Maм 23, 2018 01:00 Asia/Almaty

Құранның ғашықтары бұл айда Құранға жақындап, оны оқып, мағынасын түсініп, жүректеріне қайтадан өмірді сыйлайды.

Жыл мезгілдерінің арасында әдемі көктем кезеңі бар, бұл кезеңде табиғат жасыл түске оранады. Көктем махаббаттың жолдауын жеткізіп, қуаныш пен татуластыққа себеп болатындықтан барша үшін сүйікті кезең болып табылады. Көктемнің келуімен жүректер шаттықа бөленіп, жанымыз ерекше көңіл-күйге толады. Көктемнің көркем табиғатында Алланың рақымы мен махаббатын басқа уақыттардан көбірек еске аламыз. Өсімдіктер мен гүлдер өсіп, әлем қайтадан тірілген кезде  халық әлемнің Жаратушысын ерекше сезінеді. Мейірім мен махаббатқа ие және жүрек пен жанды тыныштыққа бөлейтін Құраннан жоғары ақиқат жоқ. Қараңғы түннен кейін күннің көзі өзінің нұрымен өлген табиғатты қайта тірілткендей, Құранның нұры да өлген жүректер мен уайым-қайғыға толы рухтарды тірілтеді.

Құран – жүректердің көктемі, Рамазан айы – Құранның көктемі. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Әр нәрсенің көктемі бар: Құранның көктемі – Рамазан айы»,- деп айтқан болатын. Барлығымыз қонаққа шақырылған қасиетті Рамазан айында Құранның көктемі мен оның теңдессіз сұлулығын тамашалай аламыз.

Құранның ғашықтары бұл айда Құранға жақындап, оны оқып, мағынасын түсініп, жүректеріне қайтадан өмірді сыйлайды. Көктемде табиғаттың өмірі жанданатын кезең сияқты қасиетті Рамазан айында Құран оқып, ол туралы ойлану адамдардың рухы мен жанына жаңа дем береді. Өйткені,+ адамның болмысы Құранмен үйлесіп, илаһи аяттар жүректерді қызықтырады. Құран Кәрімнің «Зумәр» сүресінің 23-шы аятында:  «Алла Тағала аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды...»,- деп айтылды.

Сол себепті Құран Кәрім «жүректердің көктемі» деп  аталды.

Құран Кәрім – илаһи мұғжиза, Исламның мәңгілік құжаты. Бұл илаһи кітап әртүрлі қастықтарға қарамастан өзгертілмей, адамзат қоғамын бұрмаланушылық мен адасудан құтқарады. Құранның ең басты ерекшелігі адамзатты басқарып, дұрыс жолға нұсқау кепілдігінде. Құран Кәрім жіберілген соң пәк жүректерді аяттарымен қызықтырып, өзінің сындарлы дінімен надан халықты қоғамдық өркениет ретінде тәрбиеледі. Алла Тағала Құранды жіберіп, адамдарға қатысты міндетін аяқтап, Құран сынды адамдардың қажеттіліктеріне жауап беретін ешбір кітаптың болмайтынын жариялады. Құран аяттарының стилі оларды адамның жазбағанын, Алланың мұғжизасы екенін көрсетеді.

Әлем сахнасында Исламның белсенділігі мен ықпалынан 14 ғасырдан артық уақыттың өтуі Құранның ғылыми қисынының терең әрі әсерлі түсініктерге, ахлақ пен амалға сай болып, адамзаттың ең жақсы кітабы екенін дәлелдеді. Бұл илаһи кітаптың жол көрсетуі шындықты талап етушілердің жолын нұрландырды.

Алла Тағаланың Өзі Құран Кәрімді таныстырып: «Расында өздеріне Құран келген кезде қарсы болғандар бар. Шын мәнінде, ол ардақты бір Кітап. Оның алдынан да артынан да бос сөз келмейді (араласпайды). Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген»,- деді. («Фуссиләт» сүресі, 41-42-ші аяттары).

Құранның жолдауы – барша үшін анық жолдау. Жақсылық жасап, достық, пәктік, жамандық пен дүниеқұмарлық және зорлық-зомбылықтан  алыстау – Құранның адамзат өмірінің жеке, қоғамдық, мәдени, саяси және экономикалық салаларына ұсынатын негіздері. Исламның ұлық пайғамбары: «Бұзақылықтар мен қиындықтар түннің қараңғылығы сынды сіздерді шырмаған жағдайда Құранды пана тұтыңдар. Құраннан шындықты іздейтіндер қандай бақытты»,- деген болатын. Рамазан айында Алланың сөзін қырағат ету басқа айларда болмайтын артықшылықтарды сыйлайды. Қасиетті Рамазан айы адамның Жаратушыға жақындауына жағдай тудырады. Бұл мақсатқа жеткізетін ең жақсы құрал Құран Кәрім болып табылады. Осы салада Алла елшісі шағбан айының соңғы құтпасында: «Қасиетті Рамазан айында Құранның бір аятын оқу толық Құранды оқығанның сауабына ие»,- деген.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи әрқашан қасиетті Рамазан айында Құран оқуды насихаттап: «Рамазан айындағы ораза оны тұтушы адамды нұрландырып, оны илаһи сауапқа ие болуға дайындайды. Құранның көктемі саналатын Рамазан айында ораза тұтып, намаз оқып,  дұғаларыңа Құран оқуды қоссаңдар, өздеріңді ластықтар мен бұзақылықтардан және тағы да басқа жамандықтардан құиқарасыңдар. Рамазан айында біз осы илаһи жолдан өте аламыз»,- деді.

Рамазан айы – Құран түскен ай. «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында:  «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына  тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді..»,- деп айтылған. Құранның қасиетті Рамазан айында түсуі – бұл айдың ерекшелігінің белгісі. Басқа илаһи кітаптар да Рамазан айында түсірілген. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Тәурәт Рамазан айының алты түнінде жіберілді. Інжіл Рамазан айының он екі түнінде жіберілді. Зәбур бұл айдың он сегізінші түнінде, Құран Қадір түні түсті»,- деп айтылған. «Наһдж ул-Балағенің» 110-шы құтпасында: «Құранды оқыңдар. Ол ең жақсы сөздерден. Сондай-ақ, ол туралы ойланыңдар, ол – жүректердің көктемі»,- деп насихатталды. Рамазан айының уақытының көбі Құранның ұлылығымен байланысты. Ораза тұтушылар бұл айда Құранның нұрлы тағылымдарынан пайдаланып, олардың аяттарының аясында өздерін тәрбиелейді. Мешіттер, үйлер мен басқа мекендерден Құран оқыған дауыстардың естілуі бұл айдың рухани кеңістігін екі есе арттырады. Бұл – Құранға ғашық болып, оны түсінуге жасаған талпыныстың нәтижесі. Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат жіберіп, бізді Құранның жібіне жабысып, дұрыс жолға нұсқалған адамдардың қатарына қоса гөр!

 

Тегтер