Имам Хомейнидың мектебінде 4
Қоғамдық әділеттің тұрғыларының бірі - саяси әділдік. Саяси әділдік билік пен саясат және халықтың қатысуына байланысты.
Ислам революциясы негізін қалаушы имам Хомейнидің экономикалық әділетке деген көзқарасы өнім шығару және оны тарату әділетіліктері санаттарымен шектелмеді. Бұл кісінің көзқарасы бойынша, экономикалық әділет қоғамда оның барлық азаматтары үшін тең экономикалық мұрсаттар қалыптасқан және қоғамның барлық адамдары үшін беделді өмір сүретін қажеттіліктер қамтамасыз етілген кезде орнатылады. Имам Хомейнидің ой-пікірі бойынша, мақрұмдар мен мұқтаждардың тұрмысы туралы ойлап, оларға көмектесу қоғамдық әділдікке жету үшін қажет фактор болып табылады. Сондықтан имам Хомейнидің көзқарастарына сүйенген ИИР Конституциясында әділет орнату исламдық жүйенің мақсаттарының бірі ретінде көрсетілді.
Қоғамдық әділеттің тұрғыларының бірі - саяси әділдік. Саяси әділдік билік пен саясат және халықтың қатысуына байланысты. Бұл тақырыптың халықтың тағдыры үшін маңызды болуына көңіл бөліп, саяси әділеттік қоғамдық әділеттің басқа тұрғыларына жетуге маңызды рөл атқаратыны туралы айтуға болады. Барлық азаматтардың қатысу үшін тең мүмкіндіктерге ие болуы, азаматтардың құқыларының сақталуы, ешбір адамның саяси көзқарастары, діні мен мазхабы, тілі мен ұлтының айырмашылығына байланысты саяси белсенділік құқығынан айырылмауы, барлық азаматтардың Конституцияға сай азаматтық немесе саяси ұйымдар құру және олардың жұмыстарына қатысу құқыларға ие болуы, сондай-ақ барлық азаматтардың заңның алдында бірдей болулары саяси әділдіктің ең маңызды факторлары болып табылады. Имам Хомейнидің саяси әділдікке қатысты көзқарасы үш факторға сүйенеді: барлық азаматтардың саяси белсенділік құқығын ресми қабыл ету, басшылардың жұмыстарын бақылауға алу құқығы және партиялар мен саяси, азаматтық және қоғамдық топтардың құрылуы.
Имам Хомейнидің саяси көзқарасының негізгі тақырыбы велаят факих (діни басқару) идеясына сүйенген исламдық үкімет құру. Имам Хомейни діни адамның саяси билігін илаһи қалау деп білгенімен бұл билікті қоғамның көпшілігі қабылдауысыз мүмкін емес деп санады. Бұл кісі патшалық жүйедегі басшыны сайлау әдісті сынап, яғни биліктің әкеден балаға қалу механизмін билікқұмарлықтың факторы деп атап, барлық адамдардың басшыны сайлауға қажеттілігін қуаттады. Осыған орай халықтың елдің барлық мәселелеріне қатысуына жағдай тудыруды Ислам революциясының ең маңызды мақсаттарының бірі деп белгіледі. Сондықтан Ислам революциясының идеологиялық негіздерінше, барлық адамдардың әділ қатысуы саяси әділеттің көріністерінің бірі. ИИР Конституциясының үшінші негізінің 8-ші бабында үкіметтің міндеттерінің бірі халықтың өзінің саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени тағдырын белгілеуіне қатысуына жағдай жасау туралы жазылды.
Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, саяси әділеттіліктің маңызды тұрғыларының бірі діни азсандылардың саяси құқыларды пайдалануы болып табылады. Бұл тақырыптың маңызы имам Хомейнидің діни басшы әрі әйгілі діни ғұлама екенін және оның құрған үкіметінің Ислам дінінің негіздеріне сүйенген үкімет екенін есімізге алған кезде ерекше байқалады. Имам Хомейнидің идеологиялық және саяси жүйесінде исламдық үкіметте басқа діндер жақтастары басқа азаматтары сынды толық құқылар және құрметке ие. Имам басынан бастап, Ислам республикасының - халық жүйесі, сондай-ақ діни аз санды топтардың басқалар сынды елдің істеріне қатысуға ерік екенін қуаттады. Сондықтан ИИР Конституциясында діни азсандылардың саяси және саяси, сондай-ақ қоғамдық азаттықтары туралы баяндады.
Имам Хомейнидің көзқарасындағы саяси әділеттіліктің келесі факторы жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан жирендіру негіздерінше халықтың басшылардың жұмыстарын бақылау және оны сынау құқығы саналады. Имамның көзқарастары бойынша, басшылардың жұмыстарын бақылау халықтың бір жағынан құқығы, басқа жақтан міндеті. Тіпті мемлекеттің бірінші адамы діни басшыны да бақылауға болады. Бұл жүйеде заңның алдында барша бірдей жауапты және ешкімнің өзінің заңды және саяси орның заңнан жоғары пайдалану құқығы жоқ. Имам Хомейни сан рет өз сөздерінде исламдық жүйеде барлық басшылар өз жұмыстарына жауапты және азаматтар тіпті дни басшының жұмыстарына бақылау жүргізе алатынын қуаттады. Имам Хомейни мұсылмандар басшысы сынау туралы: «Әр адам мұсылмандар басшысын жауапқа тартып, оны сынай алады. діни басшы қанағаттандыратындай жауаб беруге міндетті. Егер жауабын бере алмай, исламдық міндетіне қайшы амал еткен болса, басшы лауазымынан босатылады»,- деді. («Сахифе нур» 2 т, 409-ші бет).
Барлық адамдардың саяси партиялар мен азаматтық және қоғамдық топтар құру және наразылық білдіретін жиындар өткізу құқылары қоғамдағы саяси әділеттіліктің келесі тұрғыларының бірі. Имам Хомейни аталмыш партиялар мен топтардың құрылуы үшін олардың ұлттық мүдделерге сай болуларын қуаттап: «Халықтың тарапынан құрылатын әр партия мен өткізетін әр наразылық ұлттық мүдделерді қатерге тіремейтін жағдайда – азат, Ислам олардың барлық шектері мен шекараларын белгіледі»,- деген. («Сахифе нур» 4 т, 266-шы бет). Имам партиялар мен топтардың діни және саяси наным-сенімдерінің түрлілігіне шектеу қоймай, олар бейбітшіл болып, қарулы әрекет мен зорлық-зомбылықтан ада болса, сондай-ақ бөгделерге тәуелді болып, ұлттық бірлік пен біртұтастықты әлсіретпесе, оларды құруды рұқсат деп санады. Бұл көзқарас ИИР Конституциясының 26-27-ші негіздерінде көрсетілді. 26-шы негізде: «Саяси және қоғамдық партиялар мен ұйымдар, исламдық немесе діни азсандылары қауымдастықтар тәуелсіздік пен азаттық негіздері, ұлттық бірлік пен исламдық ережелері және Ислам республикасының негізін бұзбаған жағдайда азат саналады. Ешбір адамға оларға қатысуға тыйым салуға немесе мәжбүрлеуге болмайды»,- деп айтылды. Сондай-ақ, 27-ші негізде: «Исламдық негіздерге қайшы келетін қару-жарақ тасымалдау болмаса, шеруге шығу – азат»,- деп жазылды. Имам Хомейнидің саяси әділет туралы наным-сенімі мен оның Ислам республикасының Конституциясында қалыптасуына байланысты осы кезде Құдайға шүкір, бүкіл халқы өз құқыларынан пайдаланып, сайлауға және елдің шешім қабылдауына қатысу және басшылардың жұмысына бақылау жүргізу құқыға ие болуда. Қорыта айтқанда ИИР өткен қырық жылда имам Хомейнидің ақыл-кеңестерінен пайдаланып, қоғамда саяси әділет орнатуға талпынды.