Маусым 13, 2018 16:08 Asia/Almaty

Рамазан айының рухани кеңістігі мен талпыныстарының аясында адам жаңа өмірге бет бұрады, яғни өз болмысына оралады. Адам пәк болмысымен дүниеге қайта келгендей болады.

Қасиетті Рамазан айының соңғы сағаттары жақындады. Сабыр сақтап, құлшылық етуге жаттығу үшін берілген мұрсат аяқталуда. Рухымызды тәрбиелеп, Аллаға жақындауға жіберілген қасиетті Рамазан айы бізді келесі жылға дейін өзін күткізіп, ақырындап кетіп барады. Имам Саджад (ғ.с.): «Бұл қасиетті ай абыроймен өмір сүруді үйретіп, біз үшін көптеген пайда әкеледі. Содан уақыты өткен кезде бізден алыстайды»,- деген. Рамазан айындағы ғибадат – адами пәк болмысқа оралу мен рухани тәжірибеге ие болатын мұрсат. Имам Саджад (ғ.с.) оларды ең жақсы пайдалар ретінде атады. Мейірімді және Дана Алла Тағаланың мейірімі мен рақымы пенделеріне ғибадаттарын орындауға мүмкіндік беріп, оларға ең жақсы түрде мейірімі мен сыйын жібереді. Оразаның көптеген әсері туралы баяндалғандай, ораза Алла тарапынан ораза тұтушылар үшін берілетін сый ретінде аталды. Құран аяттарына сәйкес, илаһи кешірімге ие болу тақуаларға тән болғандай, жаннатқа кіру сынды сый шынайы ораза тұтушыларға тиесілі. 

Рамазан – осы айдағы әр ғибадатының әр сәтінің илаһи сыйлары бүкіл пенделеріне таралатын ай. Әрине ғибадат терең әрі мағыналы болған сайын сыйдың құны арта түседі. Ораза тұтушылар ие болатын сыйлардың бірі жүрек пен жан тыныштығы болып табылады. Бір ай бойғы нәпсіні тәрбиелеу мен жүректі күнә мен ластықтардан тазарту адамды ішкі тыныштықа бөлейді. Әр адамның пәк болмысы уақыт өте келе надандықтың шаң-тозаңы салдарынан әртүрлі күнәләрға батып, өз негізінен алыстап, соңында өзі мен Алланы ұмытады. Бірақ, адам Рамазан айының рухани кеңістігі мен талпыныстарының аясында жаңа өмірге бет бұрады, яғни өз болмысына оралады. Адам пәк болмысымен дүниеге қайта келгендей болады. Шынайы ораза адамның ішкі болмысын тазартады. Ораза тұтушы адам Алла үшін өзінің нәпісілік қалауларынан бас тартып, Жаратушыға жүрегімен бет бұрып, оның бұйрықтарына бағынған кезде Алла Тағала оған жүрегі мен ішкі болмысын нұрландыратын құнды сый жібереді. Бұл сыйдың құндылығы сондай, оны сақтау білу керек.

Рамазан айында ораза тұтқандардың келесі сыйы илаһи рақымға жақын орналасуы болып табылады. Әр ғибадаттың ләззаты мен ерекшелігіне өзінің рухани мөлшеріне қарай пендесін Жаратушысына жақындатып, оны Алланың рақымының самал желімен кезіктіретіндігі жатады. Алайда қасиетті Рамазан айында Алла Тағалаға жақындау ораза тұтушы адам үшін өзгеше болады. Ораза тұтушылар Алланың рақымын бүкіл болмыстарымен сезді. Бұл ай Алланың бүкіл жаратылыстары, тіпті қателік жасаған пенделері үшін ерекше мұрсат болды. Алла Тағала мың айдан артық қылып жаратқан Қадір түнінің осы айда болуы Алланың ораза тұтушыларға жіберген сыйларының бірі болып табылады. Қателік жасаған қаншама адам бұл түнде кешіріледі. Қаншама адам пәк және жақсылық жасаушылардың рухани жоғары орнына қол жеткізді. Әр топ өздерінің мүмкіндіктеріне сай  илаһи рақымға жетіп, нығметтерден пайдаланды. Қасиетті Рамазан айындағы оразаның әсерімен адамның рухын кемелдендіріп, Алланың алдында беделін арттыратын ғибадатты басқа ғибадтпен салыстыруға болмайды. Сол себепті ораза тұту үшін алған илаһи сый өте маңызды. Бұл айда ораза тұтушының тіпті дем алуы тәсбих саналады. Бұдан артық қандай сый болады? Алла Тағала пенделеріне рақымын білдіріп, бұл айды адам кемелдікке жететін мұрсат ретінде қалыпастырды. Бұл айдың келесі илаһи сыйы күнәлардың кешірілуі саналады. Имам Бақер (ғ.с.): «Алла елшісі Рамазан айы келген кезде қыбылаға қарап: «Уа, Алла! Оны біз үшін мүбәрәк етіп, бізге қауіпсіздік, иман, денсаулық, көптеген ырзық беріп, ауруларды жойып, Құран оқып, намаз оқу мен ораза тұтуға көмектесе гөр. Уа, Алла! Рамазан айы үшін бізге денсаулық бере гөр, Рамазан айында күнәларымызды кешіре гөр»,- дейтін. Содан соң халыққа: «Уа, мұсылман жамағат! Рамазан айы келіп, шайтан шынжырланады, аспан мен жәаннаттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады. Түн сайын: «Дұға жасаушылар бар ма? Кешірім сұраушылар бар ма?»- деген дауыс естіледі. Шаууал айы туған кезде мүміндерге «Ертең сыйларыңды алу үшін жиналыңдар, ертең – сый алатын күн»- деп айтылады. Сондай-ақ, келесі бір рауаятта: «Расында, ұлы Алла періштелерін ораза тұтушылар үшін Рамазан айының соңына дейін күн сайын кешірім сұрауға міндеттейді. Бұл періштелер ауызашар кезінде: «Шамалы аштықты сезгендер үшін шүйінші: жуырда тоясыңдар, мүбәрәк болып, мүбәрәк жасаңдар. Аллаға құлшылық етушілер үшін шүйінші! Алла күнәларыңды кешіріп, тәубелерің қабыл болады. Келешекте қандай болатындарыңа көңіл бөліңдер»,- деп айтады.

Қасиетті Рамазан айындағы ораза тұтушылардың ие болатын сыйларының бірі илаһи ризалыққа ие болу болып табылады. Таңда сәресінен күн батқанға дейін тек Алланың ризалығы туралы ойлайтын, күннің ыстығында ішіп-жеуден тартынып, тілін өсектен, жүрегін шайтандық істерден алыстататын және рақым мен кешірім айында ешбір адам мен ешбір хайуанды қорламайтын, жүрегі тек Алланы ойлайтын адам үйінің кілтін Жаратушыдан басқа ешкімге тапсырмайды. Қасиетті Рамазан айында илаһи сыйға ие болғанымызды қалай түсінеміз? Имам Хомейни бұл туралы: «Егер қасиетті Рамазан айынан кейін өзі бойыңыздан өзгеріс сезсеңіз, илаһи қонақта болып, пайдасын көргеніңіз. Егер еш өзгерісті байқамасаңыз, одан үлессіз қалғаныңыз»,- деген. Шынайы тәубеміздің әсері амалдарымыздан артығырақ байқалған сайын күнә жасау ықтималымыз азайып, Жаратушыға құлшылық ету жігеріміз артып, рухани тұрғыдан алға ілгерілеген боламыз. Бұл қасиетті айда тақуа болып, Аллаға жақындаған ораза тұтушы қандай бақытты. Олар илаһи сыйға ие  болып, жаннат олардың мәңгілік орны болады.

 

 

 

Тегтер