Маусым 03, 2018 19:22 Asia/Almaty

Рамазан – кешірім мен тәубе және Аллаға оралатын ай. Өмірде қателесіп, өкініш пен шығыннан басқа нәтиже әкелмеген жолды таңдағандар үшін қасиетті Рамазан айы тәубе ету үшін ең жақсы мұрсат.

Алла елшісі бұл айды «тәубе айы» деп атап: «Рамазан айы – Алланың айы, кешірім айы. Рамазан айы – күнәларды кешіріп, илаһи азабтан құтқаратын ай. Рамазан айы – Аллаға оралатын ай. Адам бұл айда кешірілмесе, қай айда кешіріледі?»- деп айтқан болатын.

Рамазан – кешірім мен тәубе және Аллаға оралатын ай. Өмірде қателесіп, өкініш пен шығыннан басқа нәтиже әкелмеген жолды таңдағандар үшін қасиетті Рамазан айы тәубе ету үшін ең жақсы мұрсат. Өйткені, бұл берекелі айда ораза тұтушылардың ішкі болмысы өзгеріп, амалдары табысқа жетеді. Ораза ластықтардан тазартып, илаһи азаптан алыстатады. Сөйтіп, ораза тұтушы адам қараңғылықтан тақуалық нұрына, ахлақтық нұрға, тәубе мен Аллаға қарай оралады.

Тәубенің мағынасы – оралу. Оралу физикалық тұрғыдан анық мағынаға ие. Яғни, адам кейде бір жолға түсіп, кейде сол жолмен оралады. Жүрек пен рухани іс тұрғыларынан тәубеның басқа арнайы мағынасы жоқ. Тәубе, яғни күнә жасамау, Аллаға оралу және Алланың алдында кешірім сұрау болып табылады. Мәселен, өз қалаңыздан елдің солтүстігіндегі қалаға барамын деп ойлаңыз. Бірақ, 50 километр өткен соң басқа жолға түсіп, оңтүстікке қарай кетіп бара жатқаныңызды түсінесіз. Әрине, дәл сол жерде тормозды басасыз. Бірақ,  қателесіп өткен 50 километр қайтып оралмайды. Көліктің рулін бұрып, 50 километрді қайтып ораласыз. Бұл қайтып оралу тәубе деп аталады.  Тормоз – өкініп, қасиетті Рамазан айында Алладан кешірім сұраудың өзі. Алайда бұл іспен барлық мәселе шешілмейді. Тәубеге келіп, орындалмаған міндеттерді орындау керек. Нақты айтқанда оқылмаған  намаздарды оқып, ұсталмаған оразаларды ұстап, тіл тигізгенің үшін кешірім сұрау қажет. Тәубе – деген біраз уақыт бойы жаман сипаттарға ие болған адамның рухы мен нәпсісінің өзінің ішкі өзгерісі арқылы аталмыш сипаттардан алыстап, орнын толтыруы. Тәубе нығметі мен Алланың оны қабылдауы – илаһи рақым мен мейірімділіктің белгісі. Имам Садждад (ғ.с.) «Макарем әл-Ахлақ» дұғасында («Сахифе Саджадиенің» 20-шы дұғасында) Аллаға: «Уа, Алла! Мен Өзіңнен кешірім сұрауға келдім. Бір Өзіңе бет бұрдым. Өзіңнің кешіріміңе ие болып, рақымыңа иман келтірдім»,- деді.

Қасиетті Рамазан айында Алланың нығметі мен рақымының ең жоғары деңгейі Қадір түндері байқалады. Алланың көңіл бөлуі мен бұл түндердің әсерлері немесе бұл түндерде орын алған оқиғалар ерекше маңызға ие. Бұл түндердің айбынының жоғарылығы сондай, Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Қадір түнінің не екенін білесің бе?»- деді. Сондай-ақ, оның мың түннен артық және оның басталуынан таңсәріге дейін саулыққа ие екені туралы баяндады.

Негізінде Алла Тағала Қадір түніне ерекше қадір-қасиет жіберіп, иманға ие адамдардың адал амалдарын кемелдендіруге жағдай тудырады. Имам Бақер (ғ.с.): «Алла Тағала мүміннің жұмыстарын екі есе арттырады. Қадір түні олардың жақсылықтарының құнын екі еселендіреді,- деген болатын. Адамдардың Қадір түні бақытты болуының сыры адамдардың өз амалдарын ынтамен орындауында. Жаратушы Қадір түнін Алланың әмірімен адамдарды бақытты еткен түн деп санайды. Алла Тағала Қадір түндерін Жаратушының қалауымен періштелер келетін қасиетті түндер деп атаған. Имам Садық ( ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде өзінің Абунасир атты серігіне: «Бұл түні келесі жылдың амалдары, өлімдері мен ырзықтары белгіленеді. Сондықтан, Қадір түні  намаз оқып, түнді ояу өткіз»,- деді. Абунасир: «Егер намазды тұрып оқи алмасам, не істеймін?»- деп сұрағанда имам: «Отырып оқы»,- деді. Абунасир тағы: «Егер отырып оқи алмасам, не істеуім керек?»- деп сұрады. Имам: «Қалай орындай алсаң, солай ғибадат жаса, өйткені аспан есіктері ашылып, шайтан шынжырланады. Мүміндердің амалдары қабыл болады»,- деген болатын. Қадір түні – үміт түні. Егер адамда үміт болмаса, еңісте орналасқандай болады. Үміт – өмірдің жалғасуының кілті. Адам үміттің аясында ілгерілей алады. Өмірінің бір бөлімін қараңғылықта өткізген адам мөлдір бұлаққа жете алмаймын деп үмітсізденбеуі керек. Рамазан айы – үлкен мұрсат. Бұл ай адамға қарай үміт пен өмірдің нұры жарқыраған терезені ашады. Қадір түндері – Рамазан айында орналасқан үміттің жарықтары. Бұл түндердің құндылықтарын еш нәрсемен өлшеуге болмайды. Рамазан айының бірінші күнінен Жаратушы мен пенделерінің арасындағы жаңа қарым-қатынас Қадір түндері өзінің жоғары деңгейіне жетеді. Бұл түндері адам мен Алланың арасында делдал болмайды. Оған құлшылық етушілер ешбір пердесіз илаһи нұрдан пайдаланады. Қадір түндері – Алланың мейірімге толы етегіне оралу. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде хазірет Мұсаның Жаратушыдан былай деп сұрағаны айтылған:

-         Уа, Алла, мен Өзіңе жақын болғым келеді.

-         Мен Қадір түні ояу адамға жақын боламын.

-         Өзіңнің илаһи рақымыңды қалаймыз.

-         Менің рақымым Қадір түні кедейлерге рақым еткендерге түседі.

-         Уа, Алла, мені тура жолға нұсқауыңды тілеймін.

-         Бұл жол – Қадір түні садақа беретіндер үшін.

-         Уа, Алла, жаннат ағаштарының жемістерін жегім келеді.

-         Олар Қадір түні тәсбих айтатындар үшін.

-         Уа, Алла, құтқарылғым келеді.

-         Оттан ба?

-         Иә.

-         Бұл Қадір түні тәубе ететіндер үшін.

-     Уа, Алла, Өзіңнің ризалығыңа ие болғым келеді.

-   Мен Қадір түні екі рәкәт намаз оқыған адамға риза боламын.

 

Өмірдің күндері мен түндерінен кейін келетін Қадір түні – нәпсіге есеп-қисап жасап, амалдарды қайта қарастыру үшін қолайлы уақыт. Әрине, мың айдан артық түндегі амалдар көптеген әсерлер мен берекеге ие. Қадір түні  әсіресе өмірінің біраз бөлігі өткен адамдар үшін қайдан келгендері және бұл әлемдегі мақсаттары не, сондай-ақ, қайда баратындары туралы ойланатын мұрсат. Бұл ойлар адамның шындық жолын табуына себеп болады. Осыған орай бұл рауаятта бір сағат ойланудың құндылығы жетпіс жыл ғибадаттан артық деп аталған. Бұл түні рақымның бұлағына жақындап, өмірге жаңа дем беріп, жүректі күнәнің шаң-тозаңынан тазартып, жақсылықтың арқасында даму үшін орынды жағдай туады. Қадір түні жүрек Алланы еске алып, күдік-күмәндардан алыстатады. Жебірейіл Қадір түні туралы пайғамбарға: «Уа, Мұхаммад! Қадір түні – Алланы мадақтап, ғибадат жасайтын әрбір адамға жауап берілетін және әрбір тәубе етушінің тәубесі қабыл болатын түн»,- деген болатын.

Қадір түні – өмірлерінде адасып, қателіктерінің орнын толтыру үшін бағдарлама жоспарлаған адамдар үшін жақсы мұрсат; бұл – Аллаға оралатын түн. Имам Садық (ғ.с.): «Бұл түні рукуһ пен сәжде жасаушылар мен өткен кезеңдердің қателеріне көңіл бөліп, жылайтындар қандай бақытты! Мұндай адамдар Алланың алдында үмітсіз қалмайды»,- деген болатын.

 

Тегтер