Жел 11, 2019 17:42 Asia/Almaty

Бүгінгі бағдарламада имам Хомейнидің Ислам республикасы жүйесіндегі саяси партиялар мен топтардың азаттығы жөніндегі пікіріне тоқталамыз.

 

Діни аз санды топтардың құқықтары мен олардың діни, саяси және қоғамдық белсенділігін құрметтеу, Ислам республикасы жүйесіндегі әйелдер белсенділігінің азаттығын ресми тану, саяси наразылықтардың азаттығы, университеттер мен студенттердің, әсіресе студенттік ұйымдардың белсенділігі ИИР жүйесіндегі азаттықтың ең маңызды көрсеткіштері. Имам Хомейнидің бұл ұсыныстары Иран Конституциясында ресми бекітілді. Ел азаматтарының саяси және қоғамдық азаттығының келесі ең маңызды факторы – саяси партиялар мен топтар құру азаттығы.

 

 

Әлемнің саяси әдебиетінде саяси партиялар мен топтар демократияның тістегеріші деп аталады. Басқаша айтқанда, демократияның дөңгелегі саяси партиялардың көмегімен қозғалып, саяси қатынастарды демократиялық негіздерге сай реттейді. Саяси сарапшылардың көбінің пікірі бойынша, саяси және азаматтық партиялар мен ұйымдар демократиялық жүйелердің ең маңызды факторларының бірі. Мұндай жүйелерде партиялар халықтың сұраныстарын билікке жеткізетін құрал. Өткен екі ғасырдағы демократиялық жүйелердегі саяси партиялар мен топтар қоғамдық күштерді ұйымдастыратын механизм болды. Саяси партиялар мен топтардың ең маңызды жұмыстарының бірі популистік саясаттың алдын алып, саяси күштерді ұлттық жауапкершілікті қабылдауға тәрбиелеу болып табылады. Саяси партиялар мен саяси топтардың ортақ ерекшеліктеріне бейбіт және заңды жолдармен билікке ие болып, елді дамыту бағдарламалары арқылы оны сақтап қалу жатады. Кейбір мемлекеттерде билік жүйесінің кемшіліктері немесе саяси мәдениеттің осалдығынан саяси партиялар арнайы жұмыстарынан алыстайды. Ирандағы саяси партиялар мен ұйымдардың өркендегеніне ғасырдан астам уақыт болды. Шын мәнінде,   революция билік басындағы үстемдікті жеңісімен Иранда саяси даму процесі басталды. Оның нәтижелерінің бірі саяси партиялардың құрылуы болды. Иранда саяси партиялардың ұзақ тарихы болғанымен Ислам революциясына дейін саяси партиялар мен ұйымдардың саяси жүйедегі жағдайы жақсы болған жоқ. Саяси жүйелердегі авторитаризм, үкіметтің саяси биліктің бөлінуіне қарсы тұруы, оппозиция, азаматтық саяси қатысу  тәжірибесінің аз болуы, конституциялық және мемлекеттік партиялардың құрылуы революцияның жеңіске жетуіне дейінгі кезеңдегі Ирандағы саяси партиялардың тиімсіздігінің маңызды факторлары болды. Революцияға дейінгі Ирандағы саяси партиялардың жағдайы елдің ішкі жағдайына, әсіресе адамдар мен саяси топтардың саяси еркіндігінің деңгейіне, сондай-ақ елдің тәуелсіздігі бөгделердің араласу деңгейіне байланысты болды.  

Иран Ислам революциясы Иранның қоғамдық-саяси дамуы мен саяси партиялар мен ұйымдардың жағдайына өзгеріс әкелген маңызды оқиға саналады. Имам Хомейни авторитаризмге қарсы халықтың революциялық көтерілістңнің жетекшісі ретінде әрдайым елдің  дамуы үшін еркін саяси партиялар мен ұйымдардың болуы қажеттігін қуаттап, революцияға дейінгі авторитарлық кезеңдегі олардың қысымда болған жағдайды сынады. Имам патшалық билік кезінде құрылған партиялар мен үкіметтің болмысын әшкерелеп, отаршылардың оларды халықтың арасына жік салу үшін пайдалануға талпынғанын көрсетті. Имам Хомейни авторитарлық билік кезіндегі демократияның карикатуралық көрінісін сынап, халықтың әртүрлі топтарын  шаһтың  бұйрығымен құрылған партиялармен, әсіресе «Растахиз» партиясымен ынтымақтастық жасамауға шақырды. Бұл  партия Мұхаммад Реза шаһ үкіметінің соңғы жылдары демократияны көрсету үшін құрылған партиялардың бірі болып, шаһ халықты оған мүше болып кіруге бұйырды, әйтпесе елден жер аударылумен қорқытты. Ислам революциясының жеңісімен саяси партиялар мен топтардың, тіпті  исламдық идеологияға мүлдем қарсы партиялардың белсенділігі үшін кеңістік ашылды. Имам Хомейни үкіметті басқарған кезде саяси партиялардың белсенділігін мақұлдады. Имам Хомейни саяси партиялар мен ұйымдар жөніндегі Ислам республикасы жүйесінің ұстанымын түсіндіріп, Ислам революциясының жеңісінен кейінгі алғашқы жылдардағы саяси партиялардың рөлі мен азаттығын әлемнің басқа революцияларымен салыстырып: «Ешбір революция Иран революциясындай жеңіске жете салысымен бүкіл партиялар мен топтарының белсенділігі үшін жол ашқан жоқ»,- деді. (1362/5/30). Имам Хомейни 1963 жылғы Иранның исламдық қозғалысының басталу күндерінен бастап шаһ режимін саяси партиялардың жағдайына байланысты сынады. Ол үкіметтердің саяси партиялардың құрылуындағы рөлін сынап: «Үкіметтер келеді, кетеді. Билік басына келген әр үкімет саяси партиясын құрады. Иранда партияның мағынасы жоқ. Күш көрсететін партияның мағынасы жоқ. Халықтарды ауылдардан шығарып, есімдерін партияға тіркейді. Бұл адамдар тіпті партияның не екенін және партияның Жарғысы туралы еш нәрсе білмейді. Олар тек халықты жинайды. Партиясы бар мемлекеттерде әуелі үкімет құрылып, содан соң партия құрылмайды, үкіметтер партиядан шығады». (1343/6/18).

Имам Хомейни Ирандағы саяси партиялардың еліктеу әдісімен құрылуын сынап, дамыған елдердегі саяси партиялардың Ирандағы партиялардың белсенділігінен айырмашылығын халық пен елдің мүдделеріне көңіл бөлу деп атап: «Басқа елдерде саяси партиялар бар, бірақ олар   басқаша құрылған. Олар еліне зиян келтіретін әрекет жасамайды». (58/10/9) деді. Имам Ирандағы саяси партиялардың жағдайына тоқталып, Батыс   партияларының өз елдерінде бірлік пен тұрақтылық қалыптастыру мен ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуде рөл атқаратынын, сондай-ақ сырттан енгізілуі мен бөгделерге тәуелділігін Ирандағы саяси партиялардың екі шынайы мәселесі ретінде атады.

«Иранда партиялар құрылғаннан бері олардың арасында күрес жүрді. Өйткені шетелдіктер  халықтың аарсындағы қайшылықтарды пайдаланғысы келді. Бірлікке емес, қайшылықтарға себеп болатын жолдардың бірі саяси партиялар болды. Демократтар партиясы, «Туде» партиясы сынды партиялар құрылып, бұл партиялар күндерін бір-бірімен жауласып өткізді». (57/10/3).

 Келесі бір сөзінде дамыған елдердегі партиялардың ұлттық мүдделерге табандылықтарына назар аудартып: «Еш уақытта АҚШ-тың екі партиясы елінің мүддесіне қайшы амал етпейді. Президенттік сайлаудан кейін жеңіске жеткен партияны құттықтап, бірлігікпен елді дамытуға үлес қосады. Біздің елде партиялар бір-бірімен күресіп, елдің мүдделеріне қайшы әрекет етеді»,- деді. (59/10/15).

Имам Хомейни өз сөзінде сан рет исламдық қозғалыс жылдары мен Ислам республикасы жүйесінің орнатылуы кеезңінде журналистерге берген жауаптарында азат партиялардың болуы қажеттігін мойындап, Ислам республикасы жүйесінде саяси патриялардың белсенділігін ұлттық мүддені қорғау деп атап: «Ұйымдар мен партиялар халықтың мүдделеріне қатер тудырамаса, азат. Ислам барлық тұрғыдағы шек пен шекараны белгіледі. (58/8/7)» деді. Ол партияның ұлттық бірлікті әлсірететін белсенділігін ойын партиясы деп атап, баршадан бұл әрекеттерден тартынуды талап етіп: «Бірлікті сақтаңдар. Ойын партиясын қойыңдар. Сендерге соққы беретінін Алла біледі»,- деді. (57/11/1).

 

 

Тегтер