениетінде Аллаға иман келтірген азат адамдар мәңгілік ақыретке сенеді. «Тәубе» сүресінің 20-шы аятында «..Алланың қасында ірі дәрежеге ие. Міне солар, мұратына жетушілер»,- деп айтылған.

Кез келген амалды адал деп санауға болмайды. Тек ақыл мен иманға сай орындалған амалды ғана адал деп атауға болады. Сол себепті Алла Тағала ықылас, адал ниет және тақуалыққа сай амалға шақырады. Адамның өз іс-әрекет қадағалау оның дұрыс, илаһи ызаға себеп болмайтындай амал етуіне себеп болады. Алланың дана екендігіне иман келтіргендер жамандық жасамай, тек жақсылық жасауға талпынады.  Қасиетті Рамазан айында ораза тұтып, нәпсімізді бақылауға алып, илаһи шақыруды орындап, құтылатындардың қатарына кіру үшін дайындалайық. Рамазан – Құран мен илаһи аяттарға сүйспеншілік білдіретін ай. Шынайы ораза тұтушы Құран оқумен шектелмейді, ол Құран аяттарын оқып, оның мағынасын түсініп, соларға сай ғамал етуге талпынады. Рамазан айының қадірі мен беделі осы айда Құранның түсуімен байланысты.

Алла Тағала: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді...»,- деді. («Бақаре» сүресі, 185-ші аят).

Қасиетті Құран кітабының 23-ші сүресі «Муменун» сүресі. Бұл сүренің бірінші аятында мүміндердің мақтан тұтарлық тағдыры туралы айтылды: «Шынында иман келтіргендер құтылды». Содан соң құтылатындардың жақсылықтары мен адалдығын көрсететін бірнеше ерекшелігін баяндайды. Бұл амалдар алдын ала белгілі және адамның жеке, сондай-ақ қоғамдық өмірінің әртүрлі салаларына қатысты. Басында Алла Тағала мүміндердің құтылатыны туралы айтады.  «Фаллах» дегеніміз жарылған мен кесуді білдіреді. Сондай-ақ кез-келген жеңіске, тағдыр мен бақытқа жетуді білдіреді. Жерді жыртып, топырақты тұқым егуге дайындайтындығына байланысты диқанға «фаллах» деп айтады. Кедергіні жойып, мақсатына жете алатын адамға да «фаллах» деп айтылады. Тұқым жерге түскен кезде үш амалмен өзін құтқарып, ашық кеңістікке қайтып шығады: біріншіден, жердің астында тамырын жаяды; екіншіден, топырақтың қоректік заттарымен қоректенеді; үшіншіден, өнуге кедергі келтіретін топырақты залалсыздандырады. Адам да тауһид кеңістігіне жетіп, материалдық өмірдің қараңғылығынан құтқарылу үшін үш амалды іске асыруы керек: дәлел арқылы наным-сенімін нығайтып, рухани байлыққа ие болу, соңында барлық дұшпандардан құтылып, «Алладан басқа Құдай жоқ» деп тауһид пен бақытқа жетуі керек. 

«Муменун» сүресінің жалғасы құтқарылатындарды таныстырып, әр нәрседен бұрын Алламен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін намазды қуаттап: «Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады»,- дейді. Рамазан айындағы ораза тұтушының ең әдемі көрінісі оның намаз оқып тұрған кезі. Ораза тұтатын мүмін әрқашан жаратылыстың барлық мүшелерімен таңғы, кешкі және түс кезінде әлемнің Жаратушысын мадақтап, шынайы түрде кемелдікке қарай қозғалысын бастайды.

Намаз – Аллаға құлшылық етудің сыры, азаттықтың белгісі. Адам сәжде жасаған кезде өзін азат сезінеді. Алладан басқаға құлышылқ ету – қорлық. Аллаға құлшылық ету – ғиззат пен азаттық. Яғни, адам Алладан басқаға үмітін артпайды. «Муменун» сүресінде намазханның басқа ерекшеліктеріне де назар аудартылды. Олар туралы жеті аятта айтылды: «Олар, бос нәрселерден аулақ болады. Олар зекеттерін береді. Олар, ұятты жерлерін сақтайды. Бірақ, жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ. Онда кім бұлардан басқаны  іздесе, міне солар, шектен шығушылар. Олар аманаттарын, уәделерін қорғаушы. Олар намаздарына ұқыпты. Міне, солар – мұрагерлер». («Муменун» сүресі, 3-10-шы аяттар).

 

Имам Хусейн (ғ.с.): "Алла Тағала Рамазан айын пенделерінің Оған бағынуы және ғибадаттары арқылы жаннатқа қарай жол табатын ай ретінде қалыптастырды. Кейбіреулер бұл айда басқалардан озып, құтқарылуға асығады. Басқалар дұрыс жолға түспей, зиян көреді. Көп күліп, ойланбайтындарға қандай өкінішті. Жақсылық жасаушылар сыйға ие болған күні олар өз істеріне өкініп, уайымға батады",- деген болатын.  «Дау жоқ, Алланың жамағаты, олар құтылушылар». («Моджаделе» сүресі, 22-ші аят).

 

 

Тегтер