Қыр 15, 2019 21:08 Asia/Almaty

Сот әділеттілігі дегеніміз, қоғамдағы жағдайдың сот билігіне келген адамдарға өз құқығына қол жеткізу үшін қолайлы болуын білдіреді. Басқаша айтқанда адамдар өз құқыларына сот билігі арқылы жете алатын болады.

 

Сот билігі адамдарға қайшылықтарын дау-дамай арқылы шешуге рұқсат етпеуге тиесілі. Имам Хомейни соттарда шариғаттың сақталу қажеттілігін қуаттап, әрқашан сот әділеттілігін сақтап, кемсітушілік пен талан-таражға жол бермеуді насихаттады. Бұл кісі сот органдарында жұмыс жасайтын кейбіреулердің басқаларды оңай түрде жезөкшелікпен айыптауларына реакция білдіріп: «Шешімді былай қабылдамаңдар. Шариғатқа сай шешім қабылдаңдар. Революция деп, қалауымыз бойынша дүре соғу, қамау, өлім жазасымен жазалау шешім қабылдай алмаймыз. Өйткені мұсылманның абыройына кір келтіруге болмайды»,- деген болатын.

Имам Хомейнидің сот әділеттілігі туралы ой-пікірі халық, ел азаматтары, тіпті айыпталғандар мен қылмыскерлердің құқыларын бұзбауды қарастырады. Мәселен, Ислам революциясынан кейінгі алғашқы жылдарда әлемнің басқа революциялары ағымдарындай революцияшыл күштер бұрынғы режимге тәуелділерді қудалап, жазалады.  Бірақ имам бұл артық кетушіліктеріне реакция білдіріп, исламдық әділ заңдарға қайшы үдерістің жалғасуының алдын алып: «Соттар толық исламдық болулары қажет»,- деді. Имам Хомейни ерекше назар аудартқан келесі мәселе адамдар құқыларын құрметтеу болды. Мәселен, имам Хомейни кейбір адамдар мен органдардың революцияшыл сезімдеріне сүйеніп, кейбір азаматтардың құқыларын бұзғандары туралы естіген соң хиджри-шамсы күнтізбесінің 1361 жылдың азар айында азаматтар құқыларын сақтауға байланысты сегіз баптық бұйырық шығарды. Имамның бұл бұйырығы  революцияшыл күштерге сот шешімісіз ешбір адамды қамамауды, олардың мүліктерін тартып алу және үйлері мен дүкендері немесе басқа жұмыс орындарына басып кіруге тыйым салды. Сондай-ақ жүйеге қарсы қастықты анықтаудан басқа жағдайда адамдар телефондарын  тың тыңдауға рұқсат етпейді. Имам әділеттілік пен сот қауіпсіздігін, азаматтар құқығын қуаттап, оларға немқұрайдылық танытпауда насиххаттады. Бұл маңызды бұйрықты орындау үшін Иранда арнайы орган құрылды.

Имам Хомейни сондай-ақ бір ай кейін, яғни 1361 жылдың дей айындағы жаңа бұйрығында елдің түкпір-түкпіріндегі тексеріс жүргізетін органдар  таратылды. Өйткені имамға бұл органдардың  адамның  жеке өміріне араласып, азаматтардың қауіпсіздігіне шектеу қоюлары туралы мәліметтер жетті. Имам үнемі бұл бұйрықтарының іске асырылу сапасын қадағалап, қажет жағдайда басшыларға ескертуін жасайтын.  Имам Хомейни сот билігі мен басқа атқарушы органдарға заңдарды исламдық негіздерге сай ету және адамның жеке өміріне араласпау мен азаматтардың азаттығы, қауіпсіздігі және сот әділеттілігі қуаттады.

Имам Хомейни сот әділеттілігі тақырыбына байланысты көзқарасында абақтыдағылардың құқылары мен сот басшыларының олармен дұрыс қатынас жасауына ерекше назар аудартты. Бұл кісі абақты басшыларына қамауға түскендердің құқыларын сақтаумен бірге оларға адамгершілік пен исламдық негіздерге сай қатынас орнатып, азап-қорлықтан тартынып, абақтыны қамауға түскендерге исламдық тәрбие жүргізетін жерге айналдыруды насихаттады. Имам Хомейнидің ойындағы сот әділдігінің келесі факторы сот шешімін қайта қарастыру мүмкіндік болып табылады.