Maм 23, 2018 15:15 Asia/Almaty

Исламның басында Құран мұсылмандардың өмірінің мизаны болды. Қазір де Құран өз құдыретімен мұсылман халықтардың күш-қуаты, ғиззаты және жүректерінің тыныштығының факторы.

Асад бен Зораре Меккеге келіп, досы Утбе бен Рабиенің үйіне барып, екі тайпаның қайшылықтарын шешу үшін одан көмек сұрады. Утбе: «Бұл күндері жаңа қиындықтарға тап болдық, сондықтан саған көмектесе алмаймыз»,- деп жауап береді. Асад: «Сіз қауіпсіз кесенеде өмір сүресіз, қандай қиындықтармен кезіктіңіз?»,- деп сұрайды. Утбе: «Арамыздан өзін «Алланың елшісі» деп атайтын адам шықты. Ол бізді ақылсыз санап, біздің құдайларымыз бен пұттарымызды жамандап, біздің бірлігімізді бұзып, жастарымызға әсер етуде»,- деді. Асад: «Ол қай әулеттен шыққан?» деп сұрағанда Утбе: «Абдулмуталибтың баласы Абдолланың перзенті. Ол текті әулеттен. Ол қазір әл-Харам мешітіне келді. Мешітке барғың келсе, оның сөзін тыңдама, онымен сөйлеспе, өйткені ол шебер сиқыршы» дейді. Асад: «Менің таңдауым жоқ. Мен Қағбаға жақындадым, енді тәуәп етуім керек»,- деді. Утбе: «Олай болса, оның сөзін естімеу үшін құлағыңа мақта тығып қой» деп кеңес береді. Асад екі құлағына мақта тығып, әл-Харам мешітіне кіреді. Қағбаны тәуәп етіп, Қағбаның қасында бірнеше адамның қоршауына түскен пайғамбарды көреді. Олар хазіреттің сөзін тыңдап тұр еді. Асад ол жерден жылдам өте шығады. Тәуәп кезінде: «Менен ақымақ адам жоқ. Меккеде мұндай маңызды оқиға орын алып жатқан кезде менің хабарсыз қалғаным дұрыс болмас»,- деп ойлап, құлағындағы мақтаны алып тастайды. Ол пайғамбардың қасына жақындап, хазіреттің сөзін тыңдайды. Ол ешқандай сиқырды байқамайды. Естігені жүрегін толқытқан, дұрыс жолға нұсқайтын нұр болды. Ақылы мен жүрегі бұл сөздерді растады. Ол алға шығып: «Сіз бізді не нәрсеге шықырып отырсыз?»- деп сұрады. Пайғамбар: «Алланың жалғыз екендігімен ант етемін, мен Оның елшісімін»,- деп, «Анғам» сүресінің 151-153-ші аяттарын оқыды. Асад Құран аяттарына ғашық болып, болмысы түгел өзгеріп: «Алладан басқа Құдай жоқ және сіздің Алланың елшісі екендігіңізге куәлік етемін»,- айқай салды.

Исламның басында Құран мұсылмандардың өмірінің мизаны болды. Қазір де Құран өз құдыретімен мұсылман халықтардың күш-қуаты, ғиззаты және жүректерінің тыныштығының факторы. Құран аяттары таухидке, адал болуға шақырады. Бұл шақыру қасиетті Рамазан айында көбірек байқалады. Мұсылмандар бұл айда Құранға өте жақын болып, күндері мен түндерін Құран оқып өткізеді. Қасиетті Рамазан айы барлық әсерлері және берекесімен Құранның исламдық қоғамның идеологиялық және мәдени негіздерін нығайтып, қоғамдық өмірін жақсартуы үшін мұрсат тудырады. «Унс» – яғни жақын болу, сүйіспеншілік білдіру, қарапайым қарым-қатынастан жоғары, мықты қарым-қатынас орнату. Кез келген нәрсемен қарым-қатынас орнататын көптеген жолдар бар. Жақындау – адамның құбылыстардың алдындағы табиғи реакциясы. Өкінішке орай, бұл кейде адамның адасуына да себеп болуы мүмкін. Илаһи пайғамбарлардың өмірбаянына шолу жасау арқылы ең жоғары сүйспеншіліктің адамның ешбір делдалсыз Жаратушысымен қарым-қатынас орнатуы екенін түсінеміз. Ислам мектебінде Құран – Аллаға жақындайтын ең қысқа жол. Құран Алла Тағаланы ұлы, айбынды, мейірімді, рақымды және дана деп таныстырады. Егер адам Алланың Құрандағы сипаттарына иман келтірсе және әр сәтте Онымен сырласып, ешбір делдалсыз сөйлесе алатындығына сенсе, Құранның әр сөзін нұр, хикмет және дұрыс жолға нұсқау деп білетін болады.

 

Адам әрқашан Құранды қажет етеді, өйткені оның бай мазмұны адамның ең маңызды өмірлік қажеттіліктерінің жауабы болып табылады. Сол себепті Құран Кәрім мүміндерге нұр мен жарықтың қайнарын мүмкіндіктеріне қарай оқып, оның шексіз теңізінен пайдалануға кеңес береді. Имам Хусейн (ғ.с.) адамдарды төрт топқа бөлген. Олардың әрқайсы мүмкіндігіне қарай Құранға жақындай алады. Хазірет: «Алланың кітабы төрт нәрсеге негізделген: сөйлемдер, сілтемелер, кеңестер мен шындықтар. Сөйлемдері барша халыққа, сілтемелері арнайы топқа, кеңестері Алланың әулиелеріне, шындықтары илаһи пайғамбарлардың пайдалануы үшін»,- деген болатын. Бұл рауаят бойынша, Құран терең мағынаға ие. Білімі аз, Құранның терең ойларын түсіне алмайтын адамдар оның қарапайым әрі қызықтыратын сөйлемдерін пайдалана алады. Көзқарастары кең адамдар Құранның сырлары мен сілтемелерінен, Алламен жақынырақ қарым-қатынас орната алатын әулиелер мен илаһи достар Құрандағы нақты кеңестерімен шөлдерін қандыра алады. Рухы мен жандарына уәһидің нұры түсетін илаһи пайғамбарлар бұл қасиетті кітаптан басқа адамдардың ойына келмейтін шындықтарды үйренеді.

Құранға жақындау адамның рухы мен ойын жан-жақты өзгертіп, шындықты іздеушілердің алдынан жарық көкжиектерді ашады. Алла Тағала «Мәиде» сүресінің 15-16-шы аяттарында Құран туралы:  «Расында, сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді.  Алла Тағала кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына  салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады»,- деді.

Құран халықты қараңғылықтан шығарып, жарыққа қарай нұсқайды. Барлық ислам елінде, соның ішінде Иранда қасиетті Рамазан айында Құран оқитын және бұл мәңгілік кітапқа жақындайтын отырыстар өтеді. Бұл айда қарттар пен жастар, кішкентай балалар мен жасөспірімдер қатысатын Құран оқу жиындары әр түрлі мешіттер мен әр түрлі медреседе жиналып, Құран оқитын адамдардың дауыстары естіліп, исламдық Иранның кеңістігін хош иіске толтырады. Бұл айда мешіттер мен діни мекендермен бірге адамдардың үйлерінің көбінде Құран оқылады. Құран тек Рамазан айында ғана емес, басқа айларда да оқылғанымен, Рамазан айында ерлер, әйелдер мен балалар бұл отырыстарға ерекше көңіл-күймен қатысады. Ғұламалар мен Ислам тарихындағы әйгілі тұлғалардың өмірлеріне жүргізген зерттеулер олардың бала кезінен Құранға жақын болғанын көрсетеді. Имам Хомейни әртүрлі мұрсаттарды Құранға жақындау үшін пайдаланған. Кейде бұл мұрсат екі минутқа да жетпейтін. Имам Хомейнидің Құранға ғашық болғаны туралы келіні доктор Фатима Табатабаи: «Наджафта болған кезімде, ағаның көзі ауырып, дәрігер келіп, тексерген соң: «Сіз бірнеше күн Құран оқымай, дамалыңыз»,- деді. Имам күлімсіреп: «Дәрігер! Мен көзімді Құран оқу үшін қажет етемін, егер көзім болып, Құран оқымасам, оның пайдасы не? Сіз мен Құран оқи алатындай емдеңіз»,- деді»,- деп есіне алатын.

Құранға ерекше сүйіспеншілік білдіретін имам Хомейни халықтың барлық табын, әсіресе білімді таптарды Құранға жақын болып, оны оқуға жігерлендірді. Имам ақыл-кеңестерінің бірінде: «Перзентім! Ұлы кітап Құранмен таныс бол. Оны оқып, Жаратушыға қарай жолыңды аш. Оның түсінбей оқудың пайдасы жоқ деп ойлама. Мұндай ой – шайтанның ісі. Қалай болғанда да бұл кітап – Алланың кітабы. Сен және басқалар үшін Алланың есімі сүйікті»,- деп айтылған болатын.

Бүгінгі әлем хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламын қажет етеді. Рухани өмірдің жоқтығынан туындаған бақытсыздық тамырын жайып, біраз уақыттан бері заманауи адамды қиындықтарға тіреді. Бұл ішкі және сыртқы дерттер тек соңғы илаһи кітаптың арқасында ғана жазылады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл туралы: «Бауырларым! Құранға жақындаңдар. Күн сайын тіпті бір немесе бірнеше аят оқып, олардың мағынасы туралы ойланыңдар. Құран адамды дұрыс жолға нұсқайды»,- деп қуаттады.

 

Тегтер