Маусым 10, 2018 19:56 Asia/Almaty

Бірлік сақтап, қайшылықтардан алыстау – Алла елшісі мен пәк имамдардың, діни басшылардың басты мәселелерінің бірі. Құран Кәрім өзінің нұрлы аяттарында мұсылмандарды бірлікке шақырады: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер...». («Әл-Имран» сүресі, 103 аят).

Алла Тағала қасиетті Құран кітабының  көптеген аяттарында мұсылмандар бірлігінің маңызы туралы сан рет қуаттайды. Сарапшылардың пікірінше, шиіттер мен сүннит  мазхабтарының барлығы Құранның Рамазан айында, Қадір түні жіберілгенін қабылдайды. Ешбір мұсылманның Құран кітабының әлем халықтарының дұрыс жол мен бақытына қарай нұсқаушысы екендігіне күмән тумайды. «Бақаре» сүресінің 185-ші аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді...»,- деп айтылды. Осы аят бойынша, Құран бүкіл халықты тура жолға нұсқайды. Яғни, бұл кітап бірліктің факторы болуымен бірге ислам үмбетінің бірлігіне қажет жолдарды ұсынады. Құран Кәрім хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ды бірлік пен бауырластықтың қолдаушысы деп таныстырып, хазіреттің ахлағын мадақтайды. Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандардың арасында бірлік орнатып, оларды жақындатуға талпынды. Хазірет хиджраттың бірінші жылынан мұхаджерлер мен ансарлардың арасында бауырластық келісімін орнатып, оларды бір-бірінің бауыры деп атады. Мұсылмандардың бұл тобы ұлты, жұмыстары мен тәрбие көрген ортасы тұрғыларынан айырмашылықтарға ие болды. Осы мәселе қайшылықтар мен іріткілерге себеп болуы мүмкін деген алаңдаушылықтар байқалған болатын. Осыған орай Алла елшісі олардың арасында достық пен мейірім орнатып, мұсылмандар үшін бірліктің маңыздылығын көрсетті. Мұсылмандар  Исламның ұлық пайғамбары мен Құран тағылымдарынан үлгі алып, әрқашан ортақ тұстарға сүйеніп, қайшылықтардан алыстауға міндетті. Құран Кәрімдегі бірлік факторының бірі Рамазанның берекесі болып табылады. Рамазан ислам әлемінің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың бірлігін көрсетеді. Қасиетті Рамазан айының әдемі рәсімі әртүрлі исламдық мазхабтардың арасындағы ортақ амал саналады. Бұл айда мұсылмандардың өмірі сүру тәсілдері ұқсас болады. Әртүрлі ұлт пен түстері әртүрлі мұсылмандар бұл айды құрметтеп, уәжіп амалын орындайды, яғни ораза тұтады. Барлық мұсылмандар қасиетті Рамазан айында таң атпастан бұрын оянып, сәресін ішіп, намаз оқып, Құран оқып, Жаратушымен сырласады. Мұсылмандар таңғы азаннан мағриб намазының азанына дейін ораза тұтып, жетімдерді тамақтандыру, кедейлерге көмектесу және тағы да басқа жақсы амалдарды орындап, Аллаға жақындауға талпынады.

Рамазан айы – мұсылмандар ішкі өзгеріске ие болатын, нәтижесінде олардың өмірлері жақсы жаққа өзгеретін айлардың бірі. Бұл қасиетті айда әлемнің жер-жеріндегі мұсылмандар біртұтас үмбетке айналып, бірігіп ғибадат жасайды. Әсіресе, Қадір түндері мешіттер мен басқа діни мекендерге жиналып, бірігіп дұға оқып, Құранды бастарына қойып, Алладан кешірім сұрайды. Қағба Алланың үйі болып, мұсылмандарды Меккеге жинағандай, Рамазан айы да дастарханын жайып, мұсылмандарды  жинап біріктіреді. Рамазан айының халықты біріктіретін келесі ғибадат амалы итикаф саналады. «Бақаре» сүресінің 125-ші аятында: «Хазірет Ибрахим мен хазірет Исмаил екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүһ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз»,- деп айтылған. Барлық ислам мазхабтарының пікірінше, итикаф мұстахаб амал саналады. Исламның ұлық пайғамбарының сүннеті бойынша, Рамазан айының соңғы он күні итикаф жасау қуатталған. Итикаф, яғни көп уақыт ғибадат ету үшін қалу. Оның екі негізі бар: орталық мешітте немесе жамағат мешітінде ғибадат жасап бірнеше күнге қалу және ораза тұту. Бұл жеке адамның ғибадаты болғанымен набави сүннет бойынша ұжымдық амалға айналды. Осы күні Рамазан айының соңғы он күндігіндегі ұжымдық ғибадат ораза тұтушылардың, әсіресе жастардың қолдауына ие. Бұл істің себебі ғибадаттардың бірлік пен жүректің кеңдігіне әсер етуі мен қырағылықты арттыру, діни білімді арттыру, Аллаға жақындауға талпыну, ахлақ пен  рухты дамыту психикалық тыныштыққа бөлейді. Мұсылмандар қасиетті Рамазан айының берекесін пайдаланып, өз бірліктері мен тілектестіктері үшін пайдалы қадам баса алады. Ислам үмбеті бірлігінің мақсаты өз мазхабтарын сақтап, таухид, қасиетті Құран, Исламның ұлық пағйамбары, сүннет пен пайғамбар жолы, Қиямет сынды ортақ мәселелерге сүйеніп, діни, саяси, ұлтаралық және ислам үмбетінің әлсіздігіне себеп болатын қайшылықтардан алыстау болып табылады. Мүміндерді бір-біріне бауыр деп таныстырған дін адамның бір-бірінен артықшылығын тек тақуалық пен пәктігіне байланысты санайды. Ислам мемлекеттерінің арасында  бірлік пен бауырластық туралы көп естіледі. Исламның ұлық пайғамбары жақтастарының көбінің үлкен арманы шынайы бірлікке ие болу. Ислам әлемінің маңызды мәселелері, әсіресе Палестина мен Құдс тақырыптарына жасаған шолу осы кезге дейін исламдық мықты үкіметтердің біразының бұл салада бірге  қадам баса алмайтынын, өкінішке орай, мұсылмандардың мүдделеріне қайшы Израиль мен АҚШ-тың одақтастары екендігін көрсетеді. Ислам дүниесінің осы уақыттағы ең маңызды мәселелерінің бірі әрбір жанашыр мұсылманның уайым-қайғысына себеп болатын олардың бір-біріне деген дұшпандығы болып табылады. Егер қасиетті Рамазан айының көптеген берекесі мен жайған илаһи дастарханына нақтырақ көңіл бөлсек, бұл айдың ислам әлемінің қиындықтарын шешу үшін қажет бастама екенін түсінеміз. Қара ниеттілер мен кекшілдер әртүрлі қастықтарымен іріткі салып, қайшылық тудырғысы келгенімен, исламдық ортақ мәселелер аясындағы хабардарлық, қырағылық, дұшпанды тану, бірлікті сақтау мен сөз бірлігі мұсылмандардың жеңісі мен беделінің факторлары болады.

Иран Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи: «Ислам әлемінің өз-өзіне келіп, Ислам дінін құтқаратын илаһи жол ретінде таңдап, мықты қадам басатын уақыты келді. Ислам дүниесінің бірлігін сақтап, барлық исламдық топтардың дұшпандары саналатын үстемшілік пен сионизмге қарсы бірігіп,  бірлік ұрандарын айтып, бірауыздан қарсы үгіт-насихат жүргізіп, бір жолға түсетін уақыт келді. Жаратушының растауы мен илаһи заңдар  мен илаһи сүннеттің қолдауына ие болып, бұл ғамал алға басады»,- деді.

 

 

 

Тегтер