Қаз 21, 2020 18:06 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (22)

Қоғамдардың өмір сүруі мен дамуы көбіне сыртқы саясаттың түріне және басқа елдермен өзара әрекеттесуіне байланысты.

 

Қоғамдардың өмір сүруі мен дамуы  көбіне сыртқы саясаттың түріне және басқа елдермен өзара әрекеттесуіне байланысты. Сондықтан    мемлекеттің сыртқы саясаты елдің саяси өмірінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Иранда Ислам революциясының жеңісімен саяси және әлеуметтік салаларда, әсіресе сыртқы саясат саласында маңызды өзгеріс орын алды және революцияға дейінгі режиммен салыстырғанда Ислам Республикасының халықаралық өзара іс-қимылының принциптері мен әдістері қатты өзгерді. Имам Хомейнидің шешуші рөлі мен көзқарастарының Ислам Республикасындағы сыртқы саясаттың негіздерін қалыптастырудағы әсерін ескере отырып, имамның  сыртқы қатынастар саласындағы ойларының негізгі бағыттарымен таныстыруға талпынамыз.  

Имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы ойлауының маңызды және басты қағидаларының бірі -   кез-келген үстемдік пен зорлық-зомбылықтан толық бас тарту. Имам Ислам дінінің іліміне сүйене отырып, халықаралық саясатта елдің және ұлттың абыройы мен құрметін сақтау және арттыру үшін сыртқы саясатта үстемдікке негізделген қатынастардан аулақ болу керек деп есептеді. Имам Хомейни бұл салада: «Ислам халқы «үстемдікті қабылдамаймыз және үстемдік жасамаймыз» деп ұранданатын мектептің ізбасарлары»,- деді. Имам сондай-ақ келесі бір сөзінде: «Маңызды мәселелердің бірі – мұсылмандардың кәпірлердің билігіне түспеуі. Алла Тағала ешбір кәпірге мұсылмандарды билеп-төстеуге рұқсат етпейді және мұсылмандар кәпірдің билігін қабылдамауы керек»,- деп мәлімдеді. Имам Хомейнидің бұл тәсілі илаһи кітап пен ислам дәстүріне негізделген. «Ниса» сүресінің 141-ші аятында: «Енді Алла араларыңа қиямет күні үкім қылады, сондай-ақ Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды»,- деп айтылды. Бұл аят бойынша, кәпірлерге мүміндерді билеп-төстеуге тыйым салынды. Имам Хомейнидің осы діни көзқарасы бойынша, ИИР-ның Конституциясының 152-бабында Иранның сыртқы саясатының кез-келген гегемониядан бас тартуға және үстемдік құрушы күштерге қосылмауға негізделгені айтылды. Сондай-ақ, Конституцияның 2-бабының в-тармағында кез келген озбырлық пен үстемдік жоққа шығарылған. Сонымен қатар, 153-бапқа сәйкес, елдің табиғи және экономикалық ресурстарына, мәдениетіне, армиясына және басқа да істеріне шетелдіктердің үстемдігін тудыратын кез-келген келісімшарт жасауға тыйым салынады. Имам Хомейнидің сыртқы саясаттағы көзқарасы үстемдік жасау мен үстемдікті қабылдауды теріске шығарумен шектелмейді. Ислам революциясының іргетасын қалаушысының көзқарасы бойынша исламдық емес елдер арасындағы қатынастар үстемдік жасау мен үстемдікті қабылдауды теріске шығарумен шектелмейді. Басқаша айтқанда, үкімет исламдық емес елдермен ынтымақтастық орнатып, келісімдер жасасуға, кез-келген үстемдікке, ықпал ету мен мұсылмандарға үстемдік етуге тосқауыл қоюға ғана емес, сонымен бірге ол тәкаппарлықпен күресіп, үстемдік пен зұлымдық жүйесіне, сондай-ақ әлемді басқаратын әділетсіздікке қарсы тұруға міндетті. Имам Хомейни бұл салада: «Біздің міндетіміз - зұлымдыққа қарсы тұру», - деді.  Ирандық мәдениеттегі  әділетті талап ету мен зорлық-зомбылықты қабылдамау маңызды орынға ие. Көптеген аяттар мен  рауаяттарда әділет орнату және зорлық-зомбылықтан алыстау туралы айтылды. «Хадид» сүресінің 25-ші аятында ресалят пен набаваттың маңызды мақсаттарының бірі адамзат әлемінде әділет орнату және оны кеңейту туралы айтылды: «..Адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік». Имам Хомейнидің пікірінше, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және әділеттілік   орнату тек ішкі мәселе емес,  ғаламдық және халықаралық мәселе болып табылады.

Имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы тағы бір негізі  - езілген халықтар мен азаттық талап ететін қозғалыстарға қолдау көрсету. Имам Хомейни: «Біз езілгендерді қолдаймыз, кез келген жердегі  зорлық-зомбылық көргендерді қолдаймыз», сондай-ақ басқа бір сөзінде: «Біз әлемдегі езілген халықтарды қолдаймыз, өйткені Ислам әлсіздердің қолдаушысы»,- деген болатын. «Ниса» сүресінің 75-ші аятында: «Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар»,- деп айтылды.

Имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы тағы бір ұстанымы - мұсылмандарды қорғау. Имам Хомейнидің көзқарасынша,  үстемдікке қарсы күрес және керісінше езілгендердің күрестерін қолдау, сондай-ақ мұсылмандар мен олардың құқыларын қорғау исламдық жүйенің міндеттерінен болып табылады. Имам Хомейни: «Біз барша мұсылмандармен бауырлармыз және исламдық негіздердің бірі – мұсылмандар бір-біріне көмектесулері керек»,- деді. Имам тағы бір сөзінде: «ИИР бірлікті сақтау және исламдық елдер мен халықтардың мүдделеріне қолдау көрсету негізінше олардың басына қиындық түскен кезде, оларға көмектеседі»,- деп айтты. Ислам ресволюциясы көсемінің мұсылмандары қолдау қажет деген көзқарасы Құран аяттары, Пайғамбар (с.ғ.с.) мен пәк имамдар (ғ.с.) жолынан тамырланды. Мәселен, «Хужурат» сүресінің 10-шы аятында: «Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер»,- деп айтылды. Исламның ұлық пайғамбары: «Түнді өткізіп, мұсылмандардың істерімен айналыспайтын адам мұсылман емес. Мұсылманның көмекке шақырған дауысын естіп, оған жауап қайтармаған адам мұсылман емес»,- деген. Сондай-ақ имам Садық (ғ.с.): «Мүмін - мүміннің бауыры. Олар бір дененің ағзалары сынды, бірі ауырған кезде, басқалары оны сезеді»,- деп айтты. ИИР-ның Конституциясында «мұсылмандар алдындағы бауырластық міндеттеме» және «әлемдегі барлық мұсылмандардың құқықтарын қорғауға міндеттеме» сияқты терминдер үкіметтің  міндеттері ретінде көрсетілген.

Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша мұсылмандарды қолдау және қорғау үш деңгейде жүзеге асырылады. Біріншіден, ислам үмбеті мен ислам әлемі деңгейінде исламдық азаттық талап ететін қозғалыстарды қолдау түрінде, мысалы, сионистік режимге қарсы Ливан Хезболласының қозғалысын қолдау. Екіншіден,  кәпірлермен күресіп жатқан мұсылмандарды қолдау және қорғау, мысалы Палестина халқының исламдық жиһад қозғалысын өз елінде қорғау. Үшіншіден,  Еуропа мен Америка елдеріндегі аз санды мұсылмандарды қорғау. Имам Хомейнидің көзқарасындағы сыртқы саясаттың принциптері ұлттық және ішкі мүдделер деңгейінен шығып, адами және діни өлшемдерді қабылдады. Басқаша айтқанда, билік халықаралық қатынастардың басты критерийі болып табылатын және барлық елдер өздерінің мүдделерін көздейтін әлемде имам Хомейни халықаралық қатынастарға гуманистік және моральдық көзқарас ұсынды және оларға ахлақ пен адамгершілік факторларға назар аудартты.

 

 

 

 

 

 

Тегтер